Автор: admin
Қазақ боксшысы, бұрынғы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының 7 желтоқсанда АҚШ-та өтуі тиіс Эрисланди Ларамен (WBA) жекпе-жегі болмайтын болды. Оған себеп – VADA допинг-тестінің оң нәтижесі. Бұл жағдайға қатысты боксшының өзі де, командасы да ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz Боксшы командасының айтуынша, жағдай күтпеген жерден болған. «Бұл жаңалық бізді қалай таңғалдырса, жанкүйерлерді де дәл сондай күйге түсіргенін білеміз. VADA-ның алғашқы сынамасы таза деп хабарланды. Алайда кейін екінші сынамадан күмән тудырған көрсеткіш табылғаны айтылды. Бірінші және екінші тест арасында біз не тамақтануымызды, не витамин қабылдау тәртібін өзгерткен жоқпыз. Мұның себебін түсіне алмай отырмыз», – делінген мәлімдемеде. Команда жекпе-жекке төрт ай бойы дайындалғанын,…
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Италия Республикасының Қазақстандағы Миссия басшысының орынбасары Аниелло Петито бастаған италиялық делегация келді. Дипломатиялық корпус өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, шетелдік жоғары оқу орындарын және қазақстандық академиялық қауымдастықты бір арнаға тоғыстырған «Италия асханасы апталығы» мәдени шарасы өтті. Шараға Марке политехникалық университеті, Камерино университеті (Италия) және Шаньдун ауыл шаруашылық университетінің (Қытай) ғалымдары да қатысты. Мәдени басқосуда университет ректоры Ермек Бөрібаев құттықтау сөз сөйлеп, Италиямен мәдени және білім беру байланыстарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. БҰҰ Тұрақты даму қорының президенті Маурицио Ароника «Дәстүрден инновацияға: италиялық және қазақстандық тағам мәдениеттерін байланыстыратын тұрақтылық» атты баяндама оқып, тұрақты азық-түлік жүйелерін дамытудағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетіне…
Алматыда жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соғысып, салдарынан 23 жастағы фельдшер қыз қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz Полиция мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанға қараған түні сағат 00:40 шамасында Алатау ауданында болған. Алдын ала деректер бойынша жедел жәрдем көлігі бұрылыс жасап жатқан сәтте қарсы бағытта келе жатқан Kia маркалы көлік соғылған. «Екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары түрлі жарақат алды. Ал жедел жәрдем салонында болған фельдшер ауыр халде ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», – деп жазылған полиция хабарламасында. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Барлық сараптама тағайындалды, оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Алматы қалалық…
Қазақстанда бет-әлпетін тұмшалап жүретіндерге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бет-жүзді толық немесе жартылай жауып, адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киімдерге қатысты әкімшілік шаралар енгізіледі. Алғаш рет анықталған жағдайда азаматқа ескерту жасалады. «Қоғамдық орындарда адамның жүзін танып-білуге мүмкіндік бермейтін киім үлгілеріне тыйым енгізілді. Алғашқы заңбұзушылық үшін ескерту беріледі, ал қайталанса 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (2025 жылы 39 320 теңге)», — деді депутат. Алайда заң қашан күшіне енетіні белгісіз.
