Автор: admin

Әскери қызметшілер мен азаматтық персоналдың балалары үшін Алматы облысында және Щучинск қаласында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерьлер жұмысын бастады. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін Щучинск-Бурабай курорттық аймағына бір апталық жазғы демалысқа шалғай гарнизондардан 12-14 жас аралығындағы балалардың алғашқы тобы келіп жетті. Олардың арасында спорттың әр түрі бойынша республикалық жарыстарға қатысқан оқушылар бар. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық балалар лагерінің бірінші ауысымының ашылу салтанатына Бас штаб бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы Серік Борамбаев қатысты. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық лагерінде сендер демалып қана қоймай, жаңа достар тауып, болашақ Отан қорғаушыға қажетті білім мен біліктеріңді де…

Read More

Жамбыл облысында жарты жылда кәсіпкерлік субъектілеріне  10,5 млрд. теңге шағын несие берілді. Сонымен қатар, екі мыңнан астам азаматқа 3,3 млрд. теңге (400 АЕК) грант бөлінген (0,2 млрд. теңге 166 адамға берілді), — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. «Бұл саладағы жұмыстарды жетілдіру, инвесторлармен тығыз қарым-қатынас орнату әрі тиімділігін арттыру мақсатында 4 арнайы алаң жұмысын іске қостық»,- дейді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов. — Біріншіден, апта сайын өтетін инвестициялық штаб жұмысын бастады. Штаб жұмысына әрбір кәсіпкер қатысып, өз жобасын таныстыра алады. Бүгінге дейін штабтың 7 отырысы өтіп, 37 жоба қаралды. Оның 17-сі жаңа жобалар. Қаралған жобалардың жалпы құны 1,5 трлн. теңгені құрайды. Екінші кезекте, прокуратура жанынан құрылған…

Read More

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Егер, сізге қоңырау соғып, өздерін банк қызметкері ретінде таныстырса, күмәнді операциялар туралы хабарлап, банк картасының нөмірін, хабарлама арқылы келген кодты және құпия сөзді атауды сұраса, БҰЛ АЛАЯҚТАР!!! Банк қызметкерлері аталған мәліметтерді сұрап хабарласпайды. Дереу байланысты тоқтатып, банктің жедел желісіне қоңырау соғыңыз, не болмаса жақын жерде орналасқан банк бөлімшесіне жүгініңіз. Сонымен қатар,  сіз ОLХ сайты  арқылы тауар сатып жатсаңыз, сізге «сатып алушы» байланысқа шығып, курьерлік жеткізу қызметі арқылы сатып-алуды рәсімдеуді ұсынуы мүмкін, әрі қарай банк картасының реквизиттерін қалдыру қажет болатын қосарлы  сайтқа сілтеме жолдайды. Сеніп қалмаңыздар! Бұлар интернет-алаяқтар, аталған сайтта курьерлік жеткізу қызметі жоқ. Мұқият және сақ болуыңызды сұраймыз!

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының құрылғанына 30 жыл толуына арналған салтанатты шараға қатысты. Баласағұн орталық концерт залында өткен жиында алдымен ҚР ҰҚК-нің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты Ермек Сағымбаевтың құттықтау хаты оқылды. Сондай-ақ, Ұлттық қауіпсіздік қомитетінің 30 жылдағы жеткен жетістіктері бейнеленген фильм көрсетілді. Өз кезегінде аймақ басшысы өңірдегі сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жұмысының маңыздылығына тоқталды. — Сіздер елдегі заң мен құқықтық тәртіптің, ішкі тұрақтылықтың сенімді кепілісіздер. Ел азаматтарының бостандығы мен Конституциялық тұрғыда қорғалуы, қоғамның тұрақтылығы Сіздердің қызметке тікелей байланысты.Сондықтан да, ұлттық қауіпсіздік қызметі қашанда аса маңызға ие, күрделі сала.Кез келген ел дамуының, алға қарай…

Read More

Ағымдағы жылдың 6 айында Жамбыл облысында кәмелетке толмағандардың үйінен кетіп қалуының 78 дерегі  тіркелді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17,8% — ға аз. Статистикалық талдау көрсеткендей, жасөспірімдердің рұқсатсыз үйден кетуінің негізгі себептері — отбасындағы жанжалдасу, ата -аналардың жұмысбасты болуы, соның салдарынан балалардың бос уақыты мен байланысына бақылаудың болмауы, кәмелетке толмағандардың жұмыспен қамтылуының ұйымдастырылмауы, компьютерлік ойындарға деген құштарлық, отбасылық күйзеліс және жасөспірімнің сенімділікке деген ұмтылысы және бақылаудан шығып кетуі. Кездейсоқ кетіп қалу сирек кездеседі, балалар үйден ұзап кеткен кезде, автобусқа мінгенде тұрғылықты жерін таба алмай адасып кетеді. Мысалы, 6 маусымда бұрын бірнеше рет қашып кеткен 16 жасар жасөспірім үйден кетіп қалды. Бала…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Саяси реформа жағдайында Қазақстан Халқы Ассамблеясының жұмысын жетілдірудің негізгі бағыттары» тақырыбында өткен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясының пленарлық отырысына қатысты. Аймақ басшысы өз сөзінде сессияның міндеті – ҚХА-ны одан әрі дамыту бағыттарын белгілеу екенін атап өтті. — Еліміз үшін тұрақтылық пен этносаралық келісімді қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа нақты жағдайда Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік пен келісім саясатымыздың берік институционалдық тірегі болып қала беретінін атап өтті. Ел Президенті ҚХА қызметінің үш негізгі басымдығын айқындап берген болатын. Олар: Ассамблеяның саяси реформаларды іске асырудағы рөлін арттыру, қоғамдық әлеуетін…

