Автор: admin
4-11 желтоқсан аралығында Б.Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жолда асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. «Осыған байланысты уақытша 1-кіру және 2-шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді. Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.
2026 жылы Қазақстанда студенттік спорт тарихындағы маңызды оқиға өтуі мүмкін. Елімізде студенттер арасындағы бокстан Әлем чемпионатын өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған дейін мұндай деңгейдегі дода Қазақстанда соңғы рет 2006 жылы өткен. Араға тура 20 жыл салып, әлемдік жарыстың қайта оралуы — еліміздің халықаралық спорт қауымдастығындағы беделінің артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл бастаманы Халықаралық университеттер спорты федерациясы (FISU) көтеріп отыр. Ұйым Қазақстанның соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі ірі спорттық шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізгенін ерекше атап өткен. ©Шыңғыс Жанәділ 28 қарашада Қытайдың Макао қаласында өткен Азия университеттік спорт федерациясының Бас Ассамблеясына Қазақстан атынан Ұлттық студенттер спорт одағының президенті Қайрат Закирьянов қатысты.…
Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деп айыпталған 32 жастағы Айзат Жұмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Марқұмның күйеуі Жанболат Айбар оны өлтірді деп айыпталып отыр. Ол әйелін аяусыз ұрып-соғып, дер кезінде жедел жәрдем шақырмаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысқа қызғаныш себеп болған. Бұған дейін марқұмның туыстары Айзатты арқанмен байлап, далада сүйреткен болуы мүмкін деген болжам айтып, сондай-ақ оның жүкті болғанын жоққа шығармаған. Алайда бүгін прокурордың мәлімдеуінше, кешенді сот-медициналық сараптама нәтижесінде әйел денесінде атпен, көлікпен немесе адам күшімен сүйретуге тән іздер табылмаған. Сонымен қатар, комиссия ұсынылған медициналық құжаттармен қайта жасалған гистологиялық зерттеу қорытындылары бойынша…
Мылтықтан оқ атқан Алматы облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Tarazy.kz Алғашында аудан әкімдігі бұл қарудың ойыншық екенін мәлімдеген. Алайда полиция оның шын қару екенін және ресми тіркелгенін растады. «Соған қарамастан, қызметкерге тек тәртіптік жаза ғана қолданылған. Әкімдік қызметкері әкімшілік жауапкершіліктен босатылғаны қоғамның наразылығын күшейтті», — дейді Письма Президенту телеграм арнасы. Желі қолданушылары «шенеуніктерге бәрі болады» деп сынап, мұндай әрекетке әділ құқықтық баға берілуі тиіс екенін талап етті.
Жоғары аудиторлық палата Жамбыл облысында жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz «2020-2024 жылдар аралығында өңірдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өскен. Алайда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің жалпы құрылымында облыстың үлес салмағы 2,7%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған инвестициялар көлемі 553 млрд теңгеден асты, бұл 2024 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 1,4 есе жоғары. Алайда 2020-2024 жылдар кезеңінде негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша облыс республикалық рейтинг көшбасшыларынан 3,5 есе артта қалып отыр», — деп жазылған хабарламада. Жалпы Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, инвестициялық жобаларды басқару бөлігінде, сондай-ақ, «Тараз» ӘКК» АҚ қызметінде…
Алматыда №10 қалалық емхананың директоры Гүлнара Қалибекова мен “АкваЛаб” ЖШС-нің өңірлік директоры Меруерт Баймұхамбетоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tarazy.kz Белгілі журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Қалибековаға пара алу бойынша айып тағылған. Сонымен қатар айыпталушылар қатарында ақша бергені үшін жауапқа тартылған “АкваЛаб” ЖШС-нің өңірлік директоры Меруерт Баймұхамбетова да болған. “Гүлнар Зарқынбекқызы былтыр көктемде басшылық қызметке тағайындалған. Ал 2025 жылдың басында емхана диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізу үшін екі компаниямен келісімшарт жасайды. “АкваЛаб” ЖШС және “OpenHealthcare Kazakhstan” ЖШС мемлекеттік мекеме науқастарға қызмет көрсетіп, оның ақысын мемлекеттен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында алып отырған”, — дейді журналист. Оның сөзінше,…
Қазақстанда бірқатар сала мамандарының жалақасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың III тоқсанында жалақы өсімі жылдық есепте 10%-ға дейін баяулаған. Инфляцияның үдеуіне байланысты жалақы мөлшері төмендеген. Жалақасы азайған салалар: Құрылыс саласы – 8,7% Денсаулық сақтау – 6,5% Тұрғын үй және тамақтану қызметтері – 5,4% Өнеркәсіп – 1,2% Ұлттық банк экономикалық өсімде еңбекақының өсуі өндіріс тиімділігінің артуына сәйкес жүрмей жатқанын атап өтті. Қосымша құнның бір бөлігі өндіріс факторлары арасында қайта бөлінеді.
Қарағанды облысында «Қарқаралы–Қарағайлы» трассасында инкассаторлық көлік пен Toyota Camry автокөлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz Қарағанды облыстық полициясының мәліметінше, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, инкассаторлық Lada Largus автокөлігіне соғылған. Қатты соққыдан 28 жастағы инкассатор көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Ал көлікте болған 36 жастағы жолаушы және 41 жастағы Camry жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Апаттан кейін инкассаторлық көлік өртеніп, ішінде болған үш миллион теңгеден астам қаржы түгелімен жанып кеткен. Полиция күдікті жүргізушіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу барысында оның мас күйде рөлге отырғаны, сондай-ақ бұдан бір жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық…
Бүгін Астана уақытымен 12:44-те ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. «Магнитудасы MPV — 6.7, тереңдігі 5 — шақырым. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді», — деп жазылған хабарламада. ТЖМ мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісі былай сезілген: Алматы қ. — 3 б. Алматы обл. Кеген ауд. — 3 б. Алматы обл. Райымбек ауд. — 3 б. Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. — 3 б. Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. — 3 б. Алматы обл. Ұйғыр ауд. — 3 б. Алматы обл. Қарасай…
Жемқорлықпен күресіп жүрген Қазақстандағы танымал қоғам белсендісі Дидар Смағұлов Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты тағы бір дерек жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz Дидар Смағұловтың айтуынша, АҚШ-тағы Құнды қағаздар жөніндегі комиссия материалдарында Sanofi 2007-2011 жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде пара беру схемаларына барғаны көрсетілген. «2013 жылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетін басқарған Айжан Есмағамбетова ДДСҰ-ның 2012 жылғы ескертуіне қарамастан, елді жасушасыз вакциналарға көшірді. ДДСҰ ол кезде мұндай өзгеріс болашақта індет қаупін күшейтетінін айтқан. 2024 жылы осы шешімнің салдары байқалып, нәрестелер арасындағы өлім көбейіп, бұрынғы толық жасушалы вакциналардан кейінгі иммунитет әлсіреп бітті», — деді ол. Оның пікірінше, Есмағамбетова 2020–2024 жылдары вице-министр әрі Бас санитария дәрігері қызметін атқарғанда көкжөтел…