Автор: admin
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде халықаралық Нельсон Мандела күніне орай арнайы жиын өтті. Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған басқосуға жазасын өтеушілер де қатысып, адамның тең құқықтарымен демократиялық құндылықтар жолында күрескен Н.Мандела туралы мәліметтерге қанықты. Н. Мандела апартеидке қарсы, адам құқықтарын таптайтын саяси режимге, сондай билікке қарсы күрескен. Сол жолда түрмеге де түсті. 27 жыл өмірін түрмеде өткізген. Соның жартысынан астамында жалғыз адамдық камерада отырған! Соңында бəрібір жеңіп шықты! 1990-жылы түрмеден босатылды. Осылайша ол ендігі бостандықта жүріп, демократиялық құндылықтарды іске асыруды жалғастыра түседі.1993-жылы Нобель сыйлығына ие болады. 1994-жылы болса, ОАР-да алғаш рет демократиялық негізде өткен Президент сайлауында жеңіске…
13-14 шілдеде Әзербайжанның төрағалығымен «Әлемдік сынақтарға қарсы күрестегі көпжақты күштер ауқымындағы Қосылмау қозғалысы» тақырыбында Қосылмау Қозғалысының министрлік аралық конференциясы өтті. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының Turkic Weekly апталық басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, конференцияның басты мақсаты қозғалыс мүшелерінің Баку саммитінен кейінгі жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте қол жеткізген жетістіктері және осы бағытта одан әрі жасалатын қадамдарды талқылау болды. Сыртқы істер министрлері деңгейінде 33 елдің өкілі болған конференцияға ҚҚ мүшелері мен бақылаушы елдердің жоғары деңгейдегі өкілдері де қатысқан. Қосылмау қозғалысына үш жылдық төрағалығы 2022 жылы аяқталатын Әзербайжан тарапы Қозғалыстың келесі төрағасы болуы керек Уганда бір жылдан кейін төрағалықты…
Биыл Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына – 125 жыл. Даңқты шопан Мойынқұм ауданына қарасты Көктерек ауылында дүниеге келген. Жуырда Мойынқұм аудандық пробация бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен есепте тұрған сотталған азаматтар аудан орталығындағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайға арнайы барып, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ерінің өмірімен кеңінен танысып қайтты. Жалпы, музейде жинақталған көптеген материалдар өз заманында «Малшылардың маршалы» атанған қара жұмыстың қаһарманының жүріп өткен жолы туралы сыр шертеді. Ал Жазатаның өзі өмірлік тәжірибесі мен түйген ойларын қамтыған «Ұрпаққа ұлағат» атты кітабы баға жетпес құндылық. Мойынқұм аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың…
Таразда 130 жылдық тарихы бар «Мамыр» саябағы жабайы орманға айналды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aibat ақпарат қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындардың айтуынша, бірнеше жылдан бері жасыл желек суарылмай келеді. Бүгінде халық тынығатын жерді арамшөп басып, қоқысқа толған. Әуежайдан қалаға әкелетін жол жиегіндегі ағаштар да қурап жатыр. Ал әкімдік өкілдері олар саябақты баптап отырғанын айтады. «Мұнда есірткі пайдаланатын жастар жиі жүреді. Үйсіздер де қонуға келеді. Шөптері күйіп кеткен. Мүлде суарылмайды. Әкімдік бізге саябақты қарап отырғанын айтады», — дейді жергілікті тұрғын Кирилл Бердецкий. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от @aibat_news Ақпарат қызметінің мәліметінше, қала қақпасы мен әуежай жолындағы ағаштар қурап қалған. Жергілікті тұрғын Қасым Сейдуалиевтің…
Жуырда Мойынқұм ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есе¬бінде тұрғандардың әлеуметтік оңалту мәселелерінің шешу жолдарын қарастыру жөнінде жиын өтті. Басқосуға аудан прокуроры И.Тойшыбеков, аудандық прокуратурасының прокуроры А.Кененбаева және аудандық жергілікті полиция бөлімінің бастығы Т.Абраманов, зиялы қауым өкілі С.Әбіл, аудандық пробация қызметінің еріктісі А.Садуов сондай-ақ, есепте тұрған сотталған азаматтар қатысты. Кездесу барысында ең алдымен есепте тұрған тұлғаларға заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерінің орындалуы кеңінен түсіндірілді. Сотталған азамат егер жаза өтеу тәртіптерін қасақана орындаудан жалтарған жағдайда, жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылатыны тілге тиек етілді. Бұдан бөлек, аталған жиында пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек беру, жұмыспен…
