Автор: admin
Алматы облысының Талғар қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп 90 жылдық мерейтойын атап өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Алматы облысының Талғар қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин атындағы №2 жалпы білім беретін орта мектеп өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Мектеп тарихы терең әрі шежірелі: бұл білім ордасы бірнеше буын шәкірттерді тәрбиелеп, еліміздің дамуына үлес қосқан көптеген азаматтарды түлетті. Талғар аудандық Мәдениет үйінде бастау алған Мерейтойлық іс-шара барысында мектептің тарихи дамуы, белгілі түлектердің жетістіктері және ұстаздардың еңбегі атап өтілді. Іс-шараға ардагер ұстаздар, мектеп түлектері, ата-аналар және құрметті қонақтар қатысты. Жиналған қауым мектеп ұжымына алғыс білдіріп, алдағы уақытта да білім мен тәрбиенің алтын ұясы…
2024 жылғы 15 қарашада ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Алматыда тұрғындармен кездесу өткізді. Іс-шара барысында министр қаланың көлік инфрақұрылымы мен жолдардың сапасын, мегаполистің транзиттік мүмкіндіктерін жақсартуға қатысты бастамаларды талқылады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Кездесуде Алматының көлік желісін жүктемеден босату үшін қабылданған шаралар атап өтілді. Соның ішінде, 2023 жылы ашылған БАКАД (Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы) жобасының нәтижелері айтылды. Бұл жол қаланың экологиясын жақсартып, көлік кептелісін азайтуға айтарлықтай әсер етті. Қазіргі уақытта транзиттік тасымалдардың шамамен 40%-ы Алматы орталығын айналып өтеді, бұл көлік қозғалысын жеңілдеткені белгілі болды. Министр, сонымен қатар, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, қоғамдық көлік жүйесін жаңғырту, жолдарды жөндеу және әуежай…
Алматыда ерекше мәдени шара — «Алтын сандықшаның құпиясы» атты комикстің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Комикс оқырмандарды қызықты да шытырман оқиғаларға толы әлеміне жетелеп, оның кейіпкерлері түрлі өмірлік жағдайларға, тарихи, кейде жұмбақ оқиғалардың эпицентріне түседі. Комикс әр оқырманға тылсым әлемге ұмытылмас саяхат пен әсерлі эмоциялар сыйлайды. Тұсаукесерге автордың достары Арман Исағалиев пен Мадияр Мұсылманов, сондай-ақ комиксті шығаруға ат салысқан суретші Марат Көмеков пен «Khancomics» баспасының редакторы Оразхан Жақұп қатысты. Олар комиксті жасау барысындағы қызықты жайттармен және өздерінің шығармашылық ізденістері мен шабыттары туралы ойларыменбөлісті. «Думан» тобы мен Сұлтан Дінасыловтың өлеңдері кештің ерекше көңіл-күйін көтерді. Олардың өнерлері Алматы қаласында Жан Қастеев…
2024 жылғы 10-19 қараша аралығында Моңғолияның Улан-Батор қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Жарысқа 13, 15, 17 жасқа дейінгі Моңғолия, Қазақстан, Ресей, Өзбекстан елдерінің спортшылары (офлайн/онлайн) қатысуда. Жарысты Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Федерациясы мен Моңғолия Тоғызқұмалақ Федерациясы бірлесіп өткізуде. Тоғызқұмалақтан ҚР жасөспірімдер құрама командасының іссапарына ҚР Спорт және туризм министрлігі, Самұрық-Қазына қоры мен Спортты дамыту қоры демеушілік қолдау көрсетуде.
