Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сәрсенбі, 2 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

      27.06.2025

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Debat Eli Academy»: Жазғы маусымдағы зияткерлік демалыс

    «Debat Eli Academy»: Жазғы маусымдағы зияткерлік демалыс

    Жаңалықтар 10.04.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    2025 жылдың 9–13 маусымы аралығында Ақмола облысы, Зеренді ауылындағы көрікті Aurora Garden демалыс аймағында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған «Debat Eli Academy» пікірсайыс академиясы өтеді.

    Бұл – жас пікірсайысшылар үшін тек оқу емес, табиғат аясында өзін-өзі дамытуға, жаңа достармен танысуға және шешендік қабілетін шыңдауға арналған тамаша мүмкіндік.

    Аталған жобаны «Debat Eli» қоғамдық қоры ҚР Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе ұйымдастырып отыр. Академияның басты мақсаты – жастардың сыни ойлауын, шешендік шеберлігін және елжандылық қасиетін дамыту.

    Екі бағыт – бір мақсат
    Академияға еліміздің түкпір-түкпірінен іріктелген 50 қатысушы шақырылады. Олар:

    Қазақ лигасы

    Ағылшын лигасы бойынша екі топқа бөлінеді.

    Қазақ лигасында – тәжірибелі бапкерлер мен беделді дебат чемпиондары дәрістер өткізіп, қатысушыларды логикалық ойлау мен риторика негіздеріне үйретеді.
    Ағылшын лигасында – шетелден арнайы шақырылған халықаралық тренерлер ағылшын тілінде пікірсайыс мәдениетін үйретіп, қатысушыларға әлемдік тәжірибемен танысуға жол ашады.

    Қалай қатысуға болады?
    8–24 сәуір аралығында үміткерлер тіркеу формасын толтырып, 600 таңбадан аспайтын мотивациялық хат жібереді.

    Іріктеу кезеңдері келесідей:

    25 сәуір – мотивациялық хаттар негізінде қатысушылар алдын ала таңдалады;

    28 сәуір – 2 мамыр – онлайн сұхбат кезеңі өтеді;

    5 мамыр – әр лига бойынша 25 үздік қатысушының есімі www.debateli.kz сайтында және @rumcdo_official Instagram парақшасында жарияланады.

    Академия – барлық жағдай жасалған орта
    Қатысу тегін. Ұйымдастырушылар қатысушыларды жатын орынмен және үш мезгіл тамақпен қамтамасыз етеді.

    Жол шығындары – қатысушыларды жіберуші тараптың есебінен қаралады.

    Болашақ көшбасшыларға арналған алаң
    «Debat Eli Academy» – бұл жай ғана пікірсайыс мектебі емес, жастардың әлеуетін ашатын шабыт алаңы. Мұнда қатысушылар тек білім мен тәжірибе алып қана қоймай, жаңа достар тауып, өмірлік маңызы бар дағдыларды меңгереді.

    Ақмола облысы Дебат Зеренді лига оқушылар пікірсайыс

    Оқылып жатыр

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Қарқара жайлауындағы Қымызмұрындық тойы ұлттық рухты көтеретін ұлы той

    27.06.2025

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.