Автор: admin
«Что было дальше» шоуы Қазақстанға көшіп келуі мүмкін. Бұған бірнеше себеп бар: Нурлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынуы, ЧБД тауарлық белгісін тіркеуден бас тарту және жекелеген қонақтар үшін локацияның қолайлылығы, деп хабарлайды Tarazy.kz ЧБД командасы релокация туралы 2023 жылы-ақ ойлана бастаған. Сол кезде Қазақстанда пилоттық түсірілім де жасаған — рэпер Скриптонит пен стример Зубарев қатысқан шығарылым түсірілді. Ал Сабуровтың депортациясы соңғы шешуші аргументке айналды. Жоспар бойынша, команда Қазақстанға тұрақты түрде көшіп, студия жинақтауды, қонақтар пулын қалыптастыруды көздеп отыр. Бұл тізімге Ресейде түсірілімге келуі мүмкін емес адамдар да енеді. Сонымен қатар ЧБД тауарлық белгісін ресми түрде тіркеу жоспарда бар. Бұл тауарлық белгіні Ресейде…
Алматы қаласында ер адам ауыр соққыдан кейін қайтыс болды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қайғылы оқиға туралы марқұмның ұлы Threads әлеуметтік желісінде мәлімдеді. Оның айтуынша, әкесіне үш жас жігіт шабуыл жасаған. Олар ер адамды жерге құлатып, басынан бірнеше рет аяқпен тепкен. Тіпті жәбірленуші есінен танып жатқан сәтте де соққыны тоқтатпаған. Алған ауыр жарақаттарының салдарынан ер адам кейін көз жұмған. Марқұмның ұлы жазбасында болған жағдайды эмоциялық түрде сипаттады. «Үш күн бойы ұйықтай алмадым. Көз алдымнан әкемді күтпеген жерден ұрып құлатып, адам емес, қоқыс сияқты еденде сүйреген сәттер кетпейді. Жарты сағат бұрын оның…
Әлеуметтік желілерде «әскерден қалдыру» немесе «ақ билет» алып беру қызметін ұсынатын жарнамалар тарауда. Осыған байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешім тек заңнамаға сәйкес шақыру комиссиясы арқылы қабылданатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ведомствоның түсіндіруінше, әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноз рәсімдеу немесе әскери қызметтен жалтарудың өзге де тәсілдерін ұсыну – қылмыстық құқықбұзушылық. Мұндай әрекеттер делдалдарға да, шақырылушылардың өздеріне де қылмыстық жауапкершілік жүктейді. Министрлік азаматтарды күмәнді делдалдардың қызметіне жүгінбеуге шақырды. Әсіресе өзін «әскери комиссариаттың көмекшісі» ретінде таныстырып, мәселені шешіп беруге кепілдік беретін адамдардың…
Ресей-Украина соғысы басталғалы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке қорына қарайтын ресейлік Азиатско-Тихоокеанский банк (АТБ) қаржылық көрсеткіштерін күрт арттырған, деп хабарлайды Tarazy.kz Банк 2021 жылы 1,5 млрд рубль болған таза пайдасын өткен жылы 16 млрд рубльге дейін жеткізген. Бұл шамамен 102 млрд теңгеге тең. Осы көрсеткішпен АТБ Қазақстандағы ең ірі он банктің қатарына енуі мүмкін еді, деп жазады «Выход к морю» телеграм арнасы. Ресей Орталық банкінің сайтында жарияланған есепке сәйкес, өткен жылы Назарбаевқа тиесілі банк пайдасын 50 пайызға арттырған. Ал Ресейдің жалпы банк секторы керісінше, шамамен 8 пайызға төмендеген. Соңғы бес жылда АТБ активтері де айтарлықтай ұлғайған: 134,5 млрд рубльден 338 млрд рубльге…
Алматы қаласында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы аясында жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары ғалымдарының ғылыми көрмесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінде өткен көрмені ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова бастаған делегация тамашалады. Мұнда 40-тан астам инновациялық жоба келушілер назарына ұсынылды. Көрмеде цифрлы технологиялар, жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, нанотехнология, металлургия, тағам өнеркәсібі және өзге де стратегиялық маңызды салалардағы заманауи әзірлемелер таныстырылды. Ғалымдар өз жобаларының тәжірибелік маңызын, өндіріс пен экономикаға енгізу мүмкіндіктерін және коммерцияландыру әлеуетін жан-жақты баяндады. Соның бірі Satbayev университетінің ғалымдары өндірістік қалдықтар мен жылу электр станциясынан шыққан күлдерді…
