Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 12 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

    Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

    Жаңалықтар 24.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2026 жылдың 24 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті білім алушыларының кәсіби әлеуетін арттыру және жұмысқа орналасу дағдыларын дамытуға бағытталған «Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасының кезекті іс-шарасы өтті. Аталған жоба 2018 жылы бастау алып, бүгінде университет түлектерін еңбек нарығына бәсекеге қабілетті маман ретінде даярлауға бағытталған стратегиялық маңызы бар бастамалардың біріне айналды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    2025–2026 оқу жылы аясында жоба Алматы қаласы Наурызбай аудандық білім бөлімінің қолдауымен №208 мектеп-гимназия базасында ұйымдастырылды. Іс-шараға университеттің барлық факультеттерінен іріктеліп алынған 16 бітіруші түлек қатысып, өз мамандықтары бойынша жұмыс берушілермен кәсіби сұхбаттан өтті.

    Жобаға педагогикалық бағыттағы негізгі білім беру бағдарламалары, атап айтқанда: «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Физика-информатика», «Дене шынықтыру және спорт», «Биология», «Практик-психолог», «Химия-биология» және «Бастауыш білім (АКТ)» бағдарламаларының білім алушылары қатысты. Жалпы 14 білім алушы екі жұмыс берушінің алдында сұхбаттан өтіп, өздерінің кәсіби және тұлғалық құзыреттерін таныстыруға мүмкіндік алды.

    Түлектердің біліктілігіне баға беріп, кәсіби сұхбат жүргізген жұмыс берушілер қатарында №208 мектеп-гимназия директоры Гүлбағда Аденова және №221 «Келешек» мектебінің директоры Арнагүл Маликова болды. Олар үміткерлердің теориялық білімі мен практикалық дағдыларының өзара үйлесімін жан-жақты бағалады.

    Университет тарапынан іс-шараға Кәсіби бағдар беру және мансапты дамыту департаментінің директоры Алмас Найманбаев және «Мансап» орталығының басшысы Рақымберді Жетібай қатысты.

    Сұхбат қорытындысы бойынша жұмыс берушілер білім алушылармен жан-жақты кері байланыс жасап, түйіндеме әзірлеу мен өзін-өзі таныстыру барысында жіберілген қателіктер мен жетістіктерге кәсіби талдау жүргізді. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, жобаның болашақ мансаптағы практикалық маңызы жоғары екенін атап өтті.

    «Бұл жоба — білім алушылар мен жұмыс берушілер арасындағы тиімді кәсіби көпір. Сұхбат барысында түлектер өз білімдері мен дағдыларын нақты жұмыс талаптарымен салыстырып, тәжірибелік тұрғыда бағамдауға мүмкіндік алады. Мұндай формат олардың еңбек нарығына сенімді қадам жасауына және бәсекеге қабілетті маман ретінде қалыптасуына ықпал етеді», — деді «Мансап» орталығының басшысы Рақымберді Жетібай.

    Айта кету керек, «Сұхбат: жұмыс берушіге өзіңді дәлелде» жобасы университет түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткішін арттыру мақсатында алдағы уақытта Алматы қаласының Медеу, Түрксіб, Жетісу және Алмалы аудандарында кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

    болашақ педагог педагог сұхбат

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.