Автор: admin

Таразда облыстық балалар ауруханасына оқтан жарақат алған үш кәмелетке толмаған бала түсті. Бұл туралы полиция өкілі мәлім етті. Жасөспірімдердің жағдайы тұрақты, олардың өміріне қауіп төндіп тұрған жоқ. Қазіргі уақытта Тараз қаласының полиция басқармасының мамандары тергеу шараларын жүргізіп жатыр. ​Алдын ала мәліметтерге сәйкес, кәмелетке толмаған Н.Избасханов Жамбыл облысы, Амангелді ауылының балаларымен сөзге келіспей қалып, телефон арқылы шақырғандығы анықталды. Сосын оларды Шөлдала алқабы, Дорожник массивіндегі каналдың жанында 3 автокөлікпен белгісіз тұлғалар келіп, белгісіз қарумен (бытыра оқтар) атып кеткен.

Read More

Жамбыл облысында прокуратура қызметкері ірі көлемдегі парамен ұсталды, — деп хабарлайды nege.kz. Ведомство мәліметінше, өз араларындағы сыбайлас жемқорлық әрекеттерімен күрес жұмыстары барысында Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментінің өкілдері Жамбыл облыстық Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдерімен бірге 16 сәуір күні Байзақ аудандық прокуратурасының қызметкерін ұстады.⠀«Оған ірі көлемде пара алды деген күдік келтіріліп отыр. Осы іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері қолға алынды. Өзге мәліметтер тергеу жүріп жатқандықтан жарияланбайды», -делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Read More

Флешки по цене ноутбука и дорогие компьютеры пытались приобрести в госучреждениях Жамбылской области, передает «Хабар 24».⠀Борцы с коррупцией выявили факты неоправданной расточительности бюджетных средств. За первый квартал текущего года путем пересмотра закупочных цен удалось вернуть в казну почти 800 млн тенге.⠀В прошлом году Антикоррупционная служба предотвратила около 30 фактов необоснованных закупок, сэкономив больше 600 млн бюджетных тенге.⠀В ходе мониторинга портала госзакупок выявляют различные интересные случаи. Так, борцы с коррупцией обнаружили, что департамент полиции Жамбылской области планирует закуп 80 флешек стоимостью 235 тыс. тенге каждая. Завышенную в 100 раз цену на покупку носителей информации пересмотрела Антикоррупционная служба.⠀В итоге одна флешка с памятью 16 Gb обошлась полицейским в чуть более 2 тыс. тенге.⠀На похожий факт наткнулись сотрудники и в акимате Шуского района. Там на 12 млн тенге…

Read More

Тәуелсіздікке тартылған сый Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында Қазақстан Республикасының 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздікке тартылған сый» атты әдеби композиция өтті Кітапхананың тұрақты оқырманы, жас ақын Райымбаев Мерейхан «Тәуелсіздіке тарту» өлеңімен кешті ашып, іс-шара қонағы Жамбыл облысы «Jas otan» жастар қанаты төрағасының орынбасары Әбуғали Ерғали Рүстемұлы зағип жандармен пікірлесті. І топ көз мүгедектері Пірманов Махмұд «Мен қазақпын», Ақпаев Нұрсұлтан «Атамекен», Есманов Ғалымжан «Қазағым-ай» әнін шырқап, арнайы кітапханада іс-тәжірибеден өтіп жүрген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білімгерлері Лесбек Мақпал мен Зәйлу Гүлзат қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды. Ерғали Рүстемұлы мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау мақсатында атқарылып жатқан оң істер,…

Read More

АҚШ-тың Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында қазақтар Наурыз мерекесін тойлады. Kaz.tengritravel.kz порталына берген сұхбатында журналист Сандуғаш Сүндетбай мәдени шараның қалай өткені туралы толығырақ айтып берді. АҚШ жерінде коммерциялық емес California Qazaq Center қауымдастығы Наурыз тойын ұйымдастырды. Шараға 200-ге жуық адам қатысқан, олардың арасында танымал қазақстандық кәсіпқой боксшылар, өнерпаздар және білім алып жүрген жастар мен ұзақ жылдар бойы сонда америкалық болып кеткен қазақтар болған.  «Әдетте жыл сайын осындағы қазақтар өздері саябаққа шығып, өз тамақтарын алып келіп, отандастарымен жиналып өткізетін болған, ал бұл жолы мұны таяуда ашылған California Qazaq Center ұйымы өз мойнына алып, концерттік бағдарламасымен, кең дастарқанымен әрлеп, ойын-сауығымен тартысты қылып өткізді. Шараға айтарлықтай…

