Автор: admin

Жамбыл облысында «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігі мәліметіне сілтеме жасап. ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. «Департамент қызметкерлері «Жас маман» жобасы шеңберінде бөлінген 171 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады. Жобаның мақсаты — колледждер мен жоғары оқу орындарын неғұрлым сұранысқа ие 100 кәсіп бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу», — делінген хабарламада. ҚМА мәліметінше, қазіргі уақытта қылмыстық іс шеңберінде бірқатар жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тиісті сараптамалар…

Read More

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тәжікстан Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Бобохонзода Арабшах Равшанмен кездесті. Кездесу барысында Тәжікстан мен облысымыздың арасындағы сауда-экономикалық және рухани, мәдени байланыстар, инвестициялық даму перспективалары сөз болды. Облысымыздың Тәжікстанмен тауар айналымы жыл басынан мамыр айына дейін 2021 жылдың осы аралығымен салыстырғанда 76,5 пайызға ұлғайып, 6,8 миллион АҚШ долларын құраған. Оның ішінде экспорт 5,7 миллион АҚШ долларын құрап, 62,5 пайызға өссе, импорт 1,1 миллион АҚШ долларын құрап, 3,2 есе артқан. Экспортталған тауарлар қатарында арпа, күнбағыс тұқымы, кондитерлік өнімдер, сульфат, натрий цианиді, аммоний сульфаты, ферроқорытпалар мен ферросиликомарганец бар. Ал біздің өңірге Тәжікстаннан пияз бен кептірілген жемістер жеткізілген. Басқосу барысында…

Read More

Таразда полицей итке табельдік қару қолданды, — деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі. 8 шілдеде сағат 13:50-де «102» тетігіне Тараз қаласындағы дәріханаға қарама-қарсы бетте екі белгісіз ер адам спирттік ішімдік ішіп отырғаны, ал олардың жанында тұмылдырықсыз төбелесетін иттің бар екені туралы хабарлама түсті. Шақыру орнына келген полиция қызметкерлері 1979 және 1986 жылғы жергілікті екі тұрғынды анықтады, оларға өтіп бара жатқан адамдар шағымданған. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @zhambyl_police «43 жастағы ер адам «Питбультерьер» тұқымды итін тыныштандыру және оған тұмылдырық кигізу туралы полиция қызметкерінің талабына жауап бермеді. Ит босанып шығып, айналада жүрген адамдарға қауіпті болды.Қайғылы оқиға орын алмауы…

Read More

Аймақ басшысы Нұржан Нұржігітов облыс прокуратурасы жанындағы бизнесті қорғау жөніндегі сараптамалық кеңестің отырысына қатысты. Жиын барысында Нұржан Молдиярұлы шағын және орта бизнес үшін қарсы міндеттемелерді енгізу, олардың жауапкершілігін күшейту мәселелеріне жеке тоқталды. — Бизнес қауымдастық қоғамдағы тұрақтылық пен тыныштықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Мәселен, азық-түлік бағасын реттеу мәселесін алайық. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сату кезінде сауда үстемесін 15 пайызға дейін шектеу жөніндегі нормалар бекітілді. Бірақ, барлық бизнес субъектілері бұл талапты сақтамайды. Әсіресе, көп қабатты үйлердің аулаларындағы дүкендердің иесі ойына келген бағаны қояды. Мұндай болмауы тиіс. Бұл мәселеде отандық бизнестің ортақ ұстанымы маңызды. Ал адал кәсіпкерлер әрқашан мемлекеттің қолдауына ие…

Read More

Жамбыл облысында тұрғынынан жарты тоннадан аса кептірілмеген марихуана табылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. 7 шілдеде «Қарасора-2022» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы барысында Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданы аумағында пилотсыз ұшу аппаратын пайдалана отырып, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде жабайы сораны жинап жатқан 41 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Полиция қызметкерлері күдікті ұсталған маңды тексеру барысында Уля атты қызметтік ит көмегімен шабылған жабайы қарасораны тауып, тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, ол жалпы салмағы 517 келі «кептірілмеген марихуана» болып шықты. Ұсталған ер адам кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. «Дерекке қатысты Қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі бойынша…

