Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмаған қызды зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға 2 қаңтарда Шыңғырлау ауданында болған, деп хабарлайды Tarazy.kz Криминальный Казахстан арнасына сілтеп.
Жәбірленушінің әкесінің айтуынша, 68 жастағы ер адам қызды алдап, өз үйіне шақырып, сол жерде зорлық жасаған. Оның сөзінше, күдікті кінәсін мойындаған, соған қарамастан полиция ер адамды босатып жіберген.