Саяхат саласында жарты ғасырлық тәжірибесі бар Lonely Planet басылымы Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде ең үздік туристік елдердің бірі ретінде жариялады, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Lonely Planet сарапшылары саяхатшылардың, қызметкерлердің, авторлар мен туризм саласындағы басқа да мамандардың ұсыныстарына сүйене отырып, бағыттарды мұқият іріктеуден өткізеді. 2025 жылы таңдау Қазақстанға да түсіпті. Біздің елді бай тарихымен, сан алуан ландшафттарымен және бірегей мәдени мұрасымен басқа елдерден ерекше деп тапса керек. Әлемге танымал тревел-басылымдар Қазақстанның туристік әлеуетін жоғары бағалайды. Айта кетсек, Conde Nast Traveler мен Wanderlust Қазақстанды 2024 жылы саяхаттауға арналған үздік әлемдік бағыттардың қатарына енгізген. Сондай-ақ, Алматы қаласы The New…
Ауыл шаруашылық саласының маманы, қоғам белсендісі Алмас Садырбай 1,2 млрд теңге бюджет қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Бұл туралы қаржылық мониторингі агенттігі мәлімдеді. Агенттіктің Алматы облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурамен бірлесіп, «Шаңырақ» қоғамдық бірлестігінің басшысы А. Садырбай аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекетін әшкереледі. Ол өзі басқаратын адамдар тобы Балқаш, Еңбекшіқазақ, Кеген, Райымбек және Ұйғыр аудандарында жалған ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрды деп күдіктелуде. Негізгі мақсат-ұсақ малдың аналық басын ұрықтандыруға субсидияларды заңсыз алу және жемшөп шығындарын өтеу. Бұл үшін заңнамаға қайшы ауылшаруашылық жерлері жоқ шаруа қожалықтары тартылды. Бұдан әрі жалған кадастрлық нөмірлерді көрсете отырып, дәйексіз мәліметтерді қамтитын субсидиялар…
Кеген ауданында орналасқан Қара шатқалда шыныдан аспалы көпір салынбақшы. Тіпті көпірді шытынатып көрсететін арнайы экран дыбыс эффектісімен қойылады, деп хабарлайды alataunews.kz сайтына сілтеме жасаған Tarazy ақпарат. Жаңа жоба 2024 жылдың 1 қарашасында Алматы облысы, Кеген ауданында өткен ауқымды баспасөз турында таныстырылды. Аспалы көпір Қытайдағы көпір секілді шыныдан салынады деп жоспарланып отыр. Жалпы көпірдің биіктігі 80 метр болса ұзындығы 170 метрді құрайды. Бір уақытта 500 адамды көтере алады дейді «ASK Сapital» компаниясының өкілі. «Жоба ТМД бойынша ерекше болғалы тұр. Біздің салатын көпір Қытай еліндегідей шыныдан жасалатын болады. Жобамызда көпірді шытынатып көрсететін арнайы экран дыбыс эффектісімен қойылады деп жоспарлап отырмыз. Тіпті, туристтер…
Алматыда 14 жылдан бері алғаш рет биік таулы «Медеу» спорт кешеніне апаратын автомобиль жолы жөнделді. Жұмыс қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынған еді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Қаланың ең басты көрікті жерінің бірі саналатын «Медеуге» апаратын Керей мен Жәнібек хандар көшесіне жаңа асфальт төселіп, жол белгілері және жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз тротуарлар орнатылды. Ұзындығы 10 шақырым болатын жол бөлігіне ыстық пен суыққа төзімді әрі тозу процесін баяулататын полимерасфальтбетон төселді. Бұл материалдың қызмет ету мерзімі де ұзағырақ. Сонымен қатар, 14 шақырым жаяу жүргіншілерге арналған жаңа тротуарлар салынды. Жүргізушілердің қауіпсіздігі үшін 37 «қалқымалы» люк орнатылды. Барлық жөндеу жұмыстарын «Жол активтерінің ұлттық…
Қызылорда облысында республикалық «Қызылорда-Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бүгінде үш учаскіде жұмыстар аяқталуға жақындады. Осыған орай, ҚР Көлік министрлігінің бастамасымен Автомобиль жолдары комитеті мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК мамандары және «ҚазАвтоЖол» АҚ компаниясы бірлесіп, БАҚ өкілдеріне «Сапа керуені» баспасөз турын өткізді. Қызылорда мен Жезқазған аралығында 424 шақырым жолдың 204 км Сыр өңірінің аумағына тиесілі. Еліміздің орталығы мен оңтүстігін жалғайтын төте жол көлік логистикасын жақсартып қоймай, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда маңызы зор. Сыр өңірінде күре жолдың біршама бөлігінде жабынның жоғарғы қабаты төселіп, үш учаскеде үш қабат асфальт жабындысын аяқталуға жақын. Яғни, облыс шекарасынан бастап Қызылорда бағытына қарай 90…
TikTok 2024 жылғы 8-13 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ресми ақпараттық серіктесі болған. Платформа ойынға қатысушылар мен ұйымдастырушылардың бет-бейнесі бар арнайы парақша ашқан еді. Сондай-ақ, TikTok-та жарыстан тікелей эфирге шығуға және пайдаланушылар #WorldNomadGames2024 хэштегі бойынша іс-шара туралы бейнелер түсіре алатын мүмкіндікке ие болды. Жобаның мақсаты – еліміздің түкпір-түкпірінен тамашалаған қазақстандықтарға осы қызықты спорттық және мәдени іс-шараға виртуалды түрде қатысуға және көшпелі мәдениеттің бірегей рухын платформаның халықаралық аудиториясымен бөлісуге мүмкіндік беру еді. Бұл әлеуметтік желідегі насихаттау Қазақстан президенттің тапсырмасына сәйкес жүргізілді. Көшпенділер ойындарында, қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу бойынша, TikTok желісінде отандық және шетелдік блогерлермен қатар жеке акаунттарда жалпы…