Автор: admin
Меркі ауданы бойынша өнеркәсіп кәсіпорындарымен қаңтар-қыркүйек айларында 3,6 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 102,0 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 9 айында 10945,6 млн. теңгені, немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғында нақты көлем индексі 87,4 пайызды құрады. 2021 жылдың қазанына аудан бюджетінің меншікті кірістер бойынша бюджетке 1 млрд 892,4 млн. теңге түсті, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 510,7 млн.теңге бюджетке артығымен түсті. «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 106,8 млн. теңгені құрайтын 21 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша113,0 млн. теңгені құрайтын 4 жобаға қолдау көрсетілді. Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік…
Меркі аудандық мәдениет үйінде «Ұлт руханияты: Отбасы. Еңбек. Тәрбие» атты аудандық форум өтті. Бірінші кезекте форумға қатысушылар тарапынан кәсіпкерлердің қолынан әзірленген көрме ұйымдастырылды. Көрмені Аудан әкімі Руслан Нұрсипатов арнайы тамашалап, кәсіпкерлерге қосымша көмек қажет жағдайда көрсетуді Жұмыспен қамту орталығының басшысына тапсырды. Көрмеде ұлттық тағамдар, қазақтың ою-өрнегімен өрнектелген көрпелер, аңшылық пен саятшылыққа, көкпар ойынына арналған ат ерлері мен қамшы, қайыстар көрсетілді. Сонымен қатар ескірген үй жиһазадарын қайта жаңартып, қолдануға жарамды, жаңа күйіне қайта келтіру цехын ашқан кәсіпкердің де қолдан жасалған қолөнері көздің жауын алды. Аудан басшысы Руслан Маратұлы Нұрсипатов форумда сөз сөйледі. «Биылғы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығының қарсаңында біз өткенді таразылап, бүгінімізді…
Меркі ауданының әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатов өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға 10-ға жуық тұрғын келді. Қабылдауда тұрғындар жол жөндеу, түнгі жарықтандыру, әлеуметтік көмек, баспана және өзгед е мәселелермен қайырылды. Бірінші кезекте зейнеткер Қабылжан Тоқманбетов ауданда Социалистік Еңбек Ері Асанбай Асқаровтың 99 жылдығына байланысты өткізілген іс- шараның жоғары деңгейде өткізілгенін айтып, аудан әкімі Руслан Маратұлына алғысын білдірді. Сонымен қатар, алдағы жылы 100 жылдықты жоғары деңгейде өткізу мәселесін көтерді. Аудан басшысы Руслан Маратұлы орталықтағы Асанбай Асқаровтың ескерткіші орналасқан аумақты абаттандырудың жаңа эскизімен таныстырып, жуық арада жұмыстар басталатынын жеткізді. Қабылжан Тоқманбетов ризашылығын білдіріп, үлкен бастамаларға сәттілік тіледі. Келесі, қайырылған зейнеткер Қалмахамедұлы…
Ауыл тұрғындары алысқа сабылмай-ақ, ауылдың ішінен мешіт бой көтергеніне дән риза. Жамбыл облысы Меркі ауданы Ақжол ауылында жаңа мешіт бой көтерді. 100 түтіні бар бұл ауыл тұрғындары бұған дейін көрші ауылға қатынаған болатын. Енді тұрғындар алысқа бармай-ақ, өз ауылында орналасқан мешітте ғибадат ете алады. Алла үйінің құрылыс сәулеті заман талабына сай безендіріліп, тұрғызылған. Мешіт 100 адамға шақталған. Қасында ас беріп, Құран бағыштауға арналған 200 орындық асхана барлық керек-жарағымен жабдықталған. Мешітке келушілер үшін автокөлік қоюға арналған 50 орын бөлінген. Алла үйін сол ауылдың тумасы, жеке кәсіпкер Байсеитов Орынбасар Дүйсенұлы өз қаражатына салған. «Мешіттің құрылысы үш жыл бұрын басталған болатын. Алайда пандемияға…
№9 Меркі көпсалалы колледжінде өткізілген «Тәуелсіздік-жыр басы» атты аудандық ақындар айтысы өз мәресіне жетті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы, Сыпатай Әлібекұлының 240 жылдығы, Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ақындар айтысына сегіз ақын қатысты. Бірінші сөз кезегі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Иманалиев Қамбар ақсақалға беріліп, ақсақал болашақ жастарға сәттілік тілеп, ақындармен мақтанатынын жеткізді. Әрмен қарай алғашқы жұпта өнер көрсеткен Мұқағали Балтабай өзінің төселген ақын екендігін, Адабаева Аружан келешегінен үлкен үміт күттіретін ақын болып өсіп келе жатқандығын көрсетті. Әбдіманап Дулат, Кераматдин Жанқуат бәйгеде бас бермейтін ақын екендіктерін дәлелдеді. Әділқазылар алқасының айтқан сын ескертпелерін дұрыс қабылдап, келесі айтыстарда шеберліктерін шыңдай түсетіндеріне сенім білдірді. Осындай іс-шараларға…
