Автор: admin

2025 жылдың 9–13 маусымы аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауылындағы көрікті Aurora Garden демалыс аймағында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Debat Eli Academy» пікірсайыс академиясы өтеді. Бұл – жас пікірсайысшылар үшін тек оқу емес, табиғат аясында өзін-өзі дамытуға, жаңа достармен танысуға және шешендік қабілетін шыңдауға арналған тамаша мүмкіндік. Аталған жобаны «Debat Eli» қоғамдық қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе ұйымдастырып отыр. Академияның басты мақсаты – жастардың сыни ойлауын, шешендік шеберлігін және елжандылық қасиетін дамыту. Екі бағыт – бір мақсат Академияға еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 50 қатысушы шақырылады. Олар: Қазақ лигасы Ағылшын лигасы бойынша екі топқа…

Read More

Көктемнің келуімен бірге елге береке, жұртқа жақсылық әкелетін Наурыз мейрамы биыл да ұлттық рух пен ұйымшылдықты ұлықтаған кең ауқымды шараға айналды. Талдықорған қаласында орналасқан Жетісу жерінде «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы қалалық, Алматы және Жетісу облыстық филиалдарының ұйымдастыруымен мерекелік думан өтті. Наурыз тойы ұлттық салт-дәстүр мен өнерді дәріптеумен қатар, ұжымдық рухты нығайтқан мазмұнды мерекеге айналды. Талдықорған төрінде өткен шара қала тұрғындары мен қонақтарының көңілін көтеріп, ән мен жырға толы әсерлі сәттер сыйлады. Салтанатты шараға мекеме басшылығы – бас директор Болатбек Айтбаев, оның орынбасары Асхат Оқасов және кадр бөлімінің басшысы Талғат Олжабаев арнайы қатысып, әріптестеріне ізгі тілектерін жеткізді. «Біздің…

Read More

Өзбекстанда мешітте жарылыс болып, 3 адам қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Өзбекстанның Әндіжан облысы Ізбасқан ауданындағы мешітте газ-ауа қоспасының жарылысынан 3 адам қаза тауып, 10 адам жараланды. Барлығы ауруханаға жеткізілді. Облыс хокимиятының (әкімдік) баспасөз қызметі жарылыс салдарынан мешіттегі дәрет алатын бөлме опырылып түскенін хабарлады, үйінділер тазартылып жатыр. Оқиға орнына облыс әкімі, ТЖД, ІІБ, ҰҚК, прокуратура және басқа да қызметтер жұмылдырылды. Қазіргі таңда жарылыс себебі анықталып, тергеу жүріп жатыр.

Read More

Жаңа Салық кодексінің Парламент қарауына берілуі кәсіпкерлердің тыныштығын бұзды. Заң жобасында әсіресе шағын және орта бизнес үшін тиімсіз кейбір нормалар кездеседі. Соның ішінде салықтың оңайлатылған режимін қозғайтын салық реформасының жекелеген ережелерін қайта қараукүн тәртібіне шығып отыр. Елдегі 2 миллионға жуық кәсіпкер жеңілдетілген салық жүйесі бойынша жұмыс істейді. Бірақ үкімет салық режимдерін біріктіріп, жаңа Салық кодексінде тек 40 қызмет түрін ғана қалдыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов те мәселе көтерді. Алматылық кәсіпкер, танымал салық консультанты, «Қазақстан салығы» ЗТБ жетекшісі Екатерина Ким бизнес үшін, соның ішінде B2B сегментінде жұмыс істеу маңызды деп санаймыз. Шын мәнінде, көптеген компаниялар ірі бизнестің,…

Read More

Қазақстан — табиғи байлығы мол, тарихи-мәдени ескерткіштерге бай ел. Алайда, туризм саласы әлеуетіне сай дамымай келеді. Басты себептерінің бірі — инфрақұрылымның әлсіздігі. Көптеген көрікті жерлерге баратын жол нашар, қонақүйлер, қоғамдық көлік және сервистік қызметтердің деңгейі төмен. Сонымен қатар, шетелдік туристтерге бағытталған ақпараттың аздығы, визалық мәселелер мен интернеттегі жарнама жұмыстарының жеткіліксіздігі де әсер етеді. Ішкі туризм де халықтың қаржылық мүмкіндігі мен инфрақұрылым жағдайына байланысты шектеліп отыр. Дегенмен, мемлекет туризмді дамытуды стратегиялық бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Түркістан, Алматы, Бурабай, Балқаш, Шығыс Қазақстан облысы, Көлсай, Қайыңды, Баянауыл,Маңғыстау және Алакөл секілді аймақтарда туристік кешендер жаңартылуда. Электронды виза жүйесі енгізіліп, туристік операторларға салықтық жеңілдіктер…

