Автор: admin

Атырау облысында 14 желтоқсаннан бері із-түзсіз кеткен ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 1964 жылы туған азаматтың мәйіті Жылыой ауданы аумағындағы қамыс басқан жерде анықталған. «Аталған азамат 15 желтоқсан күні іздеуге жарияланған. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті тексеру амалдары жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат таратылмайды», – деп хабарлады полиция.

Read More

2025 жылғы 14-25 желтоқсан аралығында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Байғабатова Назгүл Қажымұратқызы және оқытушы-дәріскер, философия докторы (PhD) Абдрахим Мирас Еркінұлы Ұлыбританияның Оксфорд университетінде ғылыми тағылымдамадан өтуде, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл іссапар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын ЖТН AP26197965 «Посткеңестік Қазақстандағы этникалық репатрианттардың күнделікті өмірі: бейімделу стратегиялары мен интеграциялық тәжірибелері (Жетісу облысының мысалында)» ғылыми жобасы аясында жүзеге асырылуда. Тағылымдама барысында Оксфорд университетінің жетекші ғалымдарымен ғылыми кеңес алу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, профессор Александер Моррисонмен зерттеу мәселесінің тарихи контексі мен салыстырмалы-тарихи талдау бағыттары бойынша пікір алмасу орын…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жапонияға ресми сапары аясында жалпы құны 3,7 млрд АҚШ долларынан асатын коммерциялық келісімдерге қол қою жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Президент Токиода Жапонияның жетекші бизнес өкілдерімен бірқатар іскерлік кездесулер өткізеді. Руслан Желдібайдың мәліметінше, сапар барысында 40-тан астам құжатқа қол қою көзделген. Келісімдер энергетика, жаңартылатын энергия көздері, цифрландыру, тау-кен өнеркәсібі және көлік сияқты стратегиялық маңызды салаларды қамтиды. Қазақстан тарапынан құжаттарға «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта» және «Қазақстан темір жолы» ұлттық компанияларының өкілдері қол қояды. Ал Жапония атынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO компаниялары қатысады. Сонымен қатар…

Read More

Қонаевта жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қонаев қаласында 11–12 желтоқсанға қараған түні соққан қатты жел салдарынан бірқатар тұрғын үйлер мен ғимараттардың шатырлары бүлініп, көше жарықтандыру тіректерінің жұмысы істен шықты. Жел екпіні секундына 25 метрден асқан. Қолданыстағы заңнама талаптарына сай («Азаматтық қорғау туралы» және «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдар), қала әкімі табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. 17 желтоқсаннан бастап Қонаевта ТЖ режимі ресми түрде күшіне енді. Зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру үшін төтенше жағдайларға арналған резерв қаражаты тартылмақ. 11 желтоқсаннан бері коммуналдық қызметтер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда…

Read More

Журналист Асхат Ниязов Қытайда қазақ тілінде сөйлей алмай, ұятқа қалды, деп хабарлайды Tarazy.kz Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстан мен Қытай шекарасында орналасқан Қорғас қалалық ауданында жүрген сәтінен видео жариялаған. Кадрларда журналист жергілікті тұрғындармен тілдесуге тырысады. Бейнежазбада Асхат Ниязов тұрғындарға орыс тілінде «Жалақыларыңыз қанша?» деген сұрақ қояды. Алайда олардың бірі: «Қазақша сөйлемесеңіз, түсінбейміз», – деп жауап береді. Осыдан кейін журналистің қасында жүрген танысы оның сұрағын қазақ тіліне аударып береді. Ал Қытайдағы қазақтар: “Біз өзіміз табамыз. Ал егер жұмысшы жалдайтын болсақ, оларға 4000 юань төлейміз”, – деп жауап қатады. Әңгіме соңында жергілікті тұрғындар журналиске: “Қазақша сөйлеңдер, қазақпыз ғой”, – деп ескерту жасайды. Аталған…

