Автор: admin
Бүгін 33 жылдық тарихы бар «Jambyl» телеарнасы жаңа маусымын бастады. Осыған орай, телеарна ғимаратында жаңа маусымның презентациясы өтті. Ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, телеарна ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Маусымашарда телеарнаның жаңа 33 жаңалығы көрсетілді. Алғаш болып сөз алған облыс әкімінің орынбасары аймақтық телеарнаның өңіріміз үшін алар орыны ерекше екендігін атап өтіп, «Jambyl» радиосының ардагері Амангелді Нұрпейісовті «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, шеф редактор Наймбек Бағбановты облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен марапаттады. Ашылу салтанатына келген телеарна ардагерлері Қаржаубай Сыдықназар мен Асқарбек Сейілхан да облыстық арнаның бай тарихына тоқталса, ақын Ғайни Әлімбекқызы өз өлеңін оқыды. Жалпы, «Jambyl» телеарнасының аймақтағы…
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаңа Қазақстан және Шерхан Мұртаза шығармашылығындағы әділетті қоғам идеясы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ашылу салтанатында Университет ректоры Жансейіт Түймебаев Шерхан Мұртазаың отандық журналистика мен Қазақ қоғамын дамытудағы рөліне тоқталды. Алқалы жиынға Нұрлан Оразалин, Дархан Мыңбай, Жанарбек Әшімжан т.б. мемлекет және қоғам қайраткерлері, БАҚ басшылары мен өкілдері, белгілі шетелдік және отандық ғалымдар қатысты. ҚР Парламенті Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтауын Сенат төрағасының кеңесшісі Бибігүл Жексенбай оқып берді. Конференция аясында ұлттық идеология, ақпараттық қауіпсіздік, қазір белсенді қолданысқа енген жаңа медиа трендеріне қатысты…
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ардагер ұстаз, көрнекті мемлекет қайраткері Ұзақбай Құлымбетовтің қызы Орынша Қарабалина бүгін 90 жасқа толып отыр. Ол бала күнінде «Халық жауының» қызы атанып, талай қиындық көрген, өзін білімге арнап, жарты ғасырдан аса уақыт көптеген шәкірт тәрбиелеген. Ұлт анасының өмірі мен ұстаздық жолы туралы баяндауды ұйғардық. «Халық жауының қызы» Орынша Қарабалина 1932 жылы 7 қарашада Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында дүниеге келген. Жастайынан әкесінен ерте айырылған ұстаз өмір бойы «Халық жауының қызы» атанып келген. Оған таңылған осы атаудың кесірінен тұйық болып, тіпті бір кездері өзіне «мүлде күйеуге шықпаймын» деп үкім кескен кездері де болыпты. «Әкемді ұстап әкеткенде мен бес…
Елордада EcoBusinessLab жастарға арналған әлеуметтік жобаның екінші маусымы қорытындыланды. Жобаны “ITeachMe” қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Шеврон” компаниясымен серіктестікте іске асырады. Eco Business Lab республикалық жобасы Қазақстан жастарына экологиялық кәсіпкерлікті жүргізу дағдыларын игеруге жәрдемдеседі. Аралас оқытудың қысқа мерзімінде қатысушылар өз ісін қалай бастау немесе қолда бар бизнесті дамыту туралы жетекші сарапшылардан білім алды, өз идеясын іске асыру үшін грант ұтып алуға және қаржылық тұрақтылыққа бір қадам жақындауға мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылар 300-ден астам өтінім алып, Қазақстанның түрлі өңірлерінен 40 студент іріктеп алды. Бірнеше ай бойы қатысушылар кәсіпкерлікті дамыту бойынша оқудан өтті, соның ішінде офлайн лагерь, экология, кәсіпкерлік…
4-5 қараша күндері Алматы қаласында «IQ BATTLE» атауымен республикалық әскери-патриоттық интеллектуалды ойыны өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі. Екі күнге созылған интеллектуалды ойын алдын-ала онлайн іріктеу бойынша өткен республиканың түкпір-түкпірінен жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жастардың басын қосты. Ойынға Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан және өзге де облыстардың жастары қатысты. Шараға жиыны 16 команда қатысып, іріктеу, жартылай финал және финалдық кезеңдерден тұрды. Интеллектуалды сұрақтар әскери, тарихи, логикалық, ұлттық құндылықтар, ұлы тұлғалар мен атаулы оқиғаларды, сонымен қатар жастардың дүниетанымын дамытарлық кейстерді де қамтыды. «Шараға еліміздің түкпір-түкпірінен интеллектуалды білім саласының үздіктерін жинадық. Екі күнге созылған шарада интеллектуалды ойыннан бөлек арнайы бағдарламаларымыз да қарастырылды. Бұл ойын…
