Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу мен Алматы облысында мың шақырымнан астам жолға тексеру жасалады

    31.03.2026

    Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

    31.03.2026

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу мен Алматы облысында мың шақырымнан астам жолға тексеру жасалады

      31.03.2026

      Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

      31.03.2026

      Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

      30.03.2026

      Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

      30.03.2026

      Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

      30.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Дос-Мұқасан» солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты іс қозғалды

    «Дос-Мұқасан» солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты іс қозғалды

    Ел іші 18.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әйгілі «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі әрі солисі Мұрат Құсайыновқа қатысты іс қозғалды. Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі («Билік өкiлiн қорлау») бойынша айып тағылған, — деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

    Басты сот талқылауы 20 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы № 2 Есіл аудандық сотының ғимаратында өтеді деп жоспарланған.

    Бұған дейін «Эйр Астана» әртістің әуе компаниясы қызметкерін ұрғанын мәлімдеген еді. «Эйр Астананың» нұсқасы бойынша, 14 сәуірде Нұр-Сұлтан — Алматы бағытындағы КС 852 рейсіне отырғызу барысында Құсайынов дауыс көтере сөйлеп, балағат сөздер айтқан. Экипаж оны тасымалдаудан бас тартқан соң, ол әуе компаниясы қызметкерлерінің алдында жолаушыларға қызмет көрсету бойынша кезекшілік басшысының маңдайынан ұрған. Кейін әуе компаниясы әншінің үстінен Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөліміне арыз жазған.

    Осыған дейін, «Дос-Мұқасан» ансамблінің жетекшісі әрі солисі Мұрат Құсайынов Нұр-Сұлтан әуежайында болған оқиғаның өз нұсқасын айтты

    Өз кезегінде музыкант қызметші қызға қол көтермегенін айтады. Құсайыновтың сөзінше, әуе компаниясының қызметкерлері ұшаққа отырғызу алдында одан аяқ киімін шешуді талап еткен. Әнші бас тартқан соң, оны қызметкерлер рейске кіргізбеген. Құсайынов жауап ретінде қызға ұрысқанын ғана айтады.

    «Олар менен аяқ киімім мен белбеуімді шешуімді талап етті. Мен сканермен тексеруін сұрадым. Бірақ олардың мені қорлағысы келді. Бұл ойлары іске асты. Мен шешкен жоқпын. Сөйтіп жанжалдасып қалдық», — деді ол.

    «Олар мені өткізгісі келмеді, қызметші қыз алдыма тұрып алды. Мен шешпейтінімді айттым. Рас, оған ұрыстым, дөрекі сөйледім. Бар болғаны сол. Мені рейстен алып тастады, ұша алмай қалдым», — деді әртіс.

    Артынша «Эйр Астана» әуе компаниясы Құсайыновты жауапқа тартуды сұрап Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөліміне арыз жазған.

    «Менің шағымданбауым үшін «Эйр Астана» қызметкерлері бірінші болып бұл қадамға барып отыр. Бұл корпоративтік мүдде. Полиция бөлімінің қызметкерлері мені екі-үш сағат ұстады. «Мені қамаңдар» дедім. Бірақ олар қол қоюымды сұрады. Мен конституциялық құқығымды пайдаланып, ешқандай қол қоймайтынымды айттым. Сөйтіп, олар хаттама толтыра бастады. Мені қамағысы келді.  Олар «Жоқ, қамамймыз, бірақ сіздің үстіңізден арыз түсті» деп айтты», — деді музыкант.

    «Эйр Астана» келесі рейсте де Мұрат Құсайыновты алып кетуден бас тартқандықтан әнші 51 мың теңгеге билет сатып алып, басқа әуе компаниясымен ұшқан.

    «Басқа әуе компанияларымен ұшып жүрмін. «Өте беріңіз, аяқ киімді шешудің қажеті жоқ» деп айтады. Ал мұнда олар мені жеп қоя жаздады. Шешіңіз дейді. Естерінен адасқан ба? … Енді өздерін ақтау үшін қарымта шабуыл жасап отыр. Ешкім ешкімді ұрған жоқ, бәрін ойдан шығарған», — деді Құсайынов.

    Әртіс енді әуе компаниясының үстінен арыз жазбақ.

    «Эйр Астананы» сотқа беретін шығармын. Бұлай істеуге болмайды. Жолаушылар арасында екі куәгерім бар. Адвокат жалдап, істің ақ-қарасын ашамын. Егер олар арыздарын қайтарып алмаса, мен сотқа беремін», — деді ол.

    Оқылып жатыр

    Армысың, әз-Наурыз!

    27.03.2026

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу мен Алматы облысында мың шақырымнан астам жолға тексеру жасалады

    31.03.2026

    Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

    31.03.2026

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

    30.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.