Қонаевтағы Абай көшесінде бірнеше жылдар бойы стихиялық сауда орны қалыптасқан. Қаланың келбетін жақсарту, тұрғын үй алаңын абаттандыру мақсатында мұнда сквер пайда болды. Сонымен қатар мұнда воркаут алаңы салынды, деп хабарлайды Tarazy.kz Қапшағай (қазіргі Қонаев) қаласы әкімдігінің 2022 жылғы қаулысымен «Айша сити» базары стационарлық емес бөлшек сауда орны ретінде белгіленген. Сол себепті енді сатушылар осы базарға барып, кәсіппен айналысуы тиіс. Жәрмеңкелік орындар дайындалып қойған. Қазіргі таңда стихиялық сауда орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Жыл басынан белгіленбеген орында сауда сатқандары үшін жеке және заңды тұлғаларға 2 562 600 теңге айыппұл салынған. Сондай-ақ осы тақырыпта ақпараттық баннерлер ілінді. Бұған дейін сатушылармен әкімдік өкілдері бірқатар кездесулер…
Энергетика министрлігі елімізде жанар-жағармай бағасын көтеруге қатысты тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, Қазақстанда мұнай өнімдеріне қатысты бағаны өсіруге салынған мораторий әлі күшінде, деп хабарлайды Tarazy.kz Министрлік АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасы 2025 жылдың 16 қазанындағы деңгейде сақталып отырғанын атап өтті. Цифрлық карталарда немесе түрлі сервистерде көрсетілген деректер ресми бағаға негіз бола алмайды. «Егер белгілі бір жанармай құю бекеттерінде белгіленген шектен жоғары баға тіркелсе, жауапты органдар әр жағдайды жеке тексеретін болады», — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі. Ведомство жанар-жағармай нарығындағы жағдай үнемі бақылауда екенін жеткізді. Мәлімдемеге сәйкес, бағаның негізсіз өсуіне жол берген субъектілерге қатысты тиісті шаралар қабылданады. Министрлік…
Алматы облысында ірі жол-көлік апаты болып, жеті адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Tarazy.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. Қайғылы оқиға Алматы–Бішкек тас жолының 129-шақырымында болған. Алдын ала мәліметке сай, Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алдындағы HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соғылған. «Апат салдарынан жеңіл көлікте болған жеті адамның барлығы, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», — делінген ведомство таратқан хабарламада. Қазір бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда. Бұл – соңғы екі апта ішінде Алматы облысында тіркелген екінші ауыр жол апаты. Бұған дейін, 24 қараша күні, осы бағыттағы 65-шақырымда Audi мен Toyota көліктері соқтығысып,…
Атырау қаласы әкімдігінің алдында, Жайық өзенінің бойында заңсыз ойын автоматтары жұмыс істеп тұр. Бұл мәселені жергілікті блогер Рүстем Баязиев көтеріп, әлеуметтік желіде видео жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz Блогердің айтуынша, балаларға арналған бұл аппараттарда үлкен ақша айналып жатыр. “Ойыншық алу үшін аппаратқа 200 теңге саласың, бірақ темірі қыспайды. Яғни ойыншықты алу мүмкін емес. Көзге көрінбесе де, мұнда үлкен көлемде ақша айналып жатыр. Ал аппаратты қоюға ешқандай рұқсат қағазы жоқ. Кеше маған 100-ден аса ата-ана хабарласып, балалары осы автоматтарда бірашама ақша жоғалтқанын айтты. Біз енді баланы жылатпау үшін барымызды саламыз. Бұл аппараттар балаларды кішкентайынан азартқа үйрететін құралға айналып отыр”, – дейді Рүстем Баязиев.…
Астанада ерекше балаларға қатысты даулы видеодан кейін блогер ұсталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Әлеуметтік желіде блогер ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналарына қатысты әдепсіз сөздер айтқан видео тараған, ал полиция әкімшілік іс қозғады. «Видео авторы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ұсақ бұзақылық дерегі бойынша жиналған материалдар шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі», — деді полиция. Астана Полиция департаменті желіде адамның жеке басына қатысты балағат, қорлау сипатындағы сөздер айтып, тарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеліп соғатынын ескертті. Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Гүлнәр Оразалина атты блогер даулы мәлімдеме жасады. Ол ерекше балалардың өмірге келу себебі аналары жүргіш болғандықтан екенін айтты. «Жүргіштердің жазасын алатын кезі…
ҚР Жоғары аудиторлық палатасы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК) қызметін және олардың өңірлердің дамуына әсерін тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Тексеру ӘКК құрылымдарында проблемалар мен кемшіліктер жинақталғанын көрсетті. Мұндай жағдай олардың жұмысын тұтас үйлестіру мен регламенттеудің, Ұлттық экономика министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті реттеудің болмауына байланысты қалыптасып отыр. Мәселен, ӘКК мемлекеттік жоспарлау жүйесіне интеграцияланбаған. Олардың даму жоспарлары номиналды сипатқа ие және сыртқы бағалауға жатпайды, ал қызметі әкімдіктердің тиімділігін бағалауға әсер етпейді. Отырыс барысында Жоғары аудиторлық палата төрағасы ҚР ҰЭМ уәкілетті мемлекеттік орган ретінде ӘКК жұмысында тәртіп орнатуға тиіс екенін атап өтті. «ӘКК нақты немен айналысуы керек екенін анықтап, бірыңғай тәсіл әзірлеу…