Тараз қалалық сотында TikTok әлеуметтік желісінде жала жапты деген айыпқа негіз болған видеоға қатысты әкімшілік іс қаралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Знамя труда» басылымына сілтеме жасап. Сотта Тараз тұрғыны TikTok-парақшасында «Көршілерім-ұрылар» деген видео жариялағаны анықталды. Облыс орталығының тұрғыны видеоның кейіпкері екенін білген. Мұны оның таныстары да білген. Ер адам сотқа ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-3-бабы 2-бөлігі (көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған жала жабу) бойынша арыз түсірді. Жәбірленуші құқықбұзушыны «жазалауды» талап етпей, соттан құқықбұзушымен татуласуға және медиациялық келісімге келуге байланысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс бойынша өндірісті тоқтатуды сұрады. Осыған байланысты құқықбұзушы әкімшілік жауапкершіліктен босатылды. Соған қарамастан…
Қазақстан ТҮРКСОЙ ынтымақтастық шеңберінде бірқатар жобаларды жүзеге асырып жатыр. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрайымыРоза Кәрібжанова ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында мәлімдеді. “ТҮРКСОЙ-мен ынтымақтастық шеңберінде 2022 жылы Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп бірқатар мәдени іс-шараларды ұйымдастырылды. Мысалы, Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы мен Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығы тойланды. 2021 жылы Ыстамбұлда өткен «Қорқыт Ата түркі әлемі» алғашқы кинофестивалі түркітілдес елдердің кинематографистері арасында байланыс орнату үшін тиімді алаң болды. Бурса қаласында өтіп жатқан екінші «Қорқыт Ата» кинофестивалінің конкурстық бағдарламасында «Ақ боз үй» көркем фильмі (режиссері Бекарыс Елубаев) және «Еуразия билеуші ханымдары» деректі…
Түркі әлемінің 2023 жылғы мәдени астанасы – Шуша қаласы. Бұл туралы ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысында Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді. «Шуша қаласының басқыншылықтан азат етілуі – түбі бір түркінің ортақ қуанышы. Сондықтан Шуша Түркі әлемінің 2023 жылы мәдени астанасы болуға әбден лайық», — деді Мехмет Нури Ерсой . Әзірбайжанның Таулы Қарабақ аумағындағы Шуша қаласын 1992 жылдың 8 мамырында армян әскерлері басып алған. Салдарынан қаланың 30 ауылы күйреді, 195 адам армян әскерлері қолынан қаза тапты, 165 адам жараланды, 58 адам із-түзсіз жоғалып кетті, 24 мыңнан астамы Жер аударылды. 2020 жылдың 8 қарашасында Шуша армян әскерлерінің…
ТҮРКСОЙ Тұрақты кеңесінің ХХХІХ отырысы 2022 жылғы 5 қарашада Түркі әлемінің 2022 жылғы мәдени астанасы Бурса қаласында басталды. Жиынға Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсоймен бірге Әзірбайжанның Мәдениет министрі Анар Керимов, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Роза Кәрібжанова, Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі. Алтынбек Мақсұтов, Өзбекстанның Мәдениет министрі Озодбек Назарбеков, Түркіменстанның Мәдениет министрі Атагелди Шамурадов, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Премьер-министрінің орынбасары, СХР Туризм, мәдениет, жастар және қоршаған орта министрі Фикри Атаоглу, ТҮРК-нің Бас хатшысы. ПА Мехмет Сурея Ер және Халықаралық Түркі академиясының президентінің міндетін атқарушы Физули Маджидли қатысып жатыр.Түркі әлемінің мәдениет министрлері күн…
Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жастар ел өміріне белсенді араласып, азаматтық қоғамның дамуына және елімізді табысты жаңғыртуға септігін тигізуде. Елімізде Қазақстан жастарының бойында отаншылдық рухты қалыптастырып, тәрбиелеуге айрықша көңіл бөлінеді» деген болатын. Осы орайда, «Алматы» студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастырумен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының гранттвқ жобасы «Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша кешенді іс-шараларды өткізу» жобасы аясында «IQ BATTLE» республикалық әскери-патриоттық…