Шу аудандық мәдениет үйінің «Шу» халық театрының негізі 1968 жылы құрылды , театрдың негізін қалаған және режиссеры болып Ермек Құлажанов қызмет жасады. 1978 жылы ұжым «халықтық» атағына ие болды. 1987 жылы режиссер Бірімбетов Омарсейіт «Тірі екенсің махаббат» авторы О.Бодықов, «Апа, апатай» атты көрінісі көрсетілген. 1989 жылы режиссер С.Дәулетқұлова М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар» атты 2 бөлімді комедиясымен «халықтық» атағын қорғады. 1993 жылы режиссер Бақтыбаева Әйгерім С.Жүнісовтың «Жаралы гүлдер» қойылымымен, 1999 жылы режиссер Балтан Қабылбеков М.Хасеновтың «Пай-пай жас жұбайлар» атты 2 бөлімді комедиясымен , 2003 жылы Ш.Досмайловтың «Есірткімен есірген есерлер» қойылымымен «халықтық» атағын қорғады. 2006 жылы 21 маусым күні театр С.Балғабаевтың «Қыз …
Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар ұсыну бойынша нәтижелер белгілі болды. Бір орынға ең көп үміткерлер Жамбыл ауданында. Онда бір орынға 4,2 адам ұсынылды. Ал облыстағы орташа бәсекеге қабілеттілік 3,2 адамды құрады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов айтты. Оның айтуынша, Жамбылда сайлау процесі басталғаннан бері ауылдық округ әкімдеріне 122 кандидат ұсынылды. Ал 9 шілде ұсыну мерзімі аяқталған күні әр округке екіден көп кандидаттар ұсынылған.Ұсынылған кандидаттардан 76 адам (62%) — саяси партиялардан болса, 46 адам (38%) — өзін-өзі ұсынғандар саналады. «NurOtan» партиясынан 31 кандидат (40,7%), «Ауыл» ХДПП – 16 кандидат (21,0%), «Ақ жол» ҚДП…
Тарихты күймен тәпсірлеп, танымды жырмен тасқындатқан тұлғаның бірі — дәулескер күйші Әбдімомын Желдібаев. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, күйші-композитор Желдібаевтың бір ғана «Ерке сылқым» күйі қазақтың тұтас дәуір келбеті деуге болады. 1934 жылы 15 қазанда Жамбыл облысы Шу ауданында дүниеге келген күйшінің өнер туындысы жарты ғасырға жуық тылсым да терең әуезімен әлдилеп келеді. Жалындаған ой мен сырлы сезімнің жауһар жемісі «Ерке сылқым» туралы халық жазушысы Шерхан Мұртаза «Әбдімомынның «Ерке сылқымы» — қазақ өнерінің алтын қорында мәңгі сақталатын қанатты туынды» деп жоғары баға берген екен. Шынымен де «Ерке сылқым» — елдің қазынасына айналған ерекше музыка, ерен құбылыс. Әбдімомын…
Шілденің екінші жексенбісі – балық шаруашылығы қызметкерлерінің күні. Осы күні өңірлік ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/5 мекемесіндегі жазасын өтеушілер арасында балық шаруашылығына қатысты сайыс ұйымдастырылды. Жас балықшылармен тәжірибесі мол кәсіпшілер болып, қос командаға бөлінген қатысушылар алдымен арнайы дәріс тыңдады. Дәріс барысында оларға қазіргі таңда экологияның нашарлауына байланысты су айдынын қорғау, оларды ұдайы мелиорациялау, кәсіптік балықтардың сапасын жақсарту, балық өсіру жөнінде кеңінен мағлұмат берілді. Мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары әділет майоры Айгүл Танашева аталған сайыс барысында сотталған азаматтарға теория¬лық білім берумен қатар, балықты қолына ұстатып, жемін бергізіп, тәжірибе жасалғандығын айтады. «Балық берме, қармақ бер!» деген сөз бар. Бұл іс-шара жазасын өтеушілердің…
Өнер — көркем образдар жүйесі арқылы адамның дүниетанымын, ішкі сезімін, жан-дүниесіндегі құбылыстарды бейнелейтін қоғамдық сана мен адам танымының формасы. Өнердің мақсаты — дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдік-эстетикалық тұрғыдан игеру және соны халыққа жеткізу. Осындай бір өнер иесі, музыкант, дарынды жас — Әділбол Мұратбек өнер жолына қалай келгенін, адамға деген әсерін, жетістіктерімен бөліседі. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында 1985 жылы 1 желтоқсанда дүниеге келдім. Мектепті сол Мойынқұмда тәмамдадым. Арнаулы орта болашақ гуманитарлық колледжінде Саздық білім беру мамандығы бойынша білім алдым. Өнер келу жолым. Біздің отбасы — «Жанұялық ансамбль» сайысы бойынша облыстық байқауды үш рет жеңіп алған. Қосыбаевтар жанұялық ансамбльінде мен сүт кенжесімін.…