Read More

Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Синдзо Абэ шабуылдан кейін қайтыс болды, — деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz порталы. NHK телеарнасы мәліметінше, саясаткер Нарадағы медициналық университеттің ауруханасында қайтыс болды. Ол 67 жаста еді. Синдзо Абэге көшеде сөз сөйлеп тұрған жерінде белгісіз біреу оқ атқаны хабарланған болатын. Қарулы шабуыл жергілікті уақытпен 11.30-да болған (елорда уақытымен 08.30). Оған екі мәрте оқ атылып, саясаткер бірден құлаған. Кейін шабуыл жасаған күдікті анықталды. Полиция Нара қаласында 41 жастағы Ямагами Тецуяны қамауға алған. Ол бұған дейін Жапонияның теңіздегі қорғау күштерінде қызмет еткені хабарланды. Оқиға орнында полицейлер қолдан жасалған қаруды тәркіледі. Оқиғаның куәгері болған екі әйел NHK арнасына берген сұхбатында, ер адам Абэ сөз сөйлеп жатқанда…

Read More

Қазақ эстрадасының әншісі Мақпал Исабекова Instagram желісіндегі парақшасында күйеуінің балаға таңдаған есімін жариялады, — деп хабарлайды Zakon.kz. Айтуынша, күйеуі екеуі бұл есім туралы жүктілікке дейін көп ойланған. Асқар, Азамат, Олжас сияқты есімдер баланың ерекше тегі мен әкесінің атына сәйкес келмейтінін түсіндім. Бұл халықаралық және әдеттен тыс нәрсе болуы керек. Бірақ, деп қосты әнші: «Күйеуімнің қиялының деңгейі мені таң қалдырды», — деп қосты әнші. Ерекше дау-дамай болмас үшін, ұл болса, атын күйеуім, ал қыз болса, мен қоямын деп бірден келістік, өйткені қызға өзім ойлаған есім бар еді. Бірақ күйеуімнің тұңғыш баламызға ең жақсы есімді ойлап тапқанына таң қалдым. Мен оның дыбысына,…

Read More

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде білім алатын 15113 студенттің 4 572-сі биыл қолға диплом алып, үлкен өмірге қанат қағып отыр. Соңғы бес жыл ішінде университет 23000-нан астам маман даярлаған, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі. «Былтырғы түлектердің 77 пайызы жұмыспен қамтылды»,- дейді аталған университеттің басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов. — Жастарды еңбекпен қамту – уақыт оздырмайтын, кезек күттірмейтін мәселе. Ал қолға диплом алып, кәсіпқой маман атанғандардың нарықта сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті болуы – жұмыссыздықпен күрес мәселесінде қатар жүретін түйткіл. Себебі нарықтық қатынастар кезеңінде жұмыс беруші сапалы білім алған, білікті кадрды талап етуге құқылы. Бұл еңбек өнімділігі әрі мекемелер мен кәсіпорындардың ішкі қорына…

Read More

Балалар мен жасөспірімдер үшін пайдалы бос уақытты ұйымдастыру — бұл оқушылардың сауығуы, демалуы және жеке дамуы үшін жағдай жасау болып табылады. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу, демалудың әртүрлі нысандарын және кәмелетке толмағандардың дене бітімін дамытуды қамти отырып, қауіпсіз және сапалы демалуы мен сауығуын қамтамасыз ету. Осы кезеңде ата-аналардың балаларды қызығушылықтары бойынша тиімді бос уақытқа тартуға күш салуы өте маңызды. Жалпы облыс бойынша қосымша білім берудің барлық түрлерімен қамтылған білім алушылардың үлесі 83,7% — ды құрайды. Ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдер құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында, өйткені жазғы каникул кезінде олар бос уақыттың көптігіне байланысты заңсыз ортаға көбірек ұшырайды. Бүгінгі…

Read More

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Тараз бен Шымкенттен ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін анықтады, — деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. «2022 жылғы 30 маусымда ҰҚК Ішкі істер министрлігімен бірге Тараз және Шымкент қалаларында «А» және «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің жұмылдырылуымен ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетінің жолын кесті», — делінген хабарламада. Тексеріс барысында қылмыстық топ мүшелерінің тауар-материалдық құндылықтарды аса ірі мөлшерде ұрлауға және кәсіпкерлерден ақша бопсалауға қатысы бар екені туралы дәлелдер жиналған. «Арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 14 басшысы мен белсенді қатысушылары ұсталды.Процессуалдық іс-шаралар барысында қару-жарақ арсеналы, қомақты ақша сомасы, сондай-ақ, тергеу үшін қызығушылық тудыратын құжаттар табылып, тәркіленді», — делінген ҰҚК хабарламасында. Соталды тергеу жүргізіліп…

Read More