Автор: admin
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевтың Жамбыл облысындағы жұмыс сапары Байзақ ауданында жалғасты. Сенат Төрағасы аймақ басшысы Нұржан Нұржігітовпен бірге «Алел-Агро» АҚ-да болып, «Жамбыл облысында етті құс шаруашылығын дамыту» инвестициялық жобасымен танысты. Жобада құс фабрикасы, жем зауыты және ет комбинатының құрылысы қамтылған. Кәсіпорын ішкі нарықты сапалы өніммен қамтамасыз ету, сондай-ақ экспорттық әлеуетті арттыру мүмкіндіктерін ескере отырып, жылына 25 мың тонна тауық етін өндіру үшін келісімшарттық шаруашылықты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Осы орайда Жамбыл облысында құс өсірушілердің келісімшарттық шаруашылықтарының қауымдастығын құру көзделуде. Сондай-ақ, Сенат төрағасына ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасының барысы туралы баяндалды. Ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылығы бизнесіне барынша тартуға бағытталған…
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Талас ауданындағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Мәулен Әшімбаев алдымен Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге аудандағы «Talas Investment Company» ЖШС натрий цианидін шығаратын зауытқа барды. Кәсіпорын 15 мың тоннаға дейін натрий өндіруге қауқарлы, оның 5 мың тоннасы экспортқа шығарылады. Жұмысшылар саны 552 адамды құрайды. Компания өндірісті 30 мың тонна натрий цианидіне дейін арттыру бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асыруда. Жобаның екінші кезеңін жүзеге асыра отырып 300 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Осылайша кәсіпорын натрий цианидімен ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етіп, экспортты 10 мың тоннаға дейін арттырмақ. Жаңа…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды қолдау және жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Айта кетейік, аймақ басшысының бастамасымен қолға алынған инвестициялық штабтың әр апта сайынғы отырыстарында инвесторлардың өз жобасын ұсынуы, оларға қажетті көмек, қолдау көрсету шаралары жолға қойылған. Бүгінгі таңда штабтың 23 отырысы өтіп, оларда жалпы құны 1,6 трлн теңгеден асатын 66 инвестициялық жоба қаралған. Инвестициялық штаб жаңа жобаларды ғана емес, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардағы өндіріс көлемін арттыру бойынша ұсыныстарды да назарға алады. Инвестициялық штаб қызметінің арқасында 2022 жылы өңдеу өнеркәсібіне 63 миллиард теңге инвестиция тартылды. Басқосу барысында облыс әкімі жүзеге асып жатқан әрбір жобаның жан-жақты…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте бірқатар мәселелер қаралды. Аймақ басшысы алдымен қатты дауылдың салдарын қайта қалпына келтіру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысын сұрап, сапалы әрі жедел орындалу керектігін баса айтты. Талас және Сарысу аудандарының әкімдері жөндеу, реттеу шаралары бойынша қысқаша есеп берді. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз баяндамасында ағымдағы жылыту маусымының өту барысы туралы жан-жақты тоқталды. Айта кетейік, ағымдағы жылыту маусымы өткен жылдың 10 қазанынан басталып, бүгінгі күнге дейін 91 тәулігі өткен. Жылыту маусымының аяқталуына шамамен 80 тәулік қалып отыр. Басқарма басшысының айтуынша, облыс бойынша 9…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің жұмыс сапары Талас ауданында жалғасты. Аймақ басшысы аудандағы қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты. Облыс әкімі алдымен аудандағы Есейхан және Қасқабұлақ, Қараой ауылдары аралығындағы үзілген электр желілері мен құлаған бағаналарды көріп шықты. Осының салдарынан аталған ауылдар алғашқыда жарықсыз қалған. Аймақ басшысының тапсырмасымен бүгін Есейхан мен Қараой елді мекендері электр қуатымен қайта қамтылса, Қасқабұлақ ауылына арнайы генератор арқылы жарық берілуде. Ал, қалпына келтіру жұмыстары, бағаналар мен желілерді реттеу бойынша Нұржан Нұржігітов жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді. Бұдан соң облыс әкімі «TalasInvestCompany» ЖШС-ның жұмысымен танысып, Қаратау қаласындағы «Игілік» қазандығына ат басын