Read More

Шымкентте қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері ойын барысында 16 магнитті жұтып қойған үш жасар балаға шұғыл операция жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz Бала ауруханаға ішінің қатты ауырсынуына байланысты жеткізілген. Тексеру барысында асқазанынан бөгде заттар анықталған. Дәрігерлер шұғыл эндоскопиялық операция жүргізіп, барлық магнитті сәтті алып шықты. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты. Дәрігерлер өміріне төнген қауіпті дер кезінде жойғанын хабарлады. Еске салайық, бұған дейін Шымкентте ер адам бәстесемін деп 26 қалам жұтып қойған болатын. Біраз уақыт өткен соң ер адам өз-өзін жайсыз сезініп, асқазан-ішек жолдары қатты ауырып, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Read More

2025 жылғы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркия Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Рами кітапханасында «Қазақстанның ғылыми және әдеби бұрышының» салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Аталған бастама алғаш рет Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым ордасы» РМК-ның бастамасымен және Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулдығының қолдауымен жүзеге асырылды. Жобаның мақсаты – Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдету, қазақтың әдеби және ғылыми мұрасын халықаралық деңгейде насихаттау, сондай-ақ Рами кітапханасында қазақ ғылымы мен әдебиетіне арналған тұрақты ақпараттық-танымдық кеңістік қалыптастыру. Салтанатты іс-шараға Түркияның Әділет және даму партиясының Түркі мемлекеттерімен байланыстар жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, доктор Решиде Юксель, Қазақстан…

Read More

Белгілі саясаткер және бұрынғы сенат депутаты Уәлихан Қайсар Ресейдің экономикасы мен саяси жүйесі әлсіреп, ыдырауға жақындағанын айтты. Оның сөзінше, қазіргі жағдай Кеңес Одағының соңғы кезеңдерін еске салады. Бұл туралы ол Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz “Мен Ресейдің ыдырайтынына сенімдімін. Тіпті, 30-35 жылға жеткізбей ыдырайды деп ойлаймын. Қазір елде ақша тапшылығы орын алып отыр”, — дейді ол. Осы тұста ол Ауғанстандағы жағдайды мысалға келтірді. “Ауғанстанға 1979 жылдың желтоқсанында кірдік. Онда 15 жылға жуық уақыт болдық. Сол кезде әлем Ресейге санкциялар сала бастады. Сол санкциялар экономикасын әлсіретіп, ақыры құлдырауға әкелді. Содан кейін республикалар Кремльде ақша жоқ екенін байқап, өз…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектенов инфляцияның негізгі себебі ретінде азық-түлік бағасының қымбаттауын атады және ет пен ет өнімдерінің бағасын тұрақтандыруды тапсырды, деп хабарлайды Tarazy.kz Министрлер кабинетінің дерегінше, соңғы айларда Ұлытау, Ақмола және Атырау облыстарында баға өсімі қарқын алған. «Әкімдердің қолында азық-түлік бағасын тұрақтандырудың нақты құралдары бар. Бұл жұмысты жүйелі түрде күшейту қажет», – деді Үкімет басшысы отырыста. Сонымен қатар Бектенов Сауда министрлігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізімін кеңейтуді, сондай-ақ Астанада енгізілген арзан сиыр етін ірі сауда желілері арқылы сату тәжірибесін өңірлерде іске асыруды тапсырды.

Read More

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов интернетте тараған, 1 млн теңгеден асқан кез келген мобильді аударым жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндеттейді деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді, деп хабарлайды Tarazy.kz Вице-министрдің сөзінше, аталған ақпаратты бірқатар интернет-ресурстар таратқан, алайда ол фейк жаңалық болып шыққан. «Кеше 1 млн теңгеден асқан аударымдар бойынша міндетті түрде ЖК тіркелу керек деген жаңалық шықты. Бұл жалған ақпарат», — деді Ержан Біржанов. Сонымен қатар ол интернет-ресурстар мен блогерлерге жалған мәлімет таратқаны үшін заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Вице-министрдің айтуынша, бұл жаңалық қоғамда кең талқыланып, негізсіз алаңдаушылық тудырған. «Ақпаратты жариялар алдында мұқият тексеру қажет. Біз ресми арналарымызда…

Read More