Автор: admin
26 жастағы қазақстандық Асем есімді қыз 6 наурыз күні Вьетнамның Хошимин қаласында байланысқа шығуын тоқтатқан. Бұл туралы қыздың әпкесі әлеуметтік желіде жазба жариялап, көмек сұрады, деп хабарлайды Tarazy.kz Туыстарының айтуынша, Асем сол күні Ханой қаласына ұшып барып, Қазақстан консулымен кездесуді жоспарлаған. Алайда әуежайға шамамен 20 шақырым қалғанда ол байланысқа шықпай қалған. Жақындарының сөзінше, жоғалар алдында қыз қатты қорқып жүргенін және өзін біреулер аңдып жүргенін айтқан. Қазіргі уақытта Асемнің отбасы Вьетнамда немесе көршілес елдерде жүрген азаматтардан көмек сұрап отыр. Сондай-ақ олар туристік және жергілікті WhatsApp, Telegram топтарда ақпарат таратуға шақырды. «Егер Вьетнамда тұратын таныстарыңыз немесе туыстарыңыз болса, бізбен хабарласуларыңызды сұраймыз. Мүмкіндік…
Таяу Шығыстан қазақстандықтарды елге қайтару жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Tarazy.kz Көлік министрлігінің мәліметінше, наурыз айының 7-нен 8-не қараған түні Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға Air Astana, SCAT, Flydubai және Air Arabia әуе компаниялары 11 рейс орындап, нәтижесінде елге 1 786 жолаушы жеткізілді. 8 наурыз күні де қазақстандық және шетелдік әуе компаниялар азаматтарды Қазақстанға қайтару үшін тағы бірнеше рейс жоспарлауда. 3 наурыздан бері Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 37 рейс жасалып, 6 254 адам елге оралды. Қазақстан азаматтарын елге қайтару жұмыстары уәкілетті мемлекеттік органдар мен әуе компанияларының үйлестіруімен жалғасып жатыр.
Қазақстан 2025 жылы шетелге шамамен 79 млрд доллардың тауарын экспорттаған. Ал ең көп мөлшерде тауарды Италия мен Қытайға жөнелткен, деп хабарлайды Tarazy.kz «Finnews.kz»-ке сілтеме жасап. Статистикаға сәйкес, ел экспортының негізгі бөлігін мұнай мен мұнай өнімдері құрайды. Атап айтқанда, шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің үлесі жалпы экспорттың шамамен 50,5%-ын алған. Сонымен қатар экспорт құрылымында: уран және радиоактивті өнімдер – 5,3%, тазартылған мыс – 5,2%, мыс кендері – 3,6%, ферроқорытпалар – 2,6% үлеске ие. Қазақстан тауарлары ең көп жөнелтілетін елдердің қатарында Италия (19,8%), Қытай(19,2%) және Ресей (10,3%) бар. Одан кейінгі орындарда Нидерланды (7,6%), Түркия (4,9%) және Өзбекстан (4,5%) тұр. Мамандардың айтуынша, Қазақстан экспортының басым…
8 наурыз – әйелдер қауымының қоғамдағы орнын тағы бір мәрте еске салатын ерекше күн. Бүгінде қазақстандық ханымдар ғылымда да, кәсіпте де, мемлекеттік басқару жүйесінде де белсенді. Осы орайда Dalanews.kz редакциясы жауапты қызмет атқарып жүрген білікті ханымдардың бірқатарына шолу жасапты. Соны Tarazy.kz назарларыңызға ұсынады. Үкімет үмітін арқалаған үш министр Қазіргі таңда Үкімет құрамында 21 министрдің ішінде үш әйел министр қызмет атқарады. ©Фото: Ақорда Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары әрі Мәдениет және ақпарат министрі қызметінде елдің идеологиялық бағытына үлес қосып келеді. 2023 жылдың күзінде министрлік тізгінін ұстаған ол, 2025 жылдың соңында Үкімет басшысының орынбасары деңгейіне дейін көтерілді. Мемлекеттік қызметттің барлық сатысынан өткен саясаткер…
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысы бар делінген Airbus ACJ320neo бизнес-джеті АҚШ-та бір жылдан астам уақыттан бері қайта жаңғырту жұмыстарынан өтіп жатыр. M-IRAS нөмірлі ұшақ қазір Индианаполис қаласында тұр. Бұл туралы “Выход к морю” телеграм-арнасы мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Flightradar24 сервисінің деректеріне қарағанда, әуе кемесі кейінгі уақытта тек қысқа техникалық сынақ ұшуларын орындап келеді. Airbus ACJ320neo үлгісіндегі ұшақтар көбіне “ұшатын пентхаус” деп аталады. Өйткені оның стандартты нұсқасы 180 жолаушыға дейін тасымалдауға қауқарлы. Ал бизнес-нұсқасы әдетте 20–25 адамға арналып жабдықталады. Мұндай лайнерлерде жатын бөлмелер, жұмыс кабинеттері, келіссөз жүргізуге арналған арнайы аймақтар мен демалыс орындары қарастырылады. Бұл ұшақты Назарбаев пайдаланғаны туралы мәліметтер…
