Close Menu
    Оқылып жатыр

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 1 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

      01.04.2026

      Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

      01.04.2026

      Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

      01.04.2026

      Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

      01.04.2026

      Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

      01.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Конституциядағы жаңа шектеулер: сөз бостандығына қауіп төнді ме?

    Конституциядағы жаңа шектеулер: сөз бостандығына қауіп төнді ме?

    Басты тақырып 30.01.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жақында Қазақстанның жаңа Конституциясына сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстар еркіндігін шектеуге қатысты ұсыныс айтылды. Аталған нормалар азаматтардың пікір білдіру құқығына елеулі әсер етуі мүмкін. Саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева мен журналист, ғалым Есенгүл Кәпқызының айтуларынша, ұсынылған өзгерістер демократиялық қағидаттарға қайшы әрі оның азаматтық қоғам үшін салдары ауыр болуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ұсынылған нормалар қоғам мүддесін шектейді — саясаттанушы

    Саясаттанушы Толғанай Үмбетәлиева Конституцияға енгізілмек өзгерістерді қоғам үшін қауіпті деп санайды.

    “Ұсыныстар қоғам мүддесіне мүлдем сәйкес келмейді. Бұл жерде түсініксіз нормалар көп”, – деп атап өтті Үмбетәлиева.

    Әсіресе, “ар-намыс пен қадір-қасиет” ұғымының кең әрі анықтамасыз қолданылуы алаңдаушылық тудырады дейді саясаттанушы.

    “Ар-намыс деген не? Бұл ұғымға өте кең мағына берілген. Мұндай жағдайда кез келген пікірді осы ұғымның ішіне кіргізіп жіберуге болады. Соның салдарынан журналистердің де, жалпы қоғамның да мүдделері шектеледі”, – дейді ол.

    Саясаттанушы бұл өзгерістер еркіндікті емес, керісінше жазалаушы және тәртіптік тетіктерді күшейтетінін айтты. Оның пайымдауынша, ұсыныстар 2022 жылы жарияланған демократиялық реформалар бағытына қайшы келеді.

    “Егер бұл өзгерістер қабылданса, Тоқаевтың саяси бағыты демократиядан алшақтап, авторитарлық, тіпті тоталитарлық режимге бет бұрғанын көрсетеді. Біз қазірдің өзінде авторитарлық жүйеде отырсақ, енді тоталитарлық жүйеге қарай қадам жасап жатқандаймыз”, – деді Үмбетәлиева.

    Ол ұсыныстардың басым бөлігі тоталитарлық режимдерге тән “тәртіп” пен “қауіпсіздік” ұғымдарына негізделгенін атап өтті.

    “Депутаттар айтып отырған бұл түсініктер – тоталитарлық жүйеге тән ұғымдар. Бұл қоғам үшін аса қауіпті. Мұндай нормалар біздің саяси дамуымызға өте үлкен зиян келтіреді. Мен аталған ұсыныстармен мүлдем келіспеймін. Бұл жерде халықтың, қоғамның, журналистердің мүддесін көріп тұрған жоқпын. Тек билікте отырған адамдардың өз мүдделерін, өз құқықтарын қорғап отырғанын ғана аңғаруға болады. Бұл – әлеуметтік теңсіздік пен әділетсіздіктің айқын көрінісі”,- деп қосты ол.

    Айтуынша, егер өзгерістер қабылданса, елдің саяси бағыты демократиядан алыстайды.

    “Біз тоталитарлық жүйеден авторитарлық жүйеге өттік, енді демократияға қарай жүреміз” деп Тоқаев уәде берген еді. Бірақ осындай ұсыныстар қабылданатын болса, онда “уәде” орындалмай жатыр деген сөз. Тоқаевтың өзі тоталитарлық жүйеден шыққан адам болғандықтан, сол жүйенің түсініктері оған жақын болып тұрғандай әсер қалдырады. Егер нормалар қабылданса, Тоқаев демократияға бет бұрған президент емес, керісінше авторитаризмнен тоталитаризмге қарай бағыт алған президент ретінде қабылданады”, — дейді ол.

    Сондай-ақ ол “ар-намыс пен қадір-қасиет” мәселесін заңмен емес, мәдениет пен этика арқылы реттеу қажет екенін алға тартты. Бұл ұғымдарға заң жүзінде нақты анықтама беру мүмкін емес, ал оларды Конституция деңгейінде бекіту негізгі заңды ұсақ мәселелермен толтыруға әкеледі дейді.

    “Конституция – ұсақ-түйек мәселелерді шешетін құрал болмауы керек. Мұнда мемлекеттің саяси және құқықтық негіздері, яғни іргелі қағидаттары ғана жазылуы тиіс. Ал біз керісінше, болмашы дүниелерді кіргізіп, Конституцияны қайта-қайта өзгерте береміз. “Ар-намыс пен қадір-қасиет” деген ұғымдар тек жекелеген депутаттардың немесе билік өкілдерінің мүддесін қорғауға арналмауы керек. Конституция бүкіл халықты, бүкіл қоғамды қорғауы тиіс. Сондықтан мен мұндай нормаларды Конституцияға енгізуге үзілді-кесілді қарсымын”, — деп түйіндеді ол.

    Конституцияға шектеу енгізу сөз еркіндігіне қауіпті — журналист

    Журналист әрі ғалым Есенгүл Кәпқызы да аталған ұсыныстарға алаңдаушылық білдірді. Оның айтуынша, Конституция адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын шектемей, керісінше оларды қорғауға бағытталуы тиіс.

