Автор: admin
Биыл Жамбыл облысында жолдарды жаңғырту мен жөндеуге 16,2 млрд теңге бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Өңірде автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы 10 038 шақырымды құрайды. Биыл жол саласына 16,2 млрд теңге қарастырылған (оның ішінде 8,3 млрд теңгесі республикалық бюджеттен). Бұл туралы әкімдікте өткен жиында облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков баяндады. Бөлінген қаржы Тараз қаласындағы 9,4 шақырым жолды қайта жаңғыртуға және жалпы 605,2 шақырымды құрайтын облыстық, аудандық маңызы бар жолдар мен елді мекен көшелерін орташа жөндеуге бағытталады. Жол жөндеу бойынша барлығы 252 жоба жоспарланған, олар негізінен «Нұрлы жол», «Ауыл – Ел бесігі», «Өңірлерді дамыту-2025»…
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Тараз қаласында 25 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тінту жүргізу кезінде оның киімінің қалтасынан «Альфа-PVP» синтетикалық есірткі заты оралған 84 дана полиэтилен түйіншегі табылды, сонымен қатар, оның көлігінен тағы 50 пакет табылып, тәркіленді. Есірткі құралдары Черныш атты қызметтік-іздестіру итінің көмегімен анықталды. Сондай-ақ, күдікті есірткі сақталған тағы 16 орынды өз еркімен көрсетті. Тәркіленген тыйым салынған заттардың жалпы салмағы 60 грамнан асты. — Күдікті өз кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған бапқа…
Жыл басынан бері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында облыс жолдарына 914 тексеру жүргізілсе, тексерулер 9449 шақырым жолды қамтыды. —Тексеру барысында облыс жолдарында 7447 ақау анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша жол ұйымдарының басшыларына орындау үшін 914 нұсқама берілді. Автомобиль жолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктер бойынша жергілікті атқарушы органдарға 315 ақпарат жолданды. Автомобиль жолдарын қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпегені үшін 105 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың ішінде Меркі ауылдық округінің, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің маманы, Жуалы ауданының ауылдық округтерінің әкімдері және заңгерлік кеңселері бар, — деді Жамбыл облысы ПД ӘПБ бастығы полиция подполковнигі Жайдарбек Құттыбаев. Қазақстан Республикасы…
Ағымдағы жылдың 5 маусым күні таңғы 08.00-ден бастап Жамбыл облысы аумағында референдумның 492 учаскесі жұмыс жасады. Аймақтағы референдумға қатысу құқығы бар ел азаматтарының жалпы саны 688, 369 адамды құрады. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде өңірдегі сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтт. Оның мәліметінше, дауыс беруге қатысқан азаматтардың саны 477 290 адамды немесе референдумға қатысу құқығы бар азаматтар санының 69,39 %ын құрады. Референдумға қойылған мәселенің оң шешімін жақтап дауыс берген азаматтардың саны облыстағы дауыс беруге қатысқандардың 78,63 пайызын немесе 375, 277 адамды құрады. «Конституциялық түзетулерге қарсы дауыс берген азаматтар 17,85 пайызын немесе дауыс беруге қатысқандар санының 85,173 адамын құрайды. Жауаптардың екі…
Мельбурн қаласындағы (Аустралия) Marvel Stadium аренасында жеңіл салмақ дәрежесі бойынша әлемнің абсолют чемпионы атағы үшін жекпе-жек өтті, — деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл титулды жеңіліп көрмеген австралиялық кіші Джордж Камбосос пен америкалық Девин Хэйни сарапқа салды. Хейнидің WBC титулы мен Камбососқа тиесілі WBA, IBF және WBO белбеулері тігілген жекпе-жек аса қызық болмаған. Жоспарланған 12 раундтан кейін төрешілер жеңісті бірауыздан Хэйниге берді. Есеп — 116-112, 116-112 және 118-110. Камбосостың реванш өткізуге құқығы бар, екінші жекпе-жек болса, қайтадан Аустралияда өтуі керек екені айтылған.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов отбасымен бірге Тараз қаласындағы №53 мектепте орналасқан №50 сайлау учаскесіне барып, Жалпыхалықтық Референдумға қатысып, дауыс берді. Айта кетейік, облыс аумағында барлығы 492 сайлау учаскесі құрылған, олар барлық талаптарды сақтай отырып, таңғы сағат 07:00-ден жұмысын бастады.
Таразда 3 жігіт бірнеше ай бойы тауарлардың ақысын жалған түбіртектермен төлеп, дүкен сатушыларын алдап келген. Бұл туралы полиция бөліміне 66 жастағы әйел шағымданды. Жәбірленушінің айтуынша, алаяқтық әрекеттері 5 айға жуық уақытқа созылған. Дүкен иесі ревизия жасағаннан кейін алданғанын білді. Жетіспеушілікті байқаған кәсіпкер барлық сатып алушылардың түбіртектерін тексере бастады. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190- бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 18 және 17 жастағы үш жігітті ұстады. Ұсталғандар кінәларын толық мойындады. Күдіктілер жалған түбіртектер жасау үшін қосымшаны қолданғаны анықталды. Материалдық шығын көлемі 1 500…
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі «Баусасық» құмды аймағында 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі «каннабис өсімдігі», 4 келі 800 гр «кептірілген марихуана» және 4 грамнан астам «каннабис шайыры» есірткі заты табылып, тәркіленді. Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынды аталған кеңес төрағасы Мұқаш Ескендіров жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалы директоры Еркін Атымтаев ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Оның айтуынша, өткен жылы Өңірлік кеңес құрамымен 10 отырыс өткізіліп, 43 проблемалық мәселе қаралған. Ал, ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысы бойынша 4 отырыс ұйымдастырылып, 18 өзекті мәселе назарға алынған. Бизнестің құқығын қорғау бағыты бойынша кәсіпкерлерден 35 өтініш келіп түскен десек, оның 7 өтініші оң шешімін тапқан. 15 өтініш бойынша түсініктеме берілсе, 13 өтініш жұмыс барысында қаралуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың наурыз…
Жамбыл облысында ҚР Мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығына орай «Менің Қазақстаным!» атты форум өтті. Әуелете шырқалған Әнұранмен ашылған шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов қатысып, жиналғандарды мерекемен құттықтады. — Бүгінде Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұран – әр қазақ мақтан тұтатын, халқымыздың береке-бірлігін арттыра түсетін бойтұмарымыз.Рәміздерді қастерлеу – біздің ортақ парызымыз. Мемлекеттік рәміздер – кез келген мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының бейнесі. Осынау нышандарымыз төрімізден түспей, туымыздың тұғыры биік болсын!Мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбеков Жамбыл өңірінің тумасы және ел мақтанышы. Өткен жылы тарихи тұлғаның есімі өзінің кіндік қаны тамған Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылына беріліп, ауыл маңында Мемлекеттік Ту-Тұғыры көтерілді. Бұл Мемлекеттік рәміз мен тұлғаға көрсетілген…