Close Menu
    Оқылып жатыр

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 8 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

      06.11.2025

      «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

      06.11.2025

      Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

      06.11.2025

      Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

      06.11.2025

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Биыл Жамбыл облысында коронавирустық инфекциямен 5 мыңға жуық адам ауырды

    Биыл Жамбыл облысында коронавирустық инфекциямен 5 мыңға жуық адам ауырды

    Өңір тынысы 29.12.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Биыл Жамбыл облысында коронавирустық инфекциямен 5 мыңға жуық адам ауырды. Бүгін Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Салтанат Әлібаева ӨКҚ ақпарат алаңында өткен брифинг барысында облыстың эпидемиологиялық жағдайы туралы баяндады.

    Айтуынша, соңғы 2 аптада облыс бойынша КВЭ 235 жағдайы тіркелді. Oның ішінде симптомдық ағымы бар 125 науқас, симптомсыз ағымы бар 110 науқас. Шектеу шаралары әлсіреген сәттен бастап, яғни 17 тамыздан бүгінгі күнге дейін 2 802 рейд жүргізілді, 14317 нысан тексерумен қамтылды, бұзушылықтар 906 нысанда анықталды. Бұл ретте жиі кездесетін кемшіліктер бетперделік режимді, әлеуметтік қашықтықты, жұмыс режимін сақтамағаны, бұқаралық іс-шараларды өткізгені үшін 490 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, айыппұл салынды.

    Бүгінде облыс бойынша анықталмаған пневмонияның 478 жағдайы тіркелген. Барлық науқастар пневмония диагнозымен облыстың медициналық ұйымдарына жүгінген кезде анықталыпты. Елдегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау бойынша Жамбыл облысы жасыл аймақта орналасқан. Өңір бойынша жағдай тұрақты.
    Айта кетейік, Қордай ауданындағы «Қарасу», «Аухатты», Мерке ауданындағы «Сыпатай батыр» және Жамбыл ауданындағы «Айша бибі» өткізу пункттері жұмыс істеп тұр.

    Аймаққа айырқалпақты елден келетін азаматтар 2 күндік карантиндік стационарға жатқызылады. Шетел азаматтары тек теріс нәтижелі ПТР тесті жасалынған анықтамамен ғана шекарадан өте алады. 6 қазаннан бастап бүгінгі күнге дейін 63206 адам шекарадан өтті. Оның ішінде 2267 адам 2 күндік карантиндік стационарға жатқызылып, ПТР әдісімен тексеруге алынды. Тексерілгендер арасынан Коронавируспен ауыратын 28 науқас анықталды. Анықталған науқастар оқшауланды. Эпидемиологиялық тергеу жүргізіліп, науқастар және олармен жақын байланыстағы адамдар медициналық бақылауға алынды. Ал 1339 шетел азаматтарына теріс нәтижелі ПТР тесті болмағандықтан, елімізге кіруге рұқсат берілмеген.

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

    28.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Атақты әнші Jah Khalibтің Ақтөбедегі концерті өтпейтін болды

    06.11.2025

    «Заң және тәртіп»: Жетісу университетінде құқықтық мәдениетке бағытталған кездесу өтті

    06.11.2025

    Абай универсиеті әлемдік марапатқа ие болды

    06.11.2025

    Жуырда президентпен кездескен Qazaq Stroy кеңсесінде Ленин ескерткіші қойылған

    06.11.2025

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.