Таулы Қарабақтағы Степанакерт қаласының маңында бірнеше жарылыс болды, — деп хабарлайды РИА Новости.
Басылым мәліметінше, Степанакертте жергілікті уақытпен сағат 20:20-да (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:20) әуе шабуылының сиренасы шықты, бұл әдетте қаланың үстінде соққы жасаушы немесе барлаушы ұшқышсыз ұшақтардың пайда болуын білдіреді. Бұл жолы сирена ұзақ уақытқа қосылды — шамамен бір сағат. Содан кейін қала аумағында төрт жарылыс естілді.
Әзірше қай нысандар бұзылғаны белгісіз.
Степанакерттегі түнгі атыстан кейін зардап шеккен көппәтерлі тұрғын үй. Фото: РИА Новости