Автор: admin
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразада азық-түлікті қымбаттатпауға, арақ-шарап сатпауға шақырды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлерге үн қатты. «Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық. Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз», — деді ол. Еске салайық, биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Ал наурыз айының 16-сынан 17-сіне қараған түн – қасиетті Қадір түні. 20 наурыз – ораза айт мерекесі.
Қаскелеңде иттер тобы 52 жастағы әйелді талап тастаған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады, деп хабарлайды Tarazy.kz Кадрлардан шамамен сегіз иттің жерде жатқан әйелге жабылып, талағаны көрінеді. Алматы облысы полициясының хабарлауынша, жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмыс істеген. Құқық қорғау органдары жануарлардың иесін анықтады, ол 60 жастағы ер адам болып шықты. Ол қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Еске салайық, былтыр мамырда Алматы облысында дәл осындай жағдай болған еді. Қарасай ауданына қарасты ауылда 10 жастағы баланы екі қабаған ит талап, ауыр жарақаттады. Оқиға 30 мамырда болған. Оқиғаның басты куәгері…
Ақтөбеде жоғары лауазымды прокурордың ұсталғаны белгілі болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Halyqstan ұсынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, ол облыс аудандарының бірінде болған қылмыстық істі тоқтату үшін ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген. Күдіктіні ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің орталық аппаратының жедел қызметкерлері ұстаған. Операцияға Бас прокуратураның Өзіндік қауіпсіздік департаменті де қатысқан. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Прокурорға қатысты бұлтартпау шарасы әзірге жарияланған жоқ. Ақтөбе облысының прокуратурасы қызметкердің ұсталғанын жоққа шығармайды, алайда тергеу құпиясына байланысты қосымша мәлімет беруден бас тартты.
17 ақпанда сабақтан тыс уақытта Петропавл қаласындағы жаратылыстану-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2008 жылы туған оқушысы үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен, деп хабарлайды Tarazy.kz Жасөспірім қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Қазір ол жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр, бірақ тұрақты, есін біледі. Солтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шеккен балаға бірнеше диагноз қойылған: екінші бел омыртқасының денесінің үшінші дәрежелі жабық компрессиялық сынуы, сондай-ақ екі өкше сүйегінің ығыссыз жабық сынуы. Мектеп әкімшілігі оқиғаның болғанын растады. Қазір оның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр, тексеру жүргізілуде.
Түркістан облысында азаматтық некедегі әйелін күштеп жындыханаға жатқызған ер адам 9 жылға сотталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Тергеу дерегінше, отбасылық жанжалдан кейін ол екі танысымен бірге әйелдің қол-аяғын скотчпен байлап, еркінен тыс Шымкенттегі медициналық мекемеге алып барған. Тінту барысында күдіктінің үйінен жауынгерлік оқ-дәрілер табылды. Оған көмектескен екі сыбайласы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот жәбірленушіге моральдық зиян үшін жалпы 11 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуді міндеттеді. Қазіргі таңда үкім заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, Түркістан облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі әйелге заңсыз бас бостандығынан айыру дерегі бойынша қылмыстық істі қайта жандандыруға көмектескен еді. Жәбірленуші уәкіл өкіліне жүгініп,…
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында студент жастар арасында «Заң мен тәртіп» тақырыбында облыстық пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Жастардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, азаматтық ұстаным мен құқықтық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған бұл дода университет және Zhansugurov College ұйымдастыруымен өтті. Турнирдің ашылу салтанатында университеттің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңыздылығына тоқталды. Ол жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру – қоғам дамуының негізгі тетіктерінің бірі екенін атап өтті. Шешендік өнер мен ой ұшқырлығы сынға түскен алаңда Жетісу өңіріндегі бірқатар білім беру ұйымдарының командалары бақ сынады. Атап айтқанда, Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі, Талдықорған қаласының Инновация…
2026 жылғы 14 ақпанда тоғызқұмалақтан дүниежүзілік, республикалық және облыстық федерациялар басшыларының қатысуымен маңызды жұмыс кездесуі өтті. Іс-шара аясында Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменовтің қатысуымен ресми тоғызқұмалақ федерацияларының кеңейтілген жиналысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Кездесу барысында Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әкім Тұрсұн тоғызқұмалақ спортын халықаралық деңгейде дамыту және ілгерілету, зияткерлік спорттың болашағы мен даму перспективалары, цифрландыру үдерістерін енгізу, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша есептік баяндама жасады. Қатысушылар тиісті сұрақтарын қойды. Тараптар ұлттық мұраны жаһандық кеңістікте кеңінен насихаттау, шетелдік серіктестермен ынтымақтастықты күшейту, халықаралық турнирлердің географиясын кеңейту, төрешілер мен спортшылардың кәсіби біліктілігін арттыру бағыттарына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, заманауи технологиялар…
Алматылықтар жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қалалық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алматыда жер сілкінісі тіркелген. «Бекітілген іс-қимыл алгоритміне сәйкес мемлекеттік органдарға хабарланды, нысандарға мониторинг жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада. «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 17 ақпанда Астана уақытымен 15:09-да жер сілкінісін тіркеген. «Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан», — деп жазылған хабарламада.
Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты №202 мектеп-гимназиясында 4-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарының қатысуымен «Ұлттың сөзі мен салты – тәрбиенің алтын арқауы» тақырыбында мазмұнды сыныптан тыс іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғырту, сондай-ақ отбасы мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайту болды. Іс-шараның басты ерекшелігі – оқушылардың ата-аналарымен бірге бір команда ретінде қатысуы. Қатысушылар қазақ қоғамында сирек қолданылып жүрген салт-дәстүрлердің мәнін ашып, олардың тәрбиелік астарына үңілді. «Бала тәрбиесіне қатысты қандай дәстүрлер бар?», «Ұлттық тағамдардың ерекшелігі неде?», «Қазақтың күй аспаптарын қалай ажыратамыз?» сияқты тапсырмалар арқылы ата-аналар мен балалар…
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Burger King Kazakhstan компаниясына қатысты жағдайды ресми түрде бақылауға алғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Алматы қаласының мемлекеттік еңбек инспекторы Әлібек Қаратайдың отбасына арнайы барып, оның әкесіне ресми шағымды қалай дұрыс рәсімдеу керегін түсіндіріп, еңбек заңнамасында қарастырылған құқықтар мен кепілдіктер туралы толық ақпарат берген. Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, жұмыс беруші – «QSR» ЖШС (Burger King) ұйым ішінде қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Тергеу кезеңінде басшылардың бірі уақытша қызметінен шеттетілген. Ал компания өз тарапынан қызметкердің жұмыстан шығарылмағанын атап өтті. Айтуларынша, жағдайды бейбіт түрде шешу үшін бірнеше ұсыныс жасалған. Соның ішінде қызметкерді басқа мейрамханаға ауыстыру мүмкіндігі қарастырылып отыр. Сонымен…