Автор: admin
Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласында өрттен бес бала қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап. Оқиға 19 ақпанда сағат 15.15-те 2 шағынауданда болған. 5 қабатты тұрғын үйде 16 шаршы метр алаңда 3 қабаттағы пәтерде өрт шыққан. Пәтерде 2015, 2016, 2017, 2019 және 2020 жылдары туған бес бала болған, олар ересектердің қарауынсыз қалған. «Алдын ала мәлімет бойынша, отбасының отағасы жұмыста болған, анасы дүкенге кеткен. Өрт салдарынан кәмелетке толмаған барлық бала улы газдан зардап шегіп, шұғыл ауруханаға жатқызылды, алайда біраз уақыттан кейін қайтыс болды. Оқиғаның себебін анықтау үшін Жамбыл облысы әкімінің бұйрығымен облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек бастаған арнайы комиссия…
Бүгін Бас прокуратурада бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің (бұдан әрі — Комитет) цифрлық жобаларының таныстырылымы өтті, — деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов іс-шараны аша отырып, «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік органдармен бірлесіп қылмыстық және әкімшілік процестерді автоматтандыру, тексерулер тағайындау, өтініштермен жұмыс бойынша жобалар іске асырылғанын атап өтті. Олар мемлекеттік органдардың қызметін оңтайландыруға, азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, құқықтық статистиканың ашықтығы мен анықтығын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға, сондай-ақ бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталған. Журналистерге «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімі» «Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі», «Электрондық өтініштер» цифрлық жобаларының мүмкіндіктері және…
Жамбылдағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су басу қаупі Шу, Талас және Аса өзендеріндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан болуы мүмкін. Сондай-ақ тау бөктеріндегі еріген қар және жаңбыр сулары да халық шоғырланған ауылдарға қауіпті саналады. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы ТЖ департаменті бастығының орынбасары Ералы Ақылбеков айтты. Спикердің айтуынша, аймақ бойынша көктемгі мерзімде су басуы мүмкін 38 елді мекен бар. Олардың 28-і су қоймаларындағы су деңгейінің көтерілуінен, ал 10-ы тау бөктерінде еріген қар суы немесе нөсерлі жаңбыр себебінен болмақ. «Облыс көлемінде 156 гидротехникалық құрылыс нысандары орналасқан. Оның ішінде республикалық меншікте – 41, жеке меншікте – 9-ы бар. 2017-2020 жылдарға…
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай ақпан айының 1 мен 25 аралығында оқырмандар арасында Ж. Жабаевтың шығармаларын насихаттау, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлығын арттыру, ауыз әдебиетінің рөлін, өлең сөзінің құдіреті мен қуатын жанымен сезініп, жүрегімен түсіне білуге үйрету мақсатында «Жыр алыбы-Жамбыл» атты Жамбыл оқулары байқауын жариялайды. Байқауға облыстың барлық сатыдағы тұрғындары қатыса алады. Байқаудың қатысушылары өз жұмыстарын #Жамбыл облыстық арнайы кітапхана, #Жамбыл Жабаев 175 жыл хештегімен әлеуметтік желіге (фейсбук, инстаграм) жариялауы тиіс. Әділқазылар қатысушының шығарманы…
Былтыр Жамбыл облысы салық кірістерінен 113 млрд.теңгеден асатын қаржы түсірді. Бұл туралы ӨКҚ ақпарат алаңында Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Caғитов айтты. Спикердің айтуынша, 113 млрд. теңгеден асатын қаржы бұл республика және облыс бюджеттеріне түскен жалпы қаржы. Оның ішінде облысқа тоқталар болсақ, кіріс қаржы 79 млрд. 417 млн теңгеден асады. Бұл белгіленген жоспардан 6 жарым млрд. теңгеге артық орындалды дейді. Пайыздық көрсеткішпен жергілікті бюджет кірістерінің орындалуы 109,1 %. Ал республика бюджетіне 33 млрд. 837 млн. теңгеден аса қаржы түскен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 3 млрд. теңгеден асатын артық түсім. Былтыр барлығы 2180 салықтық және кедендік тексерулер…
Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының тұрғыны аймақта жылу ағытылғанын, үй салқындап кеткеніне шағымданды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Жамбыл облысының әкімдігі бұл видеоға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Желіде тараған видеода Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны өңірде жылу мен ыстық су ағытылғанын айтады. «Қазір пәтердемін. Үйде минус температура сияқты, күртемен жүрмін. Кеше жылу мен ыстық суды ағытып тастапты. Бүгін 10 ақпан. Далада қар, үй салқын», — дейді ролик авторы. Tengrinews.kz порталы мән-жайды білу үшін облыстық әкімдікке хабарласты. Әкімдік қызметкерлері Жаңатас қаласында жылу ағытылмағанын, тек 9 ақпанда жылыту құрылғылары істен шыққанын айтты. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от…
Жамбылдық полицейлер шаруаға жоғалған жылқысын тауып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 8 ақпанында сағат 21:10 шамасында Шу ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын xабарласып, белгісіз біреулердің аудан орталығынан 85 шақырымдық жерде орналасқан фермасынан 86 бас жылқы үйірін ұрлап айдап кеткендігі туралы арызданған. Осы оқиғаға байланысты Шу аудандық полиция бөлімімен екі жедел-тергеу тобы құрылып, шұғыл түрде іздестіру жұмыстарына кірісті. Кәсіби жедел іс-шаралардың нәтижесінде полицейлермен барлық 86 жылқы әр түрлі аумақтардан табылып, иесіне жинап, қайтарылды. Қазіргі кезде мал шаруашылығының қожайыны жылқылардың ұрланып кетуіне байланысты шағымданбайтынын айтып, полиция қызметкерлеріне жылқыларын іздестірудегі жедел әрі кәсіби жұмыстары үшін алғысын білдірді. Жамбыл облысының Полиция департаменті…
Тараз тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Өзінің бейнежазбасында ер адам Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменовке және полиция қызметкерлеріне Жұмаділов көшесінің бойында жасанды кедіргілер орнатқаны үшін алғыс білдірді. Көп балалы әке, Төрткөл массивінің тұрғыны Жанат Сүлейменовтің қабылдауында болып, балалардың қауіпсіз жүріп-тұруы үшін Жұмаділов көшесі бойында қажетті жасанды кедергілер орнату өтінішімен жүгінген болатын. Бұл көшеде бірнеше көпбалалы отбасы тұратыны, ал көлік ағыны көп болғандықтан, онымен жүру қауіпті болып отырғаны кездесу барысында сөз болды. Өтініш білдіргеннен кейін, екі тәулік өткен соң Жамбыл облысының Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен жасанды кедергілер орнатылды. Ер адамның айтуынша, осы жасанды кедергіні…
Байзақ ауданында жергілікті полиция бөлімінің 2020 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша жедел кеңес өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жедел кеңесте Жамбыл облысы ПД Штабының бастығы Алмаз Байжарасов баяндама жасап, ол Байзақ ауданында ұрлық санының көрсеткіші 45%-ға қысқарғанын, қарақшылық шабуылдар мен бопсалау деректеріне жол берілмегенін атап өтті. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде бұрын жасалған 11 қылмыс дерегі ашылған. Келесі кезекте, Байзақ ауданы полиция бөлімінің бастығы Досымбек Мұсаев 2020 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді. Өз баяндамасында қылмыстар санының 15,2%-ға, ал қоғамдық орындар мен көшелерде жасалған қылмыстар саны 19%-ға төмендегеніне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстар санының 60%-ға, ал кәмелетке толмағандармен…
Жаңатас қаласының тұрғындары жамбылдық полицейлерге көршісін құтқарғаны үшін алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2021 жылдың 1 ақпанында Сарысу ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Абзал Асаубайға Жаңатас шағын ауданының тұрғындары көмек сұрап жүгінді. Олардың көршісі, 60 жастағы ер адам бірнеше күн бойы пәтерден шықпаған және телефонына жауап бермеген. Мазасызданған көршілер учаскелік полиция инспекторын шақыруды шешті. Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкері Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерін есікті бұзуға шақырады. Олар пәтердің ішіне кіргенде еденде ес-түссіз жатқан адамды көреді. Учаскелік инспектор жедел жәрдем бригадасының келуін күтпей, ер адамды көрпеге жатқызып, құтқарушылардың көмегімен өз автокөлігімен ауруханаға жеткізу үшін төменге…