Автор: admin

Қазақстанда Ресей азаматтарына берілген уақытша тұруға рұқсат құжаттарына қатысты қылмыстық іс тексеріліп жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Tarazy.kz Ресейлік БАҚ мәліметінше, Қазақстанда жалған уақытша тұруға рұқсат (РВП) құжаттарына байланысты іс қозғалған. Бұл істі Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) тергеп жатқаны айтылуда. Ақпаратқа сәйкес, іс бойынша әскери жасындағы ондаған Ресей азаматы куәгер ретінде өтіп жатыр. Тергеу 2026 жылдың ақпан айының соңында басталған, ал жауап алу бірнеше адамнан топ-топ болып жүргізіліп жатыр деген мәлімет бар. Уақытша тұруға рұқсат (РВП) – шетел азаматтарына Қазақстан аумағында бір жылға дейін заңды түрде тұруға мүмкіндік беретін құжат. Оны алу үшін ресми жұмыс орны және тұрғылықты мекенжай…

Read More

Павлодар соты Еңбек мобильдігі орталығының директоры Меруерт Есембаеваны кінәлі деп таныды. Ол 2026 жылғы 22 ақпанға қараған түні қызметтік Chery Tiggo 7 Pro көлігімен жүріп келе жатып, полицияның тоқтау туралы талабына бағынбаған, деп хабарлайды Tarazy.kz Nege.kz-ке сілтеме жасап.  Полиция қызметкерлері оны қуып жетіп тоқтатқан. Алайда әйел алкогольдік мас күйін тексеру процедурасынан өтпеген. Меруерт Есембаева – Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Нұрлан Есембаевтың жұбайы. Тексеру барысында оның мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтіні және ресми түрде декреттік демалыста болғаны анықталған. Соған қарамастан ол қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланған. Сотта Есембаева мен оның қорғаушылары айыпты жоққа шығаруға тырысқан.…

Read More

UNICEF-тің “Kids Online Kazakhstan” зерттеуінің мәліметінше, 9–10 жастағы балалардың шамамен 60%-ының әлеуметтік желілерде аккаунттары бар, ал 11–12 жастағы жасөспірімдердің шамамен үштен екісі белсенді түрде өз профильдерін жүргізеді. Qazaq Expert Club медиа білім беру саласының сарапшысы Жанар Жақанованың айтуынша, әлеуметтік платформалар елдегі интернет аудиториясының басым бөлігін қамтиды: TikTok-ты Қазақстанда 15 миллионнан астам пайдаланушы қолданады, ал Instagram-ның аудиториясы 12 миллионнан асады, деп хабарлайды Tarazy.kz «Біз балалар мен жасөспірімдердің цифрлық контент жасаушылары деген құбылыстың пайда болғанын байқап отырмыз. Сонымен қатар, қатарластары жасаған жарияланымдарды жасөспірімдер анағұрлым шынайы деп қабылдайды. Сондықтан жасөспірім блогерлер көбіне трендтер мен мінез-құлық үлгілерінің таратушысына айналады», — дейді сарапшы. Халықаралық тәжірибеде…

Read More

Вьетнамда жұмбақ жағдайда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы оның әпкесі әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазір Әсем консулдың жанында екені айтылды. Алайда қыздың әпкесі оқиғаның мән-жайын нақтыламады. Айта кетейік, бұған дейін 26 жастағы Әсем 6 наурызда Вьетнамның Хошимин қаласында байланысқа шығуын тоқтатқаны хабарланды. Туыстарының айтуынша, Әсем сол күні Ханой қаласына ұшып барып, Қазақстан консулымен кездесуді жоспарлаған. Алайда әуежайға шамамен 20 шақырым қалғанда ол байланысқа шықпай қалған. Жақындарының сөзінше, жоғалар алдында қыз қатты қорқып жүргенін және өзін біреулер аңдып жүргенін айтқан.

Read More

Шымкентте жастар командалары арасындағы футбол матчы төбелеспен аяқталды. «Ордабасы» мен «Ақтөбе» клубтарының жас ойыншылары алаңда жанжал шығарып, соңы жаппай қақтығысқа ұласқан, деп хабарлайды Tarazy.kz Козачков телеграмм каналының мәліметіне сәйкес, ойын барысында футболшылар доп тебудің орнына бір-біріне қол көтеріп, жаппай төбелес бастаған. Оқиға салдарынан «Ақтөбе» командасының екі ойыншысы ауруханаға жеткізілді. Олардың біріне ауыр жарақат салдарынан операция қажет екені хабарланды. Дәрігерлердің мәліметінше, футболшылардың бірінің жақ сүйегі сынған. Матчтың нақты нәтижесі әзірге жарияланған жоқ. Шымкент қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында жанжалдың басталуына себеп болған «Ордабасы» командасының капитаны анықталып, ол қамауға алынған. Қазіргі уақытта оқиғаның…