Read More

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес, Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы 1990 жылы Жамбыл облысы Сарысу ауданында туған, білімі жоғары. Жамбыл облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын» мектеп-интернатын, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «саясаттану» мамандығы бойынша бітіріп, 2012 жылы бакалавр, 2014 жылы магистр дәрежесін алған, 2018 жылы PhD докторантурасын бітірген. Еңбек жолын Астана қаласының Алматы ауданы «Jas Otan» Жастар қанаты төрағасының бірінші орынбасары болып бастаған. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот сараптамасы орталығының инспекторы, «Jas Otan» Жастар қанаты филиалының аппарат басшысы, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының…

Read More

Бүгін Бәйдібек ауданы, Тұрақты елді мекенінде ауданның тарихында өзіндік орны бар, 1944-1946 жылдары Шаян аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарған Жүзбай Жүнісбековтің ескерткіші ашылды. Ескерткіш қоғам қайраткері Жүзбай Жүнісбековтің есімімен аталатын мектептің алдына орнатылды, — деп хабарлайды Newsroom+  ақпарат агенттігі  Аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Салтанатты шараға аудан әкімі аппаратының басшысы Алмасбек Нақыпбеков қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, Жүзбай Жүнісбековтің қызмет еткен жылдарында ауданның дамуына сіңірген еңбектеріне тоқталды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына тарту ретінде жасалған ескерткіштің авторы, мүсінші Қуаныш Сүлейменов болса, іс-шараны ұйымдастыруға басшылық жасаған тұрақтылық Жақсыбек Баймұратов. Шараға Жүзбай Жүнісбековтің ұлы Сәбит Жүнісбеков қатысып, әкесіне арнап ескерткіштің қойылуына мұрындық болған жерлестері мен ескерткіштің…

Read More

Жалақы дауы жолға қойылды. Жамбылда жыл басынан бері 108,1 млн. теңге жалақы қарыздары өндірілген. Бұл сомма биылғы жылдың басынан еңбек инспекторларымен анықталған 733 жұмыскерге тиесілі еңбекақы. Жалпы. еңбек даулары мен наразылықтар негіз болатын бірден бір себеп — жалақының уақытылы төленбеуі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев айтты. «Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстағы еңбек қатынастарының ахуалы тұрақты болып, еңбек шиеленістері тіркелген жоқ. Дегенмен, жекелеген кәсіпорындарда жұмыскерлердің тарапынан жалақыны көтеру мәселесіне қатысты әлеуметтік желілер, ұжымдық арыздар арқылы өз талаптарын білдіру фактілері «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және «Қазақтелеком» АҚ-ның облыстық фиалының Талас,…

Read More

Таразда халық тарапынан түсетін арыз-шағымның 80 пайызы тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық мәселелеріне қатысты. Жолдың жайы, ауыз су, жарықтандыру мәселесі – күн тәртібінен түскен емес. Облыс орталығына жаңадан тағайындалған әкім Е.Жылқыбаевтың да биыл ең алдымен осы мәселелерді шешу жоспарында. Тараз қаласының аумағына қосылған елдімекендер мен жаңадан бойкөтерген тұрғын-үй алқаптарында жол жайы — өзекті мәселелердің бірі. Бірақ, алдымен ауыз су мәселесі шешімін таппай асфальт жол төсеу тиімсіз әрі қаражатты мақсатсыз игеру болып табылады. Сондықтан, жол мәселесі бар аудандардың әзірге жолын тегістеп, шағал төселеді. Ал, ауыз су кірген елдімекендерге кезең-кезеңімен жол салынады.Қаланың кейбір жолдары жөнделгеніне жыл өтпей жатып қайта асфальты үгітіліп жатқан жағдайлар кездеседі. Алайда,…

Read More

«Бәйтерек» мөлтекауданындағы 37,38 үйлердің сыртына жөндеу жұмыстары басталды. 2014 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйлер 5 қабаттан, 75 пәтерден тұрады. Мердігерлер 3 жылға кепілдік бергенімен, 3 жыл өте сала қабырғалар сыр бере бастаған. Содан бері тұрғындардың бармаған жері, қақпаған есігі қалмапты. Уәдеге тойған олар, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та мәселені талай рет көтерген. Өткен жылдың маусым айында бюджеттен қаражат қарастырылып, құрылыс басталған тұста пандемия жағадан алып, құрылысты жүргізетін жұмысшылар тапшы болған. Жөндеу жұмыстары тоқтап, халықтың үміті тағы үзілген еді. Күні бүгінге дейін жалтарып жүргендер компанияны жауапкершілігі заң аясында қарастырылуда. Бірер күн бұрын мәселенің мән-жайын білуге барған Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев сәуірдің…

Read More