Автор: admin

Жамбыл облысында тіркемесіне 25 тонна қарбыз тиелген КамАЗ аударылды. Жолда шашылған қарбыздарды көліктер таптап өтіп жатыр, – деп хабарлады КТК арнасы. Апат болған сәтте машиналардың да аялдауына тура келді. 25 тонна қарбызы бар КамАЗ Түркістаннан Таразға келе жатып, орта жолда аударылған. Полицияның мәліметінше, жүргізуші рөлге ие бола алмай, жүк көлігі теңселіп барып жол жиегіне төңкерілген. Көлік тізгіндеген 28 жастағы азамат жарақат алып ауруханада жатыр. Ал қарбыздың кімге тиесілі екені, әрі оның қанша шығынға ұшырағаны әзірге белгісіз.

Read More

«Коммерсанть» дереккөздеріне сүйене отырып, Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының жаңа басшысы болып Тюменьдік Есенғали Ибраев сайланды деп жазады newsroom.kz. Ол Тюменьдегі кезектен тыс съезде бес жыл мерзімге сайланды. Е. Ибраев жаңа қызметінде Ресей мен Қазақстан арасындағы серіктестік қатынастарды дамытуға ерекше назар аударатынын мәлімдеді. «Біз түрлі өңірлердегі қазақ ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатып, Ресейдің ұлттық саясатының міндеттерін шешуде мемлекеттің сенімді серіктесі болуға ұмтылатын боламыз. Одан әрі іс-қимыл өзіндік қазақ мәдениетін сақтауға, халық дипломатиясы желісі бойынша Ресей мен Қазақстан әріптестігінің дамуына жәрдемдесуге, Ресей ұлтының бірлігін нығайтуға бағытталатын болады» Ресей президенті әкімшілігінің ішкі саясат жөніндегі ұлттық саясат бөлімінің меңгерушісі Татьяна Вагина Түмен облысында этномәдени секторды…

Read More

Жамбылдық полицейлер бөгде адамның көлігін ұрлап, жол-көлік оқиғасын жасаған мас ер адамды ізін суытпай ұстады. Ағымдағы жылдың 13 маусымында сағат 15:30 шамасында «102» тетігіне 23 жастағы жігіт автокөлік ұрлығы туралы өтінішпен жүгінді. Жәбірленушінің айтуынша, «Chevrolet Lanos» маркалы көлік Меркі ауылындағы Мәдениет үйінің жанында болған. Көліктің иесі абайсызда есіктерді құлыптамай қалдырған. Белгісіз біреу көлік салонына кіріп, оны ұрлап кеткен. Белгілі болғандай, автокөлік ұрланғаннан кейін тәртіп бұзушы жол-көлік оқиғасын жасаған. Күдікті тұлға бірден ұсталды. Медициналық куәландыру көрсеткендей, ол мас күйде болған. Аталған дерекке қатысты Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің  200-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Жамбыл облысының Полиция департаменті автокөлік ұрланған…

Read More

Сегодня, на площадке Палаты предпринимателей Жамбылской области прошло совместное с городской прокуратурой заседание Совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции. Участники рассмотрели два земельных вопроса: несогласие нескольких крестьянских хозяйств с решением конкурсных комиссий и многолетние жалобы предпринимателей  на невозможность легализовать земельные участки. В Региональную палату предпринимателей «Атамекен» Жамбылской области поступили обращения сразу от нескольких глав местных крестьянских хозяйств. Руководители хозяйств «Шынбулак», «Улан» и «Гончаров» Кордайского района обратились по поводу итогов участия в конкурсе по предоставлению в аренду земель для сельхозпользования (Правила организации проведения конкурса по предоставлению права временного возмездного землепользования (аренды) для ведения крестьянского или фермерского хозяйства, сельскохозяйственного производства утверждены приказом Заместителя Премьер-Министра РК…

