Автор: admin

Жамбыл обылысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалған Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев қызметінен босатылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2021 жылдың 3 тамызында Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қайрат Досаев қызметінен босатылды», — деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметіндегілер. Әкімдік мәліметінше, Қайрат Досаев жаңа қызметінде 30 шілде мен 3 тамыз аралығында істеген. Бірақ 2019 жылдың 20 желтоқсанынан бастап (яғни, Тараз қаласының әкімі қызметінен босатылғаннан кейін бір ай өткен соң) еңбек инспекциясы басқармасының басшысы — өңірдің бас мемлекеттік еңбек инспекторы болғанын атап өтті. Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа 2019 жылы жұмысында едәуір олқылықтарға жол беріп, қызметінен босатылған Қ.Досаевты әкімдіктің басқарма басшысы етіп тағайындағаны үшін сөгіс жариялады. Әкімге бір тәулік ішінде кадрлық қателігін түзетуге тапсырма берілді», — делінген хабарламада. Бұған дейін Тараз қаласының бұрынғы әкімі Қайрат Досаев Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып тағайындалғаны хабарланған еді. Қайрат Досаев Айта кетейік, ол 2019 жылдың қараша айында қала мектептерінің бірінде 12 жастағы қызды зорлау оқиғасына байланысты Тараз…

Read More

Бүгін аудан орталығы Меркі ауылында жаңадан бой көтерген спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Салтанатты шараға, арнайы келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, аудан әкімі Руслан Нұрсипатов және ауданымыздың зиялы қауым өкілдері, сонымен қатар спортшылар мен жастар қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа алғашқы құттықтау сөз беріліп, ол шараға қатысушыларды спорт кешенінің ашылуымен құттықтады.«Мемлекетімізде спорттың алар орны бөлек. Спорт адамға денсаулық, мемлекетке абырой-бедел алып келеді. Сондықтан, мемлекетіміз халық үшін, болашақ үшін спортты дамытуға үлкен мән беруде. Тәуелсіздік алған 30 жылдың ішінде, өздеріңізге белгілі, елімізден Олимпиаданың, әлемнің және Азияның қаншама чемпиондары шығып, солардың арқасында Қазақстанымыздың Көк Туы желбіреп, Әнұранымыз әлем төрінде сан мәрте шырқалды.…

Read More

Луговой станциясында көлік полициясының қызметкерлері пойыз бен платформа арасындағы қуысқа құлап кеткен ер адамды шығарып алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көліктегі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 23 шілдеде ер адам Көкшетау-Қызылорда бағытындағы пойызға отыруы керек болған. Бірақ жолаушы кешігіп келген. Пойыз жылжи бастағанын көргенде ер адам қатарласа жүгіріп, вагонның есігін ұрғылайды. Ол полицейлердің ескертуіне құлақ аспаған. «Нәтижесінде ер адам байқаусызда тайып кетіп, пойыз бен платформа арасындағы қуысқа құлап кетті. Пойыз шұғыл түрде баяулады және тәртіп сақшылары оны пойыздың астынан алып шықты», — деді полиция өкілі. Кейін ер адамның жеке басы анықталды. Ол Қызылорда қаласының 31 жастағы тұрғыны болып шықты. Ер адам…

Read More

Жыл басынан бері Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты Тараз қалалық №2 пробация қызметінің есебінен 34 сотталған өтіп, оның 23-і қоғамдық жұмысқа тартылған. Алайда, тиімділігін дәлелдеп үлгерген қоғамдық жұмыстан жалтарғандар да бар. Тараз қалалық №2 пробация бөлімі бастығының орынбасары әділет майоры Гүлмира Бекмұханбетова ағымдағы жылы қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны өтеуден жалтарғандардың ісі сотқа жолданғанын жеткізді. Қазіргі таңда Тараз қалалық №2 пробация бөлімінің есебінде тұрған 7 сотталған азамат қоғамдық жұмыстарға тартылған. Бүгінде олар қала көшелерін сыпырып, шаһардың тазалығына өз үлестерін қосып жүр. Егерде сотталған қоғамдық жұмыстан бас тартқан жағдайда, пробация қызметі сотқа қылмыстық теріс қылық үшін тағайындалған жазаның орындалмаған…

