Автор: admin
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас Бангкокта өткен бокс кешінде өнер көрсетті. Ол әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасты, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Ангелина аргентиналық спортшы Анай Лопеспен күш сынасты. Олар екінші аса жеңіл салмақта бос тұрған IBO атағын сарапқа салды. Жекпе-жек екі минуттан 10 раундқа есептелген болатын. Кездесу төрешілердің шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына шешілді. Осылайша, Ангелина Лукас кәсіби бокстағы 11-жеңісіне қол жеткізіп, IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанды. Ал оның қарсыласы Дебора Анай Лопес кәсіби бокста үшінші рет жеңілді. Айта кетейік, Ангелина билы WIBF және WBF нұсқалары бойынша екінші дәрежелі чемпиондық белдіктерді жеңіп алған болатын. дереккөз: Sports.kz
Бүгін, 6 қазан күні Астана уақытымен кешкі сағат 20:00-де Қазақстанда АЭС салу жөніндегі жалпыұлттық референдумда дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат QazNews.kz агенттігіне сілтеме жасап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, өңірде барлығы 10 249 референдум учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 12 млн 244 мың 683 азамат енген. Орталық референдум комиссиясының кешкі сағат 18:00-дегі мәліметіне сүйенсек, ел бойынша 7 537 675 азамат бюллетень алған. Бұл тізімдегі азаматтардың 61,56 пайызын құрайды. Соңғы мәлімет бойынша, шет елдердегі референдум учаскелерінде Қазақстанның 7358 азаматы дауыс берген. Дауыс берушілер туралы алдын ала қорытынды ақпарат сағат 21:00-де белгілі…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мопедтерді мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салатын заңға қол қойды. Сонымен қатар, 2024 жылдың желтоқсан айының басында жолдарда орташа жылдамдықты тіркеу жүйесі енгізіле бастайды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат kolesa.kz-ке сілтеме жасап. 2024 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жол қозғалысы туралы» заңға және Әкімшілік кодекске түзетулер енгізу туралы заңға қол қойды. Бұған дейін бұл өзгерістерді отандық сенаторлар мақұлдаған болатын. Негізгі өзгерістер: •Мопедтерді міндетті тіркеу, оларға техникалық тіркеу құжаты мен мемлекеттік нөмір беру енгізіледі. Сондай-ақ, оларды басқару құқығы А1 кіші санаттағы жүргізуші куәлігімен расталуы тиіс. Бірақ А және В санатындағы құқықтары бар…
Әр ауданның мектептерінен 16 команда қатысты 2024 жылдың 28 қыркүйек күні Қонаев қаласында Respublica партиясының қолдауымен “Әділетті, таза және қауіпсіз Қазақстан” тақырыбында JusRepublic CUP | дебат турнирі өткізілді. Аймақтық турнир қазақ және орыс лигаларын қамтыды. Облыс аудандарынан турнирге 16 команда қатысты. Пікірсайыс додасының басты мақсаты: облыс мектептерінде білім алып жатқан жастардың зияткерлік қабілеттерін ашу. Жас буынды білімге, тапқырлыққа, шешендік өнерге баулу арқылы отансүйгіштік ұғымдарды дәріптеу және ең бастысы, пікірсайысшы жастарды қолдау. «Respublica» партиясы идеяшыл, ғылым-білімге ұмтылған және елге жанашыр азаматтарды, жастарды әрдайым қолдайды. Біздің есігіміз ондай жастар үшін әркез ашық. Бүгінгі турнир серіктесіміз “Ozgerteam” қоғамдық бірлестігімен бірге ұйымдастырған алғашқы бастамамыз.…
Қазақстан билігі Алматы облысында жол жөндеу жұмыстарын орындамаған түрік мердігері F&A Road Construction компаниясынан 5,9 миллиард теңгені сот арқылы қайтарып алды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Әділет министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2021 жылы Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті түрік компаниясымен Күрті — Бурылбайтал тас жолын жөндеуге келісімшарт жасаған. Мердігерге 5,9 миллиард теңге аванс ретінде төленген, бірақ компания жөндеу жұмыстарын бастамаған. 2022 жылдың мамыр айында келісімшарт біржақты түрде бұзылды. Авансты қайтару үшін Халықаралық сауда палатасының (ICC) Париждегі Арбитраж сотына жүгінуге тура келген. Ұзаққа созылған сот ісінен кейін мердігер тарап келісімге келіп, авансты 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қайтаруға және Қазақстанның заңгерлік шығындарын…
SpaceX компаниясының ғарыш кемесі Polaris Dawn миссиясын сәтті аяқтап, Жерге оралды. Ғарыш кемесі Мексика шығанағына парашют жүйесінің көмегімен жұмсақ қонды. Бортында ғарышқа алғаш рет ұшқан төрт турист болды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Polaris Dawn миссиясы 10 қыркүйекте Кеннеди ғарыш айлағынан ұшырылған. Кеме бес күн бойы Жердің төменгі орбитасында болып, соңғы елу жылда ең ұзақ қашықтыққа ұшты. Экипаж құрамында кәсіпкер Джаред Айзекман, АҚШ Әуе күштерінің бұрынғы ұшқышы Скотт Потит, инженерлер Анна Менон және Сара Джиллис болды. SpaceX бұл оқиғаны үлкен жетістік ретінде атап өтті.
