Автор: admin

Қонаевтағы Абай көшесінде бірнеше жылдар бойы стихиялық сауда орны қалыптасқан. Қаланың келбетін жақсарту, тұрғын үй алаңын абаттандыру мақсатында мұнда сквер пайда болды. Сонымен қатар мұнда воркаут алаңы салынды, деп хабарлайды Tarazy.kz  Қапшағай (қазіргі Қонаев) қаласы әкімдігінің 2022 жылғы қаулысымен «Айша сити» базары стационарлық емес бөлшек сауда орны ретінде белгіленген. Сол себепті енді сатушылар осы базарға барып, кәсіппен айналысуы тиіс. Жәрмеңкелік орындар дайындалып қойған. Қазіргі таңда стихиялық сауда орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан белгіленбеген орында сауда сатқандары үшін жеке және заңды тұлғаларға 2 562 600 теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ осы тақырыпта ақпараттық баннерлер ілінді. Бұған дейін сатушылармен әкімдік өкілдері бірқатар кездесулер…

Read More

Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармай бағасын көтеруге қатысты тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, Қазақстанда мұнай өнімдеріне қатысты бағаны өсіруге салынған мораторий әлі күшінде, деп хабарлайды Tarazy.kz  Министрлік АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасы 2025 жылдың 16 қазанындағы деңгейде сақталып отырғанын атап өтті. Цифрлық карталарда немесе түрлі сервистерде көрсетілген деректер ресми бағаға негіз бола алмайды. «Егер белгілі бір жанармай құю бекеттерінде белгіленген шектен жоғары баға тіркелсе, жауапты органдар әр жағдайды жеке тексеретін болады», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Ведомство жанар-жағармай нарығындағы жағдай үнемі бақылауда екенін жеткізді. Мәлімдемеге сәйкес, бағаның негізсіз өсуіне жол берген субъектілерге қатысты тиісті шаралар қабылданады. Министрлік…

Read More

Алматы облысында ірі жол-көлік апаты болып, жеті адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Tarazy.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Алматы–Бішкек тас жолының 129-шақырымында болған. Алдын ала мәліметке сай, Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алдындағы HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. «Апат салдарынан жеңіл көлікте болған жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінген ведомство таратқан хабарламада. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда. Бұл – соңғы екі апта ішінде Алматы облысында тіркелген екінші ауыр жол апаты. Бұған дейін, 24 қараша күні, осы бағыттағы 65-шақырымда Audi мен Toyota көліктері соқтығысып,…

Read More

Атырау қаласы әкімдігінің алдында, Жайық өзенінің бойында заңсыз ойын автоматтары жұмыс істеп тұр. Бұл мәселені жергілікті блогер Рүстем Баязиев көтеріп, әлеуметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz Блогердің айтуынша, балаларға арналған бұл аппараттарда үлкен ақша айналып жатыр. “Ойыншық алу үшін аппаратқа 200 теңге саласың, бірақ темірі қыспайды. Яғни ойыншықты алу мүмкін емес. Көзге көрінбесе де, мұнда үлкен көлемде ақша айналып жатыр. Ал аппаратты қоюға ешқандай рұқсат қағазы жоқ. Кеше маған 100-ден аса ата-ана хабарласып, балалары осы автоматтарда бірашама ақша жоғалтқанын айтты. Біз енді баланы жылатпау үшін барымызды саламыз. Бұл аппараттар балаларды кішкентайынан азартқа үйрететін құралға айналып отыр”, – дейді Рүстем Баязиев.…

Read More

Астанада ерекше балаларға қатысты даулы видеодан кейін блогер ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Әлеуметтік желіде блогер ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз сөздер айтқан видео тараған, ал полиция әкімшілік іс қозғады. «Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», — деді полиция. Астана Полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертті. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Гүлнәр Оразалина атты блогер даулы мәлімдеме жасады. Ол ерекше балалардың өмірге келу себебі аналары жүргіш болғандықтан екенін айтты. «Жүргіштердің жазасын алатын кезі…

Read More

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметін және олардың өңірлердің дамуына әсерін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Тексеру ӘКК құрылымдарында проблемалар мен кемшіліктер жинақталғанын көрсетті. Мұндай жағдай олардың жұмысын тұтас үйлестіру мен регламенттеудің, Ұлттық экономика министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті реттеудің болмауына байланысты қалыптасып отыр. Мәселен, ӘКК мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграцияланбаған. Олардың даму жоспарлары номиналды сипатқа ие және сыртқы бағалауға жатпайды, ал қызметі әкімдіктердің тиімділігін бағалауға әсер етпейді. Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы ҚР ҰЭМ уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ӘКК жұмысында тәртіп орнатуға тиіс екенін атап өтті. «ӘКК нақты немен айналысуы керек екенін анықтап, бірыңғай тәсіл әзірлеу…

Read More

1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүргендерге айыппұл салынады, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл талапты бұзса, жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш (19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Қайталанса, айыппұл 20 АЕК-ке (78 640 теңгеге) дейін өседі. 2026 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңге болады, сондықтан айыппұл мөлшері де артады. Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне сай 1 желтоқсаннан 28 ақпанға дейін жазғы дөңгелекпен жүруге болмайды. Бұл ереже Қазақстанның Жол жүрісі қағидаларында да бекітілген, оны бұзу әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Read More

Министр Аида Балаева тағы бір қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, 2007 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетін бітірген. 1999–2002 жылдары — Алматы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы. 2002–2004 жылдары — Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы Талдау және қоғамдық-саяси үрдістерді үйлестіру бөлімінің бастығы. 2004 жылы — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы Талдау және болжау бөлімінің бастығы. 2004–2005 жылдары — Алматы қаласы бойынша ақпарат басқармасы бастығының орынбасары. 2005–2006 жылдары — Алматы қаласынның ішкі…

Read More

Алматы қаласының Алатау ауданында орналасқан «Каспий» тұрғын үй кешенінің ауласында орын алған оқиға жұртшылықтың назарын аударды. Куәгерлердің айтуынша, балалар арасындағы сөзталас ересектердің араласуына ұласқан, деп хабарлайды Tarazy.kz Ер адам аулада ойнап жүрген баланың біріне күш қолданды деген ақпарат тарады. Оқиға барысында ер адамның жұбайы да келіп, зардап шеккен баланың әжесімен сөзге келіп қалғаны хабарланды. Зардап шеккен баланың туыстарының айтуынша, аталған отбасы өз тарапынан болған әрекетті мойындамай отыр. Сондай-ақ, учаскелік инспектор тарапынан оларды «татуластыру» жөнінде ұсыныс болғанын, ал оны жүзеге асыру үшін күдіктілер медициналық шығынды өтеуі керектігі туралы ақпарат та тарады. Алматы Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді. «Әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын…

Read More

Депутат Бақытжан Базарбек заңсыз берілген жер телімдеріне қатысты басталған тексерістерді тоқтатуға және қысым көрсетуге талпынып жүргендерге қатаң ескерту жасады. Бұл туралы ол өзінің ресми мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Базарбектің айтуынша, тексерістерге “жоғарыдан телефон соғу”, жеке өтініштер немесе шағым жазумен әсер етуге тырысатындар өз жағдайларын ушықтыра түседі. “Егер біреу маған қысым көрсетіп, тексерістерді тоқтата аламын деп ойласа, бұл бос әурешілік әрі өте қауіпті. Тәжірибе көрсеткендей, жұмысымa кедергі келтіруге тырысқандардың жағдайы тек нашарлай түседі. Мұндай ниетпен маған жоламауды ескертемін”, – деді депутат. Оның сөзінше, 2025 жылдың мамыр айынан бері ол Бас прокуратураға бірнеше рет ресми өтініш жолдап, КУЗР МСХ мен МВРИ-мен бірлесіп 14…

Read More