Read More

Эстрада жұлдыздары жаңа Конституция туралы ән шырқады, деп хабарлайды Tarazy.kz 3,5 минуттық бейнеклип референдумға арналған YouTube арнада жарияланған. Әні: Асқар Әбдиев, Арман Мұқашев, Ренат Гайсин. Сөзі: Арман Манарбекұлы. 9 наурызда жарияланған видеоны 3,6 мыңнан аса адам көрген. 60-тан аса пікір жазылған. Алайда бұл пікірлерді боттар жазғандай әсер қалдырған. Себебі бір-біріне ұқсас, әнді мақтаған пікірлер басым. Алайда әлеуметтік желіде әншілерді сынаған жазба көп. “Осылар конституцияда не жазылғанын біле ме екен?” “Бұларда ұят жоқ” деген пікірлер де кездеседі. Бейнеклипте әнші Қайрат Баекенов, Мадина Сәдуақасова, Заттыбек Көпбосынұлы, Бауыржан Исаев, Еркеш Хасен, Маржан Арапбаева, Алишер Каримов, Роза Рымбаева және тағы басқа әншілер бой көрсеткен. 

Read More

Қазақстан Ресейден импортталатын автокөліктерге утильалым мөлшерін арттыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, бұл шешім Ресей тарапы енгізген шараларға жауап ретінде қабылданбақ. Министрдің сөзінше, көрші ел қазақстандық көліктер үшін утильалымды бірнеше есе, тіпті ондаған есе арттырған. «Бұйрық әлі қол қойылған жоқ. Біз Ресей нарығына қатысты жаңа талап енгізіп отырған жоқпыз, тек қалыптасқан жағдайды айна-қатесіз қайталап отырмыз. Екі елдің нарығына да тең қолжетімділік болуы керек. Ресейде біздің көліктер үшін утильалым бірнеше есе, ондаған есе көтерілді. Сонымен қатар ол жақта 2029–2030 жылдарға дейін жыл сайын өсетін прогрессивті шкала енгізілген. Соның салдарынан утильалым мөлшері өте жоғары деңгейге…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы ресейлік ақпарат агенттіктері Путиннің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ушаковтың айтуынша, екі ел басшысы халықаралық жағдайға байланысты бірқатар маңызды мәселелерді талқылаған. «Бүгін кешке Ресей мен АҚШ президенттері телефон арқылы сөйлесті. Дональд Трамп Владимир Владимирович Путинге қоңырау шалып, халықаралық ахуалдың қазіргі дамуына қатысты бірқатар маңызды тақырыптарды талқылады», – деп оның сөзін «Интерфакс» агенттігі келтіреді. Ушаковтың мәліметінше, әңгіменің негізгі бөлігі Иран төңірегіндегі қақтығыс жағдайына және АҚШ өкілдерінің қатысуымен өтіп жатқан Украина мәселесін реттеу жөніндегі үшжақты келіссөздерге арналды. Әңгіме шамамен бір сағатқа созылған.

Read More

Атырау маңынан Жангелдин ауылында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды,деп хабарлайды Tarazy.kz «Ulysmedia»-ға сілтеме жасап. Дереккөздің мәліметінше, Атырау қаласының маңындағы Геолог шағын ауданындағы уақытша тұрғын үйдің ауласынан Наурыз бен Мирамгүлдің денелері табылған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оларды өлтіріп, уақытша үйдің ауласына жасырын түрде көміп кеткен. Бұрын бұл жерде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайымен бірге тұрған. Еске салайық, бұған дейін Жангелдин ауылындағы шаруашылық құрылысының ішінен осы отбасының ерлі-зайыптыларының мәйіттері табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша, оларды да Сәрсемәлиев өлтірген. Қылмысты жасыру үшін сарай ауласынан шамамен бір жарым метр тереңдікте шұңқыр қазылып, мәйіттер сонда көмілген. Кейін үстіне топырақ төгіліп, линолеум жабылып, диван…

Read More

Иранда елдің жаңа жоғарғы көшбасшысы жарияланды. Қаза тапқан бұрынғы жетекші Али Хаменейдің орнына оның ұлы Моджтаба Хаменей тағайындалды. Бұл туралы ирандық Fars агенттігі жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Тегеран әзірге жаңа көшбасшыны тағайындау рәсімінің толық мәліметін ресми түрде жариялаған жоқ. Дегенмен 8 наурыз күні кешке Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) жаңа көшбасшыға адалдық антын беріп, оның бұйрықтарын толық орындауға дайын екенін мәлімдеді. Моджтаба Хаменей кім? Моджтаба Хаменей 1969 жылы Иранның Мешхед қаласында дүниеге келген. Ол Иранның бұрынғы жоғарғы көшбасшысы Али Хаменейдің отбасында өскен. Әкесінен айырмашылығы – ол ресми мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқармаған. Көп жыл бойы саяси сахнаның сыртында қалып, негізінен әкесінің…

Read More