Көлік министрлігіне қарасты «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мекемесі ұйымдастырған «Сапа керуені» баспасөз туры Алматы қаласынан бастау алып, Жетісу облысындағы қазақ-қытай шекарасына дейін барды. БАҚ өкілдері мен қоғам белсенділерінің басын қосқан сапардың мақсаты — жолдың жай-күйін бүкпесіз баяндау, қолданысқа берілген «Талдықорған — Өскемен», «Үшарал — Достық» автожолдарының сапасын байқау, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. БАҚ өкілдері мен Көлік министрлігіне қарасты Автомобиль жолдары комитетінің мамандары, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мекемесінің басшылық құрамы мінген автобус Алматы қаласынан шығып, «Достық» қалашығына дейін барды, Жол мамандары жуырда қолданысқа берілген Талдықорған — Өскемен, Үшарал — Достық жолдарының құрылысы мен сапасына қатысты сауалдарға жауап берді. Тапсырыс…
Алматыда полиция стоматологиядан 13 мың вейп тәркіледі, – деп хабарлайды Tarazy ақпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап. Жедел бөлімшенің мәліметінше, стоматологиялық емханалардың бірінде электронды темекінің заңсыз айналымы анықталған. Тінту кезінде емхана қоймасынан 13 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді. – Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін бұрын сотты болған 32 жастағы ер адам анықталды және ұсталды, ол электронды темекінің заңсыз айналымын жасағанын мойындады. Оның айтуынша, ол заңсыз баю мақсатында досының емханасында уақытша сақтау үшін қойма ұйымдастырып, тыйым салынған вейп құралдарын жасырын сатумен айналысқан. Қылмыстық істі Медеу аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр, – деді Алматы қалалық ПД экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров. Естеріңізге…
Culper Research жариялаған зерттеу есебіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Tarazy ақпарат. Михаил Ломтадзе, Kaspi.kz компаниясының басшысы және негізін қалаушылардың бірі: «Бұл – алыпсатарлардың жасаған шабуылы, оның мақсаты — қысқа мерзімді саудагерлердің жылдам пайда табуын қамтамасыз ету. Есеп шындыққа жанаспайды, қате ақпарат беріп, инвесторларды шатастыру үшін әдейі жасалған. Біз акциялары 2020 жылдан бастап Лондон қор биржасында сатылған және жақында NASDAQ-та сатыла бастаған, реттелетін, ашық компаниямыз. Реттеуші қойған талаптарға сәйкес үнемі ақпаратты ашық жариялаймыз. NASDAQ-тағы соңғы IPO барысында кең ауқымды құқықтық тексеруден өттік. Өз өнімдерімізге, есептілігімізге, сәйкестік бағдарламаларына және бақылау құралдарына сенімдіміз. Әдеттегідей ұзақмерзімді стратегиямызға назар аударамыз». Kaspi.kz туралы Kaspi.kz-тің миссиясы…
Ұлылар мекені Ұлытау өңірінде Жошы Ұлысының 800 жылдығына орай БАҚ өкілдеріне арнайы пресс-тур ұйымдастырылды. Екі күндік іс-шарада қатысушылар облыстың тарихи-мәдени орындарын аралап, өлке туралы мазмұнды кездесулерге куә болды. Пресс-тур барысында көзбен көрген нысандар мен тарихи жерлер туралы қысқаша мәлімет беруге тырыстық. Пресс-турды ұйымдастырушылар тыңғылықты дайындалыпты. Алғашқы тарихи нысан — Жезқазған маңындағы ГУЛАГ жүйесіне кіретін Степлаг лагері. Мұнда 1948-1956 жылдары 40-қа жуық елдің азаматтары әскери тұтқында болған. 1954 жылдың 10 маусымындағы мәліметі бойынша Степной лагерінде барлығы 21090 тұтқын болды. Оның: 16677-і ер адам, 4021-і әйелдер. Қазір қабырғалар мен тұтқындар отырған бірнеше камералар ғана сақталған. Алдағы уақытта дала музейінін жасаймыз деген жоспар…