Автор: admin
Семей қаласындағы балалар ойын-сауық орталығында болған өртке қатысты ресми ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Tarazy.kz. Комитеттің мәліметінше, зардап шеккен балалар жоқ. Екі бала Облыстық балалар ауруханасына жеткізілгенімен, тексеру нәтижесінде олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып, үйлеріне жіберілген. Қазіргі уақытта балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Оқиға орнында Абай облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл жұмыс істеп жатыр. Өрттің себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтауда. Құзырлы мекемелер бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушыларын жалған ақпарат таратпауға шақырды. Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен өрт толықтай сөндірілді.
Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи парламент мінберінде сөйлеген сөзінде қазіргі геосаяси жағдай мен жаңа Конституция жобасының маңызы туралы пікір білдіріп, қоғамға үндеу жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz Депутат өз сөзінде әлемдегі саяси ахуалдың күрделене түскенін атап өтті. “Жер шарының үлкен ауқымын соғыс өрті шарпып, бізге жақын Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс елдері соғыс аймағына айналған кезде мен бұл сөзімді елдің ертеңі мен қауіпсіздігіне деген азаматтық және саясаткерлік жауапкершілікпен, жанашырлықпен арнаймын”, — деді ол. Депутат өзін биліктің насихатшысы емес, керісінше мемлекеттілік пен тәуелсіздіктің тұрақтылығын, ел тұтастығын сақтауды қолдайтын азамат ретінде сөйлеп тұрғанын жеткізді. “Біз бір ескерте кететін жағдай бар. Әлдекімдер айтып жүргендей, мен…
Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында орналасқан АҚШ консулдығы маңында дрон құлағаны туралы ақпарат тарады. CNN телеарнасының дереккөзі бұл ұшқышсыз аппарат Иранға тиесілі болуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Tarazy.kz АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио мәлімдегендей, ұшқышсыз аппарат консулдық ғимараты жанындағы автотұраққа құлаған. Оның айтуынша, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, себебі АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясы басталар алдында дипломатиялық мекеменің көптеген қызметкері қауіпсіз жерге көшірілген. Телеарнаның хабарлауынша, консулдық ғимаратының үстінен қою қара түтін көтерілгені байқалған. Дубай билігі де X әлеуметтік желісінде консулдық маңында дронға қатысты оқиға болғанын растады. Мәліметке қарағанда, шыққан өрт жедел түрде ауыздықталып, адам шығыны тіркелмеген. Оқиғаға қатысты…
Алматыда мемлекет меншігіне қайтарылған активтердің бірі — Kaisar Plaza сауда-кеңсе орталығы аукцион арқылы сатылмақ. Нысанды бұған дейін мемлекетке Қайрат Сатыбалды тапсырған, деп хабарлайды Tarazy.kz Тергеу барысында ғимарат заңсыз жолмен алынғаны анықталып, 2023 жылы Қаржы министрлігінің балансына берілген. Енді оны Қайтарылған активтерді басқару компаниясы мемлекеттік аукцион платформасында саудаға қояды. Бастапқы бағасы — 61 миллиард теңге. Бұл сомаға ғимараттың өзін және жер телімін жалға алу құқығы кіреді. Kaisar Plaza — тоғыз қабатты кешен, панорамалық қабаты мен автотұрағы бар заманауи сауда-кеңсе орталығы. Қазір мұнда 53 жалға алушы жұмыс істейді. Олардың қатарында ірі банктер, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық тамақтану орындары бар. Аукционға қатысу…
Бүгін Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ақбалаұлы Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Тағылымы мол шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сәндібаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев пен Имамзада Шағыртаев, облыстық мәслихат депутаты Жорабек Нұрымбетов, «Тоғызқұмалақ спорты федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева, Қожа Ахмет Яссауи университетінің «Халықаралық Түркі зияткерлік ойындар» орталығының басшысы, халықаралық дәрежедегі төреші Қашымхан Дәуренқұлов, Қызылорда облыстық тоғызқұмалақ…
Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Ержан Сәденовті қабылдады, деп хабарлайды Tarazy.kz Президентке елдегі криминогендік ахуал туралы және қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысы баяндалды. Ержан Сәденов: биылғы екі айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда қылмыс деңгейі 8 пайызға төмендегенін жеткізді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,3 мыңға аз. Құқықбұзушылықтың негізгі санаттарындағы көрсеткіш төмендеп, қылмыстарды ашу деңгейінің артқаны байқалады. Интернет-алаяқтыққа қарсы жүйелі күрес жалғасуда. Алдын алу шаралары және шетелдік құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылдың арқасында киберқылмыс көлемі 4 пайызға төмендеді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл аясында 71 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, 11 топтың қызметі тоқтатылды. Есірткі…
Батыс Қазақстан облысы бойынша экология департаменті «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компаниясының Қазақстан филиалында шамадан тыс зиянды заттарға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Tarazy.kz Тексеру нәтижесінде 2024 жылы компания қоршаған ортаны ластаушы заттардың шамадан тыс болғаны және ағынды сулардың төгілуіне жол бергені анықталды. Осы қорытындылар негізінде компания Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 328-бабын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 2,07 миллиард теңгені құрады. Айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі аяқталған жоқ. Сонымен қатар, департамент шамадан тыс шығарындылар мен төгінділердің себептерін талдау, сондай-ақ болашақта осындай бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және енгізу туралы бұйрық…
Қазақстанда тағы алты автожол ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Көлік министрлігі республикалық маңызы бар бірқатар жол учаскелерін ақылы санатқа көшіруді ұсынып отыр. ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев елімізде ақылы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын баяндады. Оның мәліметінше, бүгінде Қазақстанда жалпы ұзындығы 4 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол телімі жұмыс істеп тұр. Ал 2026 жылы ұзындығы шамамен 2 мың шақырым болатын тағы алты жаңа учаскені іске қосу жоспарланған. Олар: Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал — 554,6 км Бурылбайтал – Құрты — 226,4 км Ақтөбе – Қандыағаш –…
Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды, деп хабарлайды Tarazy.kz 2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр. Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 4 мыңнан астам қазақстандық турист шетелде қалып қойғаны хабарланған болатын. Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстаннан барған 4 мыңнан астам турист БАӘ, Катар және Сауд Арабиясында қалып қойған. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қоры мәлімдеді. Қор өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда барлық туристердің жағдайы қалыпты, қауіпсіздікке қатысты мәселе жоқ. Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтар үшін жедел байланыс желілерін…
Қазақстанның Энергетика министрлігі «Шесхарис» мұнай құю терминалындағы жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz «Қазір қолда бар ақпаратқа сәйкес Новороссийск портындағы «Шесхарис» мұнай құю терминалындағы оқыс оқиға қазақстандық мұнай өндіруші кәсіпорындардың өндірістік көрсеткіштеріне кері әсерін тигізген жоқ», — деп жазылған хабарламада. Ведомство мәліметінше, отандық мұнай өндіру процесі және оны экспорттау қалыпты режимде жүзеге асырылып жатыр. «Қазақстан мұнайын жеткізуде пайдаланылатын экспорттық инфрақұрылым жұмысында іркіліс тіркелген жоқ. Энергетика министрлігі жағдайды бейінді ұйымдармен және инфрақұрылым операторларымен өзара іс-қимыл шеңберінде тұрақты бақылап отыр», — деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, 2 наурызда Новороссийск қаласында ірі өрт шықты. Сарапшылар оны Ресейдің экспорттық инфрақұрылымындағы маңызды нысандардың бірі — «Шесхарис» мұнай…