Алматының орталығында гастрономиялық көше пайда болуы мүмкін. Урбанистердің пікірінше, мұндай жоба қалаға жаңа туристерді тартып, жергілікті тұрғындар үшін тағы бір тартымды орынға айналуы ықтимал. Жоба жуырда қала әкіміне таныстырылған, деп хабарлайды Tarazy.kz КТКтелеарнасына сілтеме жасап. Соған сәйкес, жақын уақытта Құрманғазы көшесінің Абылай хан даңғылы мен Достық даңғылы аралығындағы бөлігі біртұтас мейрамханалар серуен жолына айналуы мүмкін. Мұнда жаяу жүргіншілерге арналған кеңістік көбейіп, жазғы террасалар пайда болады, ғимараттардың қасбеттері реттеліп, ортақ дизайн-код енгізіледі. Алайда қала тұрғындарының пікірлері екіге бөлінген: біреулер орталықта онсыз да қоғамдық тамақтану орындары тым көп десе, енді бірі бұл бастаманы қолдайды. Қазірдің өзінде Құрманғазы көшесін Алматыдағы ең «дәмді» көшелердің…
Үкіметте премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткізілген сыртқы сауда және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында еліміздің азық-түлік және экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін бірқатар түйінді мәселе қаралды, деп хабарлайды Tarazy.kz Картопты экспорттауға тыйым салынбайды Ішкі нарықтағы баға айтарлықтай тұрақталуын және жеткілікті қор бар екенін ескере отырып, картоп экспортына уақытша шектеу енгізудің жөнсіздігі туралы шешім қабылданды. Сиыр етін экспорттаушыларға квота беру талабы жеңілдетіледі Квота бөлудің қолданыстағы тетігі кемінде 5 мың басқа арналған жеке бордақылау алаңы мен өзінің ет комбинаты болуы секілді бірқатар талапты көздейді. Шешім қабылдау кезінде ВАК-қа қатысушылар Үкімет бекіткен vал шаруашылығын дамытудың…
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» РМК деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда ВИЧ-пен өмір сүріп жатқан 37 038 адам тіркелген, деп хабарлайды Tarazy.kz Baq.kz ресми сауалына жауап берген министрлік жалпы тіркелген науқастардың ішінде 296-сы 15 жасқа дейінгі балалар екенін мәлімдеді. Ал қалған 36 742 адам – 15 жастан асқан тұрғындар. Гендерлік құрылымда ер адамдар басым. Мәліметке сәйкес, ВИЧ-пен өмір сүріп жатқан 22 728 ер адам және 14 310 әйел бар. Аймақтар бойынша көрсеткіштер ВИЧ-пен өмір сүретін адамдардың басым бөлігі ірі индустриялық өңірлер мен мегаполистерде шоғырланғанын көрсетеді. Тіркелген жағдайлар саны бойынша Алматы…
Ұшу кезінде телефоннан немесе планшеттен видеоның дауысын қосып көретін жолаушыларға енді қатаң шара қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайда мұндай жолаушыларға әуе компаниясының рейстерімен өмір бойы ұшуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Dailymail.co.uk жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz United Airlines әуекомпаниясы тасымалдау ережелерін жаңартып, жолаушыларға жеке құрылғылардан (телефон, планшет, ноутбук) аудио немесе видео тыңдағанда міндетті түрде құлаққап қолдану талабын енгізді. Жаңа талапқа сәйкес жолаушы құрылғысынан қандай да бір дыбысты құлаққапсыз тыңдаса, оны рейстен түсіріп, алдағы уақытта осы компания ұшақтарына отырғызбауы ықтимал. Өзгеріс тасымалдау келісімшартына енгізілген. Құжатта сапар кезінде жолаушылар ұстануға тиіс барлық талап көрсетілген. Соңғы нұсқада музыка тыңдағанда, видео көргенде немесе дыбыс шығаратын…
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамы 400 теңгеге дейін түсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Сүлейменовтің айтуынша, теңге бағамы еркін қалыптасатындықтан, ол экспорттан түсетін табысқа, сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен қазіргі шынайы сценарийлерде доллардың 400 теңгеге дейін түсуі қарастырылмайды. «Бағам еркін өзгеретін және экспорттық түсім, сұраныс пен ұсынысқа тәуелді болғандықтан, теория жүзінде бәрі мүмкін. Бірақ біз қарастырып отырған шынайы сценарийлерде доллардың 400 теңге болуы қарастырылмайды», – деді ол. Ұлттық банк басшысының айтуынша, доллардың 400 теңгеге дейін түсуі үшін ел экономикасының құрылымы айтарлықтай өзгеруі керек. «Экономика мен өнеркәсіп экспорт көлемін айтарлықтай арттырып, сонымен қатар…