Close Menu
    Оқылып жатыр

    Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

    16.04.2026

    Жаңа партиялар пайда болса, бәсекелестік болады — Мәулен Әшімбаев

    16.04.2026

    Мемлекет жыл сайын футболға 30 млрд теңге бөледі: бұл спорт қашан өзін-өзі қаржыландырады?

    16.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 17 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

      16.04.2026

      Жаңа партиялар пайда болса, бәсекелестік болады — Мәулен Әшімбаев

      16.04.2026

      Мемлекет жыл сайын футболға 30 млрд теңге бөледі: бұл спорт қашан өзін-өзі қаржыландырады?

      16.04.2026

      FlyArystan ұшағы Шымкентте ит қағып кетті

      16.04.2026

      «Ақ жол» Құрылтайдан дәмелі: Азат Перуашев өзге партиядың жұмысына күмән келтірді

      16.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Астанада марқұм Ақнәр Хамиттің анасы полицияға жеткізілді

    Астанада марқұм Ақнәр Хамиттің анасы полицияға жеткізілді

    Басты тақырып 15.01.2026
    "Алаш" коллажы
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Астанада марқұм Ақнәр Хамиттің анасы мен тағы екі жастың аналары полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Бұл туралы алғашында заңгер Инга Иманбай әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді. Оның айтуынша, қайтыс болған жастар – Сана Мерланның, Ақанова Әделдің және Ақнәр Гүлстанның аналары Президент Әкімшілігінің кеңсесі ғимаратына барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұжымдық өтініш тапсыруды көздеген.

    Өтініштің мақсаты – балаларының өліміне қатысты қылмыстық істердің объективті, тәуелсіз және толық тергелуін талап ету болған. Алайда аналар ғимаратқа кіріп үлгермей, полиция қызметкерлері тарапынан ұсталып, белгісіз бағытқа алып кетілгені хабарланды. Заңгердің сөзінше, бастапқыда олардың нақты қай полиция бөлімінде екені белгісіз болған.

    Кейінірек бұл жағдайға Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, Есіл ауданы полициясына рұқсат етілмеген жиынға байланысты үш әйел жеткізілген.

    «Азаматтармен бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібін реттейтін қолданыстағы заң талаптарын сақтау қажеттігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – деп хабарлады полиция.

    Айта кетейік, 2024 жылы 22 жастағы Ақнәр Хамит Алматы қаласындағы тұрғын үй кешенінің жетінші қабатынан құлап, көз жұмған. Бұған дейін марқұмның анасы қызының қазасына қатысты қылмыстық істі Астана қаласына беруді талап еткен болатын.

    Ақнәр Хамит астана полиция

    Оқылып жатыр

    Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

    16.04.2026

    Жаңа партиялар пайда болса, бәсекелестік болады — Мәулен Әшімбаев

    16.04.2026

    Мемлекет жыл сайын футболға 30 млрд теңге бөледі: бұл спорт қашан өзін-өзі қаржыландырады?

    16.04.2026

    FlyArystan ұшағы Шымкентте ит қағып кетті

    16.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

    16.04.2026

    Жаңа партиялар пайда болса, бәсекелестік болады — Мәулен Әшімбаев

    16.04.2026

    Мемлекет жыл сайын футболға 30 млрд теңге бөледі: бұл спорт қашан өзін-өзі қаржыландырады?

    16.04.2026

    FlyArystan ұшағы Шымкентте ит қағып кетті

    16.04.2026

    «Ақ жол» Құрылтайдан дәмелі: Азат Перуашев өзге партиядың жұмысына күмән келтірді

    16.04.2026

    Бір жылдан асқан ұшақ дауы: Ресей мен Әзербайжан келісімге келді

    16.04.2026

    Болат Назарбаев кезінде кеткен су қоймалар мемлекетке қайтарылды — депутат Базарбек

    16.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.