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әскери кафедрасында студенттерге әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Шараға Талдықорған гарнизонының әскери прокуратурасы мен Әскери полиция бөлімінің өкілдері, бөлім командирлері, Жетісу университетінің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры, әскери кафедра қызметкерлері қатысты. Іс-шара барысында студенттер әскери техникалар мен қару-жарақ түрлерін тамашалап, кафедраның оқу-материалдық-техникалық базасымен, оқу-жаттығу және саптық алаңдарымен танысты. Сондай-ақ қызметтік иттердің көрсетілімін көрді. Атыс дайындығына арналған тренажерлық кешендерді аралады. Тәжірибелі әскери қызметшілер студенттерге әскери мамандықтың стратегиялық маңызын түсіндіріп, сұрақтарына жауап берді және жас буынды Отанды қорғауға, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды. Ашық есік күніне…
Алматы облыстық сотының апелляция алқасы Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының шағымын қарады. Сот атышулы іс бойынша бірінші инстанция шығарған үкімді өзгеріссіз қалдырды, деп хабарлайды Tarazy.kz 12 ақпанда қабылданған шешімге сәйкес Хасан Қасымбаев орташа қауіпсіздік мекемесінде тағайындалған 12 жылдық жазасын өтеуді жалғастырады. Іс бойынша сотталған өзге адамдарға шығарылған үкім де өзгеріссіз қалды. Айта кетейік, биыл 13 қаңтарда Алматы облыстық сотына Хасан Қасымбаев пен оның сыбайластарының апелляциялық шағымы түсті. Еске салайық, 2025 жылы 11 қарашада Хасан Қасымбаевтың өзі мен сыбайластары сотталды. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Депутат Еділ Жаңбыршин мұнай компаниясының басшысын сынға алды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бүгін Мәжілісте мұнай компанияларының Қазақстанда тауарды аз көлемде сатып алып, көбіне Қытайдан әкелетіні талқыланды. Отырыста «Матен Петролеум» АҚ-ның бас директоры Лю Цзиньчэн компанияның қазақстандық тауар өндірушілермен бар болғаны алты ғана ұзақмерзімді келісімшарты бар екенін айтты. Алайда ол бұл келісімдер нақты қай кәсіпорындармен жасалғанын атай алмады, жауап беру кезінде үнемі орынбасарына қарап отырды. Бұл жағдай Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршинге ұнамады. Ол мұнай компаниялары отырыстың күн тәртібін алдын ала білгенін, сондықтан қандай компаниялармен және қандай тауарларға келісімшарт жасалғаны «ауыздарынан автоматты түрде айтылуы тиіс» екенін қатаң түрде айтты. Әсіресе келісімшарттар саны небәрі алтау ғана болса, мұндай…
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындардың бірінде аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Алдын ала мәліметтерге сәйкес, лудоманияға шалдыққан кәсіпорынның бухгалтері компания қаражатын заңсыз пайдаланып, оларды «1XBet» букмекерлік кеңсесінде бәске тіккен. Сондай-ақұрланған ақшаға жаңа автокөлік сатып алған. Мемлекетке келтірілген жалпы залал — 118 миллион теңге. Бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде заңсыз иемдену фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тергеуді арнайы прокурорлар жүргізуде. Сот санкциясымен күдікті тергеу изоляторында қамауда отыр, автокөлікке тыйым салынды.
Алматыда көрнекті саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының рухына арналған еске алу жиыны өтті. Шараны марқұмның отбасы ұйымдастырды. Басқосуға оның замандас әріптестері, достары, қоғам қайраткерлері мен азаматтық белсенділер жиналды, деп хабарлайды Tarazy.kz 2006 жылғы 11 ақпанда Алтынбек Сәрсенбайұлы көмекшісі Бауыржан Байбосын және жүргізушісі Василий Журавлевпен бірге із-түзсіз жоғалған. Екі күннен кейін олардың мәйіті Алматы маңындағы таулы аумақтан табылып, үшеуінің де атып өлтірілгені белгілі болды. Алайда бұл қылмыстың барлық қыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Құқық қорғаушы Евгений Жовтис саяси сипаттағы кісі өлімі істері көбіне әділ тергелмей, саяси ықпалмен жүретінін айтты. Оның пікірінше, бұл іс те түбегейлі, бейтарап тергеліп, қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар…