Автор: admin
Солтүстік Қазақстан облысының Ольшанка ауылында өрттен көз жұмған бес жасар қыздың анасы қамауға алынды. Бұл туралы Сенат дәлізінде ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, әйелге қатысты кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. «Солтүстік Қазақстан облысында анасы баласын үйде жалғыз қалдырған, кейін өрт шыққан. Осы дерек бойынша баланы қауіпті жағдайда қалдыру бабымен қылмыстық іс тіркелді. СҚО тұрғыны қамауға алынды», – деді Санжар Әділов. Еске салайық, бұған дейін СҚО-да бес жасар қыз құлыптаулы үйде тірідей жанып кеткені хабарланды. Оқиға 18 қаңтарда кешкі уақытта Ольшанка ауылында болған. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үйді от толық…
Шымкентте орнатылған смарт-дәретханалар кей азаматтардың жауапсыз әрекеттерінен бүлініп жатыр. Қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыру мақсатында қойылған нысандарды әдейі сындыру, ішіндегі жабдықтарды жарамсыз ету жағдайлары жиілеп кеткен, деп хабарлайды Tarazy.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап. Жауапты мамандардың мәліметінше, қоғамдық әжетханаларда гүлдерді жұлып кету, кәріз жүйесін бітеп тастау, техникалық құрылғыларды қасақана зақымдау сияқты әрекеттер жиі кездеседі. Мұның барлығы жобаны жүзеге асырып отырған тарапқа айтарлықтай материалдық шығын келтіріп жатыр. Соңғы оқиға кезінде екі белгісіз адам әжетхана ішіндегі техниканы әдейі істен шығарған. Олар фенді сымымен қоса жұлып алып, нысанның қалыпты жұмысын тоқтатуға себеп болған. Жоба менеджері Милана Перемитинаның айтуынша, бұл жай ғана абайсыздық емес,…
Қазақстанда 2026 жылдан бастап міндетті автосақтандыру тәртібі жаңарады. Бұл өзгерістер алғаш рет сақтандыру полисін рәсімдейтіндерге де, бұрыннан көлік тізгіндеп жүргендерге де қатысты. Мән-жайды Fingramota.kz жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz Базалық тариф ұлғаяды 2026 жылы көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың бастапқы бағасы шамамен 8 217 теңге болады. Бұл 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңге деңгейінде белгіленуіне байланысты. Дегенмен бұл бастапқы сома ғана. Полистің түпкілікті құны арнайы түзету коэффициенттері арқылы есептеледі. Көліктің тіркелген өңірі, жүргізушінің жасы мен тәжірибесі, көлік түрі, сондай-ақ, бұрын болған жол-көлік оқиғалары ескеріледі. Өңірлерге қарай айырмашылық болады 2026 жылдан бастап өңірлік коэффициенттер жол апатының жиілігіне қарай қайта қаралады. Апат жиі…
Жамбыл облысында 22 бала уланып, ауруханаға жеткізілді. 12 мен 17 аралығындағы жасөспірімдер Қызылорда облысынан күрес бойынша оқу-жаттығу жиынына қатысу үшін келген. Алдын ала диагноз анықталмаған этиологиядағы гастроэнтерит, деп хабарлайды Tarazy.kz өңір әкімдігіне сәлтеме жасап. Аурудың себебін анықтау мақсатында зардап шеккен балалардан және тұтынған тағам өнімдерінен зертханалық сынамалар алынған. Қазіргі таңда облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Балалардың медициналық мекемеге жеткізілгені туралы дерек жергілікті полиция департаментінде тіркелген. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен әкім орынбасарлары Айжан Есмағамбетова мен Серік Сәлемов оқиға орнына барып, жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. Қазіргі уақытта жасөспірімдер дәрігерлердің бақылауында, барлығының жағдайы тұрақты. Ал оқу-жаттығу жиынына қатысқан өзге адамдар — 103 бала мен 13…
Жекеменшікке тиесілі «Қайрат» футбол клубына 2026 жылы Алматы қаласының бюджетінен 840 млн теңге бөлінеді. Бұл туралы қалалық бюджеттің егжей-тегжейлі шығыстарына сілтеме жасаған Besmedia жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бөлінетін қаражаттың негізгі бөлігі — 750 млн теңге -клубтың қызметін қамтамасыз етуге бағытталмақ. Оның ішінде Премьер-лигадағы негізгі команда, жастар құрамы және футбол академиясының жұмысы қамтылады. Қазіргі таңда «Қайрат» клубының құрылымында 103 қызметкер бар. Олардың қатарында негізгі құрам мен «Қайрат Жастар» командасының футболшылары мен бапкерлері, сондай-ақ академияда жұмыс істейтін 41 жаттықтырушы бар. Академияда бүгінде 800-ден астам бала білім алады. Бұдан бөлек, Алматыда футзалды дамытуға 90 млн теңге қарастырылған. Бұл қаржы жаттығу үдерісіне, жарыстарға қатысуға және болашақ спортшылар резервін даярлауға жұмсалмақ. Сонымен қатар «Қайрат» клубы 2025–2026 жылғы…
2026 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында «Франция ұлттық кітапханасындағы парсы тіліндегі қолжазбалар: тарихы, коллекционерлер және каталогтардың ерекшеліктері» тақырыбында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының V отырысы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Іс-шараның басты мақсаты – рухани мұра мен жазба мәдениетін зерттеу, сақтау және кеңінен насихаттау бағытындағы ғылыми ынтымақтастықты нығайту. Отырыс барысында Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланып, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының қорына құнды әрі сирек мұралар табысталды. Жиын барысында Ғылым ордасының бас директоры Ұлар Мұқажанов пен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева екіжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат ғылым мен мәдениет саласындағы ұзақмерзімді әріптестікті дамытуға бағытталған маңызды…
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы “Орталық” өңірлік қолбасшылығының 6505 әскери бөлімінде мерзімді қызметін өткеріп жүрген қатардағы жауынгер Аппаз Абдурахман Тұрғынқожаұлы – әскери тәртіп пен шығармашылықты ұштастыра білген ерекше жас. Ол – жүректегі шынайы сезімін өлеңмен өрнектейтін жас ақын, деп хабарлайды Tarazy.kz ҚР ІІМ ҰҰ “Орталық” ӨңҚ Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 2005 жылғы 15 сәуірде Түркістан облысы, Келес ауданы, Бесқұбыр ауылында дүниеге келген Абдурахманның поэзияға деген құштарлығы мектепте, 7-сыныптан бастап оянды. Сол кезден бастап ол өмір туралы ойларын, сезімдері мен толғанысын жыр жолдары арқылы жеткізіп келеді. Мектепті аяқтағаннан кейін Сарыағаш медресе-колледжінде «исламтану» мамандығы бойынша білім алып, кейін Мардан Сапарбаев атындағы университетте «Қазақ тілі және…
Шымкентте адам өлтіру және бұзақылық дерегі бойынша күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде адам өлтіру және бұзақылық қылмыстарына қатысы бар күдікті төрт ер адам анықталып, ұсталған. «Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазір жедел іздестіру шаралары жалғасып жатыр. 20 қаңтарда 40 жастағы ер адам пышақ жарақаттарынан көз жұмды, тағы бір азамат ауруханаға жеткізілді», — деді полиция. Бұл жайт бойынша «адам өлтіру», «бұзақылық» және «адамды ұрлау» баптарымен қылмыстық іс қозғалған. «Күдіктілерді анықтап, ұстау мақсатында Полиция департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Қылмыстық істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр», — деді полиция. Еске салайық, бұған дейін Шымкентте…
Бүгін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында студенттер арасында «Жасыл хакатон – 2026» экологиялық инновациялық идеялар байқауы өтті. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл байқау жастардың қоршаған ортаны қорғауға бағытталған тың жобаларын қолдауды мақсат етеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу, сондай-ақ смарт-экологиялық шешімдер – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Елдегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын ұсыну – ғаламдық деңгейдегі маңызды міндеттердің қатарында. Осы орайда өткен байқау студенттердің белсенділігін арттырып, экологиялық жауапкершілікті нығайтуға бағытталды. Хакатонға «Грин сайкл», «Экобэлэнс», «Эколоу», «Стар», Жансүгіров колледжінің командасы, «Грин хакерс», «Байоуолл тим», «Ворлд дестройер», «Жасыл білім», «Экодизайн»,…
Алтын өссе, доллар құлай ма? Бұл сауалға танымал сарапшы Айбар Олжай жауап берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, 20 күн ішінде 9 пайызға қымбаттаған алтын қазақ еліне 4,2 миллиард доллар алып келген. «2025 жылдың аяғында біз 47,2 миллиард доллардың алтынын ұстап отырған едік. Енді оның нарықтық құны 51,4 миллиард долларға көтеріліп отыр. Осыған СКВ активтеріне жататын 18,5 миллиард долларды қоссақ, дәл бүгін алтын-валюта қорымыз 70 миллиард долларға жетейін деп тұр. Оған Ұлттық қордың 77,7 миллиард долларын қосайық. Сонда халықаралық резервтеріміз 147,7 миллиард долларға барады. Бұл өте жақсы», — деді ол. Айбар Олжайдың сөзінше, дәл осы кезде Теңіздегі технологиялық проблемалардан мұнай өндіру…