бұрды. Штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқан қазандық…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Сарысу ауданына барып қарлы боран және қатты дауылдан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. Аймақ басшысының аудандағы жұмыс сапары «Көкбұлақ» сумен қамту қоймасында электр желілерінің жөндеу жұмыстарымен танысудан басталды. Су қоймасының негізгі қызметі — «Жаңатас-Су-Жылу» кәсіпорнын сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету. Осыған айрықша назар аудартқан облыс әкімі желілерді реттеу жұмыстарын жедел әрі сапалы орындау керектігін атап өтті. Келесі кезекте аймақ басшысы Жаңатас қаласының орталық жылыту қазандығында барды. Бүгінде қазандық штаттық режимде жұмыс істеуде. Қалаға жылу берілген. Қазіргі таңда 97 көпқабатты үйлер бойынша айналымды ретке келтіру, ауа шығару шаралары орындалуда. Облыс әкімі орын алған төтенше жағдайдан…
Сарысу, Талас аудандарында табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарын қалпына келтіру бойынша қызу жұмыстар жүргізілуде. Қарлы боран мен қатты желдің салдарынан Жаңатас қаласындағы 2 көпқабатты тұрғын үй, 5 әлеуметтік, 9 спорттық нысан зақымдалған. Бұдан бөлек, жарық шамдары, электр бағаналары мен жүйелері істен шыққан болатын. Табиғи апаттан ауданға қарасты бірқатар ауылдық округтердің де көше жарық шамдары мен электр желілері, жеке тұрғын үйлердің шатыры зардап шеккен. Бүгінгі таңда Сарысуда 18 бригада, 23 техника жарықты қалпына келтіру жұмыстарына жұмылдырылған. Қазіргі кезде 25 елді мекеннің 11-де электр желілері іске қосылған десек, Жаңатас қаласы бойынша 97 көпқабатты тұрғын үйдің барлығына жарық берілді. Жаңатас қаласының орталық қазандығына…
Тараздағы «қызыл» мәртебе берілген ЖЭО-ға жаңа абоненттерді қосу мүмкін емес. Бұл туралы Сенат депутаттарының өңірге жұмыс сапары барысында айтылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Парламент Сенатының депутаттары Бекболат Орынбеков пен Абдалы Нұралиев Тараз қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарының жұмысымен танысты. Сенаторларға магистралды жылу құбырын тексеру кезінде инженерлік коммуникациялардың жай-күйі туралы ақпарат берілді. Парламент Сенатының барлық депутаттары қазір проблемалық нысандармен танысуға, сондай-ақ тұрғындарды алаңдатып отырған мәселелерді шешуге көмектесу үшін өңірлерді аралап жүр. Таразда апатты деп танылған негізгі нысандар – М-1 және М-3 жылу құбырлары. Оларды жөндеудің жалпы құны – 14-16 миллиард теңге.…
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Жайықбай Шалдаровтың айтуынша, 2022 жылы басқарма 89 миллиард теңгеге 329 лот өткізген. Нәтижесінде 3,2 миллиард теңге үнемделген. 2023 жылға арналған бекітілген даму бюджетіне сәйкес 78,6 млрд. теңгеге 394 лот өткізу жоспарлануда. Бүгінгі таңда ұйымдастыру жұмыстары мемлекеттік сатып алу басқармасына жүктелген 115 лоттың 93-і бойынша тапсырыс берушілерден өтінімдер келіп түсіп, конкурстар жарияланған. Баяндамашы мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтарды дер кезінде жою және алдын алу мақсатында бақылау жүргізіліп жатқанын атап өтті. Аймақ басшысы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімдерінің, басқарма басшыларының жауаптарын тыңдады. Облыс әкімі…
Сарысу ауданында төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмыстар қызу атқарылуда. Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов ауданға жұмыс сапарымен барып, жауаптыларға ең алдымен Жаңатас қаласына электр энергиясын және жылу беру мәселесін жедел шешуді тапсырған болатын. Соған сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде бұған дейін қалаға электр энергиясы берілген десек, енді жылумен қамту шаралары жүзеге аса бастады. Қазіргі таңда «ЖаңатаСуЖылу» МКК жылумен жабдықтау жүйелеріне су толтыру, жеке генераторларының қуаты айналым-сорғыларының қызметін қалыпқа келтіру жұмыстары қызу жалғасуда. Осыған орай қалаға жылу беру кезең-кезеңімен іске асып, бір тәулікте толығымен жылуға қосылады деп жоспарлануда. Еске сала кетейік, бұған дейін орын алған қатты дауыл салдарынан Жаңатас қаласындағы электр бағаналары…