Read More

Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Байзақ ауданы Түймекент, Сарыкемер ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесулерге құқық қорғау органдарының өкілдері де қатысты. Алдымен облыс әкімі ауылдық округ әкімдерінің елді мекендерді дамыту бойынша атқарылған жұмыстары туралы есептерін тыңдады. Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, тұрғындардың мәселелері мен ұсыныстары тыңдалды. Олар негізінен жайылымдық жерлерді бөлу, жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету, каналдарды қалпына келтіру, кадр тапшылығы, оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға қатысты сұрақтар қойды. Өңір басшысы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, мемлекеттік бағдарламалардың мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді. — Жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындар бірлесе жұмыс…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов медицина қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиынға қатысты. «Баласағұн» орталық концерт залында өткен шарада аймақ басшысы ақхалаттыларды мерекелерімен құттықтап, олар таңдаған мамандықтың маңыздылығын атап өтті. — Дәрігер – адам жанының арашасысы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең қастерлі мамандықтың иесі. Бұл үлкен мәртебе, әрі зор жауапкершілік.Халық денсаулығын жақсарту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Бұл ретте салауатты қоғам қалыптастырып, дені сау ұрпақ өсіруде дәрігерлердің алар орны ерекше.Мемлекет басшысы отандық медицина алдына үлкен әрі жауапты міндеттер қойып отыр. Аз уақыттың ішінде әлемді шарпыған қауіпті індет адамзат баласын әбігерге түсірді. Осынау қиын-қыстау кезеңде біздің мемлекетіміз барлық қолдау…

Read More

Еліміздің шығысы Өскемен қаласында қыздар арасында бокстан республикалық «МЫҚТЫЛАР ТУРНИРІ» өткенді. Жамбыл облысының намысын қорғаған бұрымды былғары қолғап шеберлері 4 алтын, 5 күміс, 2 қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Айта кетейік, аталған турнир Азия чемпионатына іріктеу жарысы болып табылады. Облыс құрамасы сапында жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар: Алтын: Бакытбек Аружан (36 кг) Вайдеман Валерия (50 кг) Абдрахманова Жанерке (52 кг) Турсынбек Диляра (60 кг) Күміс жүлде: Танкибаева Айым (40 кг) Романенко Алёна (52 кг) Тынышбек Мерей (56 кг) Шарипова Русалина (58 кг) Орынбайқызы Айгерім (60 кг) Үшінші орын: Дауылбай Карина (38 кг)…

Read More

Тараз қаласының полициясына алаяқтық дерегі туралы облыстың бірнеше тұрғыны шағымданған. Жәбірленушілердің айтуынша, 2020-2021 жылдар аралығында  ер адам онлайн хабарландыру платформасы арқылы кірпіш зауытының иесі болып, сенімге кіріп, кірпіш жасауға тапсырыс алып, ал ақша алғаннан кейін байланысқа шықпаған. Зардап шеккендер алаяққа 400 000-нан астам кірпішке тапсырыс берген. Келтірілген материалдық залалдың көлемі шамамен 9 400 000 теңгені құрады. Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-ші полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 64 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат кінәсін толық мойындады. Күдікті барлық алған ақшасын жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу…

Read More

Тараз қаласының Полиция басқармасымен әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізу кезінде қала көшелерінде мемлекеттік нөмірсіз автокөліктің дрифт жасап, жол ережесін өрескел бұзғаны анықталды. Патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен іздестіру жұмыстары барысында «BMW» маркалы автокөліктің иесі Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны анықталды. Жолда жүру қағидасын қатаң бұзғаны үшін автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабының 1-бөлігі (жол жабындысын ластау) бойынша үш хаттама және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 2-бөлігімен (мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Барлығы 49 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Автокөлік арнайы автотұраққа қойылып, көлік иесімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Read More

Өңірде іске асырылып жатқан «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын арттыру» пилоттық жобасы өз нәтижесін көрсетуде. Мәселен, Жамбыл ауданына қарасты Бесағаш және Тоғызтарау елді-мекендерінің тұрғындары жобаның 5 бағыты бойынша кәсіптерін дамытып, тұрмыстарын түзеген. Жобадағы 5 бағыт бойынша Бесағаш ауылдық округіне 1 млрд 35 млн теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен 895 млн 490 мың теңге 2,5 пайызбен 279 өтінім қаржыландырылса, жергілікті бюджеттен «Іске сәт» ауыл шаруашылығы кооперативінің айналым қаражаты мен ауыл шаруашылығы техникаларын алуға 139 млн 510 мың теңге 5 пайызбен несиелендірілген.Округ тұрғындарының үй іргесіндегі жерлерін тиімді пайдалану мақсатында 1117 аулаға 155 гектар жер телімі мен айналым қаражатына 13,3 млн теңге…

Read More