Биыл Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 18,8 миллиард теңге қаржы бөлініп, бүгінде 16,4 миллиард теңгесі игерілді. Жыл басынан бері саладағы жалпы өнім көлемі 309 млрд. теңгеге жетсе, 226,6 миллиард теңге инвестиция тартылған. Ал мал басы саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 пайызға артып, 4 миллион басты құрапты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов айтты. Ол биыл 92,6 мың тонна ет өндірілгенін де жеткізді. Ет экспорты 3,5 есеге артқан. «Сыбаға» бағдарламасы аясында 29 700 бас қой, 366 сиыр сатып алынған екен. «Ағымдағы жылы 40 мың гектар…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауында мемлекеттік бағдарламалардан ұлттық жобаларға көшу туралы тапсырма берген болатын. Президент бекіткен нақты 10 Ұлттық жоба тізбесінде «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау, «Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс», сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобалар бар. Осы орайда, Алматы облысындағы «ZHANTAQ tea» компаниясы түйе жантағынан әлемде баламасы жоқ, денсаулыққа пайдасы зор табиғи сусын жасап шығарды. Барлық қажетті сынақтан сәтті өтіп, халықаралық стандартқа сәйкес және «Халал» сертификатын алған өнімді «Асар-үме» қайырымдылық қоры да бекіткен. Сонымен қатар, сусынның KAZ ECO PATROL экологиялық сапа белгісі бар: ол өндіру, тасымалдау,…
Қазір елімізде ауыл шаруашылық кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық жобасы әзірленуде. Ұлттық жобаға сәйкес, Қазақстанда 7 ірі экожүйе құру және инвестжобаларды жүзеге асыру көзделсе, оның 5-еуі Жамбыл облысында жүзеге асады, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз мәслихатында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов мәлімдеді. Оның айтуынша, 5 жобаның қатарында «QYZYLSHA» ЖШС қант зауытын салу, Göknur Gıda A.Ş. қарқынды бақтарды өсіру және жеміс-жидек өнімдерін қайта өңдеу, «КАРАГАНДА АГРО ИНВЕСТ-Т» жеміс-көкөніс өнімдерін қайта өңдеу және сақтау, «АЛЕЛЬ АГРО» құс фабрикасын салу және 9 300 басқа арналған 10 сүт тауарлы фермасын салу жұмыстары бар. «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық…
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, Қазақстан Республикасы Бастапқы медициналық көмек көрсету “Primary Health Care” Ұлттық Ассоциациясының ұйымдастыруымен, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Ұлттық бағдарламаларды іске асыру мақсатында республикада алғаш болып Меркі аудандық орталық ауруханасы «үздік практика орталығы» болып ашылды. Бұл процеске тыныс-тіршіліктің барлық салалары мен салаларын (білім беру, коммуналдық қызметтер, құқық қорғау, әлеуметтік және сектор, бизнес құрылымдар және т.б.) тарту бойынша жаңа жолдар мен пәрменді әдістер,яғни сапалы сектораралық және ведомствоаралық жұмыстар басталды.
Жамбыл аудандық тарихи-өлкетану музейі мен №1 орта мектебінің тарих және география бірлестігі Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өскелең ұрпақпен елі үшін, жері үшін жанын берген батыр бабаларымыздың бірі Барақ Сатыбалдыұлына арналған «Бабалар аманаты» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шарада мектеп оқушылары Барақ Сатыбалдыұлының өмірбаяны мен жасаған ерліктері туралы баяндады,сонымен қатар батырдың ұрпақтарынан аманат болып жеткен шапаны таныстырылды. 2014 жылы Абылай ханның шапаны Ұлттық музейге қойылды дегенде, араға үш жыл салып қазақтың төбе биі Төле бидің шапаны табылды дегенде қуанбаған қазақ болмаған шығар.Енді бүгін қазақ елінің тарихында белгілі батырлардың бірі Барақ Сатыбалдыұлының шапаны табылғанын жар сала отырып, дүйім жұртқа көрсеткелі отырмыз. Алдымен Барақ Сатыбалдыұлының…