Close Menu
    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 16 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

      14.05.2026

      Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

      14.05.2026

      Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

      14.05.2026

      Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

      14.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

    Сотта прокурор Жақсылық Омарға 6 жыл жаза сұрады

    Жаңалықтар 31.03.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Өскеменде бұрынғы қала әкімі, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің экс-орынбасары Жақсылық Омарға қатысты соттың екінші отырысы өтті, деп хабарлайдыTarazy.kz YK News басылымына сілтеме жасап.

    Сотта ол алаяқтық жасады және пара алды деген айыптар бойынша жауап беруде.

    Мемлекеттік айыптаушы соттан жаза тағайындау кезінде жеңілдететін жайттарды ескеруді сұрады. Атап айтқанда, айыпталушы бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған және жеті баланың әкесі. Ал ауырлататын мән-жай ретінде мемлекеттік қызметкер антын бұзғаны аталды.

    Прокурор Жақсылық Омарды 6 жылға бас бостандығынан айырып, мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеу құқығынан айыруды ұсынды.

    Ал жәбірленуші, керісінше, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

    Тергеу деректеріне сәйкес, іс екі эпизодтан тұрады.

    ФБРК дереккөзінің мәліметінше, бірінші эпизодта Жақсылық Омар қызметте жүрген кезінде материалдық көмек ретінде берілген көлікке қатысты жағдайға байланысты күдікке ілінген.

    «Жәбірленуші 2021 жылғы Toyota Camry 75 автокөлігін алғанын, кейін оны әкімдікке тапсырғанын айтқан. Алайда көлік кейін үшінші тұлғаға рәсімделіп, trade-in бағдарламасы арқылы жаңасына ауыстырылған», — дейді дереккөз.

    Келтірілген шығын шамамен 13 млн теңге деп бағаланған.

    Бұл әрекет ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі 1 және 2-тармақтары (ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша сараланған. Сотта жәбірленуші шығын толық өтелгенін айтып, талап-арызы жоқ екенін жеткізген.

    Екінші эпизодта экс-әкімге пара алу дерегі бойынша айып тағылған.

    Тергеу нұсқасы бойынша, ол әкімдік қызметкерінен 20 млн теңге талап еткен.

    «Бұл жағдайдан кейін қызметкер ҰҚК-ге (КНБ) жүгініп, арнайы бақылау ұйымдастырылған.
    Нәтижесінде, үшінші тұлға арқылы 6 млн теңге берілген. Кейін тінту барысында 5,6 млн теңге табылған», — деп толықтырды ФБРК телеграм арнасы.

    Бұл эпизод ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (пара алу) бойынша қаралуда.

    Шенеуніктің соттағы сөзі

    Жақсылық Омар сотта кінәсін толық мойындады.
    Қорғаушылары оны бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұраған.

    Сондай-ақ туыстары айыппұл төлеу үшін алдын ала 112 млн теңге көлемінде қаражат дайындағаны белгілі болды.

    жаза Жақсылық Омар прокурор сот

    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.