Автор: admin

Жамбылда тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылатыны анықталды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Байқадам Дүйсенбаев айтты. Спикердің айтуынша, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша түскен өтініштер талданған. Қортындысындажоғарыда айтылған құқықтар бұзылғаны анықталып отыр. Егер электронды сауда саласындағы өтініштерді қосқанда, онда сауда саласындағы барлық өтініштер саны 69 пайызды құраған. Былтыр аймақта осы кезеңмен салыстырғанда өтініштердің жалпы саны өскен. Яғни, 18,0 пайызға артқан. Айталық, биыл 110 өтініш болса, былтыр осы уақытта 93 өтініш қаралыпты. «Департаментпен 46 өтініш қанағаттандырылды. Бұл барлық өтініштердің 32,7%-ын құрайды. Тұтынушыларға 1 590 350 теңге қайтарылды. 23 тұтынушының сапасыз тауарлары айырбасталды. Ал,…

Read More

Жамбыл облысында IV тоқсанда 229 мектеп дәстүрлі форматта оқытылатын болды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында облыстық Білім басқармасының басшысы Гүлнар Ходжабергенова айтты. Сондай-ақ, брифингте Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Дамеш Ускумбаева қатысып, алдағы жоспарлар жайын бөлісті. Жамбыл облысы жасыл аймақта болғандықтан, төртінші тоқсанда оқу үрдісі дәстүрлі және аралас форматта ұйымдастырылады. Жалпы облыстағы 442 мектеп бар десек, онда 238 682 оқушы оқиды. Бұған дейін ІІІ тоқсанда оқушылардың 51% дәстүрлі форматта оқыса, 49% қашықтықтан білім алған болатын. Оқушылар үшін пандемия жағдайында бірыңғай мектеп формасын кию талап етілмейді. Ал оқу пәндерінің 70% дәстүрлі форматта, қалған 30% қашықтықтан оқытылады. Олардың…

Read More

26 наурызда 65 мекеменің қатысуымен 54 көшеде сенбілік ұйымдастырылып, 2895 мекеме мамандары мен қала тұрғындары атсалысты. Сенбілікте 27 шақырым арық жүйесі тазартылып, 192 тонна күл-қоқыс шығарылды. 28 дана арнайы көлік жұмылдырылды. Сонымен қатар, «Жасыл Ел-Тараз» ЖШС-нің 500 жуық қызметкерлері қаланың магистральді және орталық көшелерінде арық жүйелерін тазарту, бағаналарды сырлау, қураған ағаштарды кесу, жол жиектерін сыпыру, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару жұмыстарын атқарды. Аталған жұмыстарға 83 техника жұмылдырылып, 91 тонна күл-қоқыс шығарылды. Абай даңғылы мен Сүлейменов көшесінде орналасқан бағаналарды сырлау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, қала әкімдігі тарапынан көшелердегі ретсіз, заңсыз орналасқан жарнамаларды алу жұмыстарын жүргізді.

Read More

Тараз қаласының әкімі Е.Жылқыбаевтың қала тұрғындарына үндеуі жарияланды. Құрметті тараздықтар! Бәріміз таза, жасыл желекті және қауіпсіз қалада өмір сүргіміз келеді. Шаһардың көркі мен тазалығын сақтау қала әкімшілігіне жүктелгенімен, әрбір саналы азамат өзі тұратын ортаның таза, әрі қолайлы болуына үлес қосуы керек. Тараз күн сайын көркейіп, аллеялар мен демалыс орындары көбейіп келеді. Көгалдандыру жұмыстарына да мән беріліп, жасыл желектер мен гүлдер егіледі. Алайда, Тараз қаласының өзіне тән сәулеті мен келбетін жөнсіз ілінген жарнамалар мен заңсыз орын тепкен нысандар бұзып тұр. Осы орайда, әкімдік қала сәулетін біркелкі етуді қолға алады. Сіздерді ғимараттардың сырты мен жарнама құралдарын орналастырғанда біркелкі үлгіні ұстануға шақырамын. Құрылыс компаниялары…

Read More

2021 жылдың 24 наурызы — 1 сәуірі аралығында Тараз қаласы полиция басқармасымен қала көлемінде «Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы нормативтерден асып кететін автомотокөлiктерді және басқа да жылжымалы құралдарды пайдалану» бойынша рейдтік жұмыстар жүргізіледі. Рейдтік жұмыстар барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінінің 334-бабының 1 тармағына сәйкес жеке тұлғалардың шығарындыларда ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомотокөлiктердi және басқа да жылжымалы құралдар мен қондырғыларды пайдалануы анықталған жағдайда аталған Кодекстің талаптарына сәйкес хаттама толтырылады. Жеке тұлғаларға ескерту жасауға немесе екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Read More