Read More

Жамбыл облысы Жамбыл ауданында орналасқан «Super Pharm» фармацевтикалық зауыты енді медициналық бұйымдармен қатар, шикізат та дайындалатын болады, — деп хабарлайды Жамбыл облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Қазір кәсіпорын жаңа кешеннің құрылысымен айналысуда. Кешен іске қосылғанда ауылшаруашылық, жол, құрылыс заттарынына қажетті шикізаттар нарыққа шығарылады. Қазірдің өзінде өнеркәсіп орнында 650 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Жылына мұнда 15 млн дана бірреттік медициналық бұйымдар шығарылады. Жұмысын 2011 жылы 15 түрлі медициналық бұйымдарды өндіруден бастаған зауыт бүгінде 400-ге жуық фармацевтикалық заттарды өзімізге және көршілес мемлекеттерге де экспорттайды. Зауытта тоқылмаған материалдан жасалған бірреттік стерильді емес «Нәрия» медициналық халаттары, хирургиялық киімдер жиынтығы, аса жұқпалы және инфекциялық аурулардан сақтануға…

Read More

13 шілдеде Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған мен Қытай төрағасы Си Цзиньпин телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Халықаралық Түркі академиясының Turkic Weekly апталық дайджестіне сілтеме жасаған turkistan.today порталы.   Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастардың жай-күйі мен болашағы, сондай-ақ аймақтық процестер талқыланды. Түркия президенті әкімшілігінің байланыс кеңсесі тараптар сауда, инвестиция, энергетика, көлік және басқа салалардағы қатынастарды дамыту жолдары туралы пікір алмасқанын хабарлады. Президент Ердоған биыл екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың жарты ғасырлық мерейтойын атап өткенін еске салып, Түркияның бұл оқиғаны «терең достық байланыстағы елдерге сәйкес» атап өтуге дайын екенін атап өтті. Түрік лидерінің айтуынша, Анкара мен Пекин халықаралық және аймақтық аренада экономика мен дипломатия…

Read More

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/4 мекемесінде халықаралық Нельсон Мандела күніне орай арнайы жиын өтті. Мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлері ұйымдастырған басқосуға жазасын өтеушілер де қатысып, адамның тең құқықтарымен демократиялық құндылықтар жолында күрескен Н.Мандела туралы мәліметтерге қанықты. Н. Мандела апартеидке қарсы, адам құқықтарын таптайтын саяси режимге, сондай билікке қарсы күрескен. Сол жолда түрмеге де түсті. 27 жыл өмірін түрмеде өткізген. Соның жартысынан астамында жалғыз адамдық камерада отырған! Соңында бəрібір жеңіп шықты! 1990-жылы түрмеден босатылды. Осылайша ол ендігі бостандықта жүріп, демократиялық құндылықтарды іске асыруды жалғастыра түседі.1993-жылы Нобель сыйлығына ие болады. 1994-жылы болса, ОАР-да алғаш рет демократиялық негізде өткен Президент сайлауында жеңіске…

Read More

13-14 шілдеде Әзербайжанның төрағалығымен «Әлемдік сынақтарға қарсы күрестегі көпжақты күштер ауқымындағы Қосылмау қозғалысы» тақырыбында Қосылмау Қозғалысының министрлік аралық конференциясы өтті. Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының Turkic Weekly апталық басылымына сілтеме жасаған newsroom.kz порталы жазады. Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, конференцияның басты мақсаты қозғалыс мүшелерінің Баку саммитінен кейінгі жаһандық сын-қатерлерге қарсы күресте қол жеткізген жетістіктері және осы бағытта одан әрі жасалатын қадамдарды талқылау болды. Сыртқы істер министрлері деңгейінде 33 елдің өкілі болған конференцияға ҚҚ мүшелері мен бақылаушы елдердің жоғары деңгейдегі өкілдері де қатысқан. Қосылмау қозғалысына үш жылдық төрағалығы 2022 жылы аяқталатын Әзербайжан тарапы Қозғалыстың келесі төрағасы болуы керек Уганда бір жылдан кейін төрағалықты…

Read More

Биыл Жазылбек Қуанышбаевтың туғанына – 125 жыл. Даңқты шопан Мойынқұм ауданына қарасты Көктерек ауылында дүниеге келген. Жуырда Мойынқұм аудандық пробация бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен есепте тұрған сотталған азаматтар аудан орталығындағы Жазылбек Қуанышбаев атындағы мұражайға арнайы барып, өңірдің өркендеуіне сүбелі үлес қосқан еңбек ерінің өмірімен кеңінен танысып қайтты. Жалпы, музейде жинақталған көптеген материалдар өз заманында «Малшылардың маршалы» атанған қара жұмыстың қаһарманының жүріп өткен жолы туралы сыр шертеді. Ал Жазатаның өзі өмірлік тәжірибесі мен түйген ойларын қамтыған «Ұрпаққа ұлағат» атты кітабы баға жетпес құндылық. Мойынқұм аудандық пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері бұл шараны ұйымдастырудағы басты мақсат — екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың…

Read More