Read More

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Алматы қалалық филиалы Наурызнама 10 күндігіне орай ұлттық спорт күнін атап өтті. Іс-шараның басты мақсаты – ұлттық спорт түрлерін дәріптеу және әріптестер арасында салауатты өмір салтын насихаттау. Бұл күні мекеме қызметкерлері асық ату бойынша сынға түсіп, мергендіктерін сынады. Дәстүрлі ойын тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылар өзара шеберліктерін көрсетті. Филиал директоры Мәулен Әліпов ұлттық спорттың ұрпақтар сабақтастығын сақтаудағы маңызын атап өтті. “Наурыз мерекесі аясында әр күнді ерекше мән-мағынамен, өзгеше ықыласпен атап өтудеміз. Мысалы, бүгін “Ұлттық спорт күні” жігіттерді ептілік пен мергендікке баулитын, олардың физикалық төзімділігі сынға түсетін асық атудан бақ сынап жатыр. Осындай шаралардың ұжымдық рухты…

Read More

Бүгінгі іс-шараның мақсаты — “Əулиеата кітап оқитын өңір” жобасын жастар арасында танытып, кітап оқу мəдениетін қалыптастыру. Бүгінгі ойынға міндеттелген 5 кітап. Олар: Ш.Мұртаза «Интернат наны», Б.Момышұлы «Офицердің күнделігі», Несіпбек Дəутайұлы «Кұдірет пен қасірет”, Əзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз”, Шырын Мамасерікова «Бақыт” өлеңдер жинағы. Сонымен қатар, бұл іс-шара жастардың алған білімін көпшілікпен бөлісуге, ой-талқы жасауға, білім алу мен білім беру ісін дамытуға арналған тамаша мүмкіндік. Ойын Жамбыл облысы əкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен Жамбыл облысы білім басқармасы, Меркі ауданы білім бөлімінің қолдауымен Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы ұйымдастыруда. Алғысөз кезегі Меркі ауданы білім бөлімінің басшысы Айгерім Алтынбаева, ақын ұлттық мəдениетіміздің жаршысы Шырын Мамасерікова,…

Read More

2025 жылдың 25 ақпанында сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінің «Шетел филологиясы» мамандығының және 1 курс «Дизайнер» мамандығы студенттерінің қатысуымен БҰҰ-ның ТДМ 13-бағыты – «Климаттың өзгеруіне қарсы күрес» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара толықтай ағылшын тілінде «8D02302 – Аударма ісі (батыс тілдері) мамандығының 1 курс докторанты Шайманов Арман Сарманұлының жүргізуімен өтті. Іс-шарада жаһандық экологиялық мәселелерді талқылап қана қоймай, студенттер өздерінің тілдік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік алды. Студенттер климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелерін, экологиялық проблемаларды шешу жолдарын, сондай-ақ университеттер мен жастар ұйымдарының бұл жаһандық мәселені шешудегі рөлін талқылады. Бұл іс-шара тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудағы маңызды қадам болды және студенттерге…

Read More

Енді әскери қызметшілер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына түсе алады. Мәжіліс депутаты Олжас Құспековтің бастамасымен заң жобасы парламент қарауына енген еді. Нақтырақ айтсақ, енді сарбаздар әскери борышын өтеп жүргенде және одан кейінгі екі ай ішінде несие мен банк алдындағы қарыздарын төлеуден босатылады. Бұл олардың қызмет барысында қаржылық міндеттемелерге алаңдамауына мүмкіндік береді «Срочник 2.0» бағдарламасы іске қосылды. Оның аясында үздік әскери қызметшілер ҰБТ тапсырмай-ақ жоғары оқу орындарына мемлекеттік грантпен оқуға түсе алады. Сондай-ақ олардың бірінші оқу жылы жатақханадан орын алуына басымдық беріледі. Бұл жастарға әскери қызметтен кейін бірден өмірге бейімделіп, болашаққа сенімді қадам жасауға мүмкіндік береді.

Read More

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің Алматы қалалық филиалының ұйытқы болуымен ALT University ғимаратында оқу-семинары өтті,- деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Биыл жол құрылысындағы нормативтерге бірнеше өзгерістер енгізілді. Жаңашылдықты мегаполистегі жолшыларға жеткізу мақсатында «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Алматы қаласында оқыту семинарын ұйымдастырған. Оған қалалық мобильдік басқарма мен Алматының сегіз ауданы әкімдіктері қатысты. Жиынның мақсаты – қатысушыларды кәсіпорынның қызметтік бағыттарымен кеңінен таныстыру, жол жөндеу жұмыстарындағы шешуші факторларды сараптау және тәжірибелік ұсыныстар енгізу. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысып, аймақтағы жол инфрақұрылымын дамыту мен жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мәселелерін талқылады. Жол құрылысы саласындағы жаңашылдықтар сөз болып, өзгерістерге түсініктеме берілді. Мекеменің орталық…

Read More