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және қалалық мәслихат депутаттарының келісімімен Ержан Жылқыбаев Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tarazy.kz порталы облыс әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Облыс орталығының жаңа әкімін қала активіне аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев таныстырды. «Айтқазы Қарабалаевтың атқарған жұмысына рахмет айтамын. Тараз облыс орталығы болғаннан кейін оның дамуы аймақтың дамуына тікелей байланысты. Ержан Жылқыбаев біраз жерде қызмет атқарды, сыннан өтті. Тараздың дамуына бар тәжірибесін салады деп сенемін. Ең бастысы, бірігіп жұмыс істеу керек. Тараз мәдени, туризм ордасы болуы керек. Былтырғы жыл Қордайға көп көңіл бөлінсе, биыл Таразға ерекше назар аударылмақ. Халықтың жағдайын жақсарту, әлеуметтік…

Read More

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасының Тағзым күнін сәйкес «Наурыз нұры» мейірім кешін «Сарымолдаев балалар үйінде» атап өтті. Карантин талаптарын сақтап, балалардың қауіпсіздігін ойлап, ішке кірместен, мекеме қызметкері аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға балаларға әкелген базарлықты ұсынды. Шараны ұйымдастыру арқылы қайырымдылық- ізгіліктің нақты көрінісі, адамның асыл қасиеттерінің бірі екенін, жастарға қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылдырып, балалардың қуанышын, ризашылығын көру шынында керемет сезімге бөлейтінін байқадық. Аға сарапшы Жеңіскүл Есеналиеваға: «Балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп қайтатыны, оларға сыйланған қуаныштың бақытқа апаратынын, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі – жас ұрпақ екенін» — айтып…

Read More

Жамбыл облысында алдағы бес жыл ішінде 140 млн түп ағаш отырғызылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков айтты. Бастама президент жолдауында жүктелгендей «Ағаштар көлемін арттыру» бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарға жатады. «Жолдауда айтылған Республика бойынша отырғызылатын 2 млрд ағаштың 140 млн түбі біздің өңіріміздегі орман қорына отырғызу жоспарланып отыр. Аталған тапсырманы кезең-кезеңімен орындау үшін арнайы жоспарда бекітілген. Тапсырманы алдағы 5 жылда орындау үшін Жамбыл облысы бойынша кешенді жоспар 5 есеге көбейтіліп,орман шаруашылығы комитетімен келісілді. Отырғызылатын ағаштарға 79,4 мың га орман қоры жерлері дайындалуда, — деді А. Оразбеков. Бұдан бөлек елді мекен…

Read More

🔰Жамбылда тоқсан сайын аймақтың тілдік ахуалы зерделенеді. Бұл мақсатта аймақтағы атқарушы органдардың кіріс-шығыс құжаттарына мониторинг жасалады. Былтыр мемлекеттік органдардағы қазақ тіліндегі шығыс құжаттарының үлес салмағы – 99,2% құраған. Алайда, өңірдегі банк жүйесі мен құқық қорғау органдарында іс құжаттарының басым бөлігі орыс тілінде жүргізіледі. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова айтты. ✅Спикердің айтуынша, жамбылдық тұрғындардың тілдік ахуалына өткен жылы әлеуметтік сауалнама жүргізілген. Нәтижесінде, мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі 91,9% көрсеткен. Ал 70,5% үлесті мемлекеттік тілде еркін сөйлейтін, оқитын және жазатындар құраған. Орыс тілін меңгерген тұрғындардың үлесі 93,5%. Сондай-ақ, ағылшын тілін білетін тұрғындар үлесі 27,7%. Үш…

Read More

Қазақ әдебиетінің қазыналы туындыларын насихаттау, оқу мәдениетін қолдау және дамытуға бағытталған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының бастамасымен 15 жыл бойы «Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы жарияланып келеді. Бұл жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылып, 30 шығарма оқырман назарына ұсынылды. Республика бойынша барлық кітапханалар әдебиеттерді насихаттау жұмыстарына кірісіп, түрлі мәдени іс-шаралар: дөңгелек үстелдер, оқу конференциясы, тұрақты кітап көрмелері мен библиографиялық шолулар өткізілуде. Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы да осы үрдістен қалыспай, акция аясында жарияланған кітаптарға мүмкіндігі шектеулі жандардың қолжетімдігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын таңдалып…

Read More