Read More

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Халықаралық Тараз инновациялық институтының бітіруші түлектерге арналған «Диплом тапсыру-2022» салтанатты кешке қатысты, — деп хабарлайды Tarazy.kz сайты. Аймақ басшысы түлектерді маңызды сәтпен құттықтап, алдағы өмірлеріне сәттілік тіледі. — Бұл күн – әр түлектің өмірінде маңызды орын алатын, келешек қадамдарыңа тың серпіліс, жаңа үміт сыйлайтын күн!Сендердің үлкен өмірге қанат қағып отырған осы сәт еліміздің жаңа бастамаларымен, жаңа бетбұрыс кезеңімен сәйкес келіп отыр. Сондықтан, елдің ертеңгі болашағы ретінде жастарға үлкен үміт артылады.Жас түлек ретінде мемлекетіміздің тұғырын биік, еңсесін тік ететіндеріңе кәміл сенеміз.Білім, тәрбие, еңбек сынды үш қасиетке арқа сүйеген маман ғана елдің дамуына үлес қосып, нәтижеге қол жеткізе алады,-дей…

Read More

“Қарасора-2022″ республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, патрульдік полиция батальонының, ПД Кинологиялық қызмет орталығының қызметкерлері қатарынан құралған мобильді топ Жамбыл облысының аумағына кіретін және шығатын автокөлік құралдарын тексеру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. Осындай іс-шараларды жүргізу кезінде «Алматы-Екатеринбург» республикалық маңызы бар тас жолының 360-шақырымындағы Мойынқұм ауданы Шығанақ кентінің жанында Нұр-Сұлтан қаласының 41 жастағы тұрғынының басқаруындағы «ВАЗ-21014» маркалы автокөлікті тоқтатты. «Тея» атты қызметтік-іздестіру итін пайдалана отырып автокөлікті тексеру барысында көлік салонынан ақ полиэтилен пакеті табылып, тәркіленді. Оның ішінде жалпы салмағы 3 келі 30 грамм болатын «гашиш» есірткі заты табылды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады, Қордай ауданының…

Read More

«Қазфосфат» ЖШС-нің әлеуметтік желілерде тараған минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыттағы газ шығарындылары  туралы хабарламалар мен жарияланымдар бойынша ресми түсіндірме жариялайды. 11.07.2022 жылы сағат 20.00 шамасында «Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» Тараз филиалының күкірт қышқылы цехында абсорбердің моногидратты сорғысы (тазартудың екінші сатысы) істен шығып, соның салдарынан түтіндік газдың қысқа мерзімді шығарылуы орын алды. Сағат 20.15-те осы цехтың жұмысшылары зауыттың диспетчерлік пункті мен цех басшылығына хабарлап, цех жұмысын шұғыл тоқтатты. Компания басшылығы санитарлық-қорғау аймағының шекарасында, жақын маңдағы қала көшелерінде және шығарындылардың негізгі көздерінде атмосфералық ауаны өлшеу жұмыстарын ұйымдастырды. Талдаулардың нәтижелері бойынша атмосфералық ауадағы ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі анықталған жоқ. Жамбыл…

Read More

Жамбыл облысында тұрғындардың тұрмыстық табысын жақсарту пилоттық жобасы биыл тағы 10 ауылдық округте жүзеге аса бастайды. Бұл туралы облыс әкімінің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды, — деп хабарлайды Tarazy.kz ақпараттық агенттігі. Күн тәртібінде мал жайылымы және қолдан ұрықтандыру мәселелері қаралды. Жер қатынастары басқармасының басшысы Бақтияр Көпбосыновтың айтуынша, жайылым жетіспеушілігін жою мақсатында ағымдағы жылы бірқатар жұмыстар жоспарланған. Атап айтқанда, жайылым жерлер көлемін 418 мың гектарға ұлғайту қарастырылған десек, оның 107 мың гектары босалқы жерлер есебінен, 166 мың гектары 5 шақырымдық радиуыста орналасқан жерлер есебінен, 146 мың гектары игерілмеген жерлер есебінен қалыптаспақ. — Біз ең алдымен «қоғамдық өріс» мәселесін шешуге тиіспіз. Мал басы…

Read More