    “Жалпы, Конституция адамның сөз бостандығына немесе басқа да құқықтарына шектеу қоймағаны абзал. Бұл жердегі “шектеу” деген сөздің өзі дұрыс емес”, – дейді ол.

    Кәпқызы Конституцияда сөз бостандығына кепілдік берілгенімен, іс жүзінде оны шектейтін заңдардың онсыз да көп екенін атап өтті.

    “Бізде сөз бостандығын шектейтін заңдар жетерлік. Мәселен, қазақ тілінде сөйлеуді талап етемін деген адамды төрт жылға соттап жіберді. Ал енді сол шектеулерді Конституцияның өзіне енгізсек, онсыз да халық сенімінен айырылған ақпарат құралдары мүлде демала алмай қалатын секілді”, – дейді журналист.

    Оның айтуынша, бұл өзгерістер тек медианың ғана емес, тұтас азаматтық қоғамның пікір білдіру еркіндігіне нұқсан келтіреді. Есенгүл Кәпқызы шенеуніктердің ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау сылтауымен журналистерді сотқа жиі бергенін де еске салды.

    “Енді оған қоғамның құндылықтар жүйесі деген тіркес қосылмақшы. Қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесі дегеніміз не? Оған қай жерде, қандай анықтама берілген? Адамдар қандай кезде ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келді деп есептейді. Бұған нақты критерий қойылмаған”, – дейді ол.

    Журналистің пікірінше, мұндай белгісіз тұжырымдар кез келген билікке ұнамайтын пікірді шектеуге жол ашуы мүмкін. Сондай-ақ халықаралық адам құқықтары стандарттарына да қайшы келеді.

    “Заңда мұндай ұғымдар нақты әрі объективті түрде анықталуы керек. Әйтпесе, олар сын мен оппозициялық пікірлерді негізсіз шектеу үшін пайдаланылуы мүмкін”, – деді Кәпқызы.

    Сонымен қатар ол бейбіт шерулерге қойылатын шектеулердің де қауіпті екеніне назар аударды.

    “Халықаралық тәжірибеде наразылық акциялары көбіне дәл осы “қауіпсіздік” пен “құндылықтар” деген негіздерге қарсы бағытталады. Мұндай шектеулер пропорционалды болмауы мүмкін. Бұл – бейбіт жиналыстар құқығын шектеуге алып келетін өте қауіпті ұсыныс”, – деп түйіндеді ол.

    Бұған дейін

    Еске салайық, жақында Конституциялық кеңестің екінші отырысында Қазақстанның жаңа Конституциясында сөз бостандығы мен бейбіт жиналыстар еркіндігін шектеуге қатысты ұсыныс айтылды.

    Конституциялық реформа аясында ұсынылған түзетулерді Мәжіліс депутаты Снежана Имашева таныстырды. Оның айтуынша, Конституцияға қосымша шектеулер енгізу көзделіп отыр.

    «Қосымша конституциялық шектеу енгізіледі. Сөз бостандығы өзге адамдардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне, қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесіне және қоғамдық тәртіпке нұқсан келтірмеуі тиіс. Сондай-ақ зорлық-зомбылықты, соғысты және алауыздықты насихаттау мен оған арандатуға тыйым салу тізімі кеңейтіледі. Цензураға тыйым салу дербес конституциялық кепілдік ретінде сақталады», – деді депутат.

    Сонымен қатар бейбіт митингілерді ұйымдастырудан бас тартуға негіз болатын себептердің тізімін кеңейту мәселесі де қарастырылып жатыр.

    «Азаматтардың бейбіт жиналыстарға құқығы туралы бапқа нақтылаулар ұсынылады. Бұл құқықты заңмен шектеуге болатын негіздер кеңейтіледі. Мақсаттар тізіміне конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қоғамның рухани-адамгершілік құндылықтар жүйесін сақтау енгізіледі», – деді Имашева.

    Депутаттың пікірінше, бұл өзгерістер бейбіт жиналыс бостандығын қоғамдық және мемлекеттік мүдделермен теңестіру кезінде құқықтық айқындықты күшейтуге бағытталған.

    Сондай-ақ Конституция нормаларын нақтылау арқылы адамның қадір-қасиетімен қатар, оның ар-намысы, яғни жақсы аты мен қоғамдық беделін қорғау да көзделіп отыр.

    «Заңмен қорғалады» деген сөздердің қосылуы бұл норманы практикалық деңгейге шығарады. Бұл жай ғана қағида емес, мемлекеттің адамды, оның қадір-қасиеті мен ар-намысын тиімді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тікелей міндеті», – деп түйіндеді депутат.

    Конституция өзгеріс сарапшы

    Оқылып жатыр

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Жетісу мен Алматы облысында мың шақырымнан астам жолға тексеру жасалады

    31.03.2026

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Зейнетақы жинағындағы қаржы 26.8 тлрн теңгеге жетті

    01.04.2026

    Air Astana компаниясын 21 жыл басқарған Фостер қызметтен кетті

    01.04.2026

    Алматы полициясы Әділетхан Молдаханды 10 тәулікке қамады

    01.04.2026

    Қырғызстанда Тәшиевтің туған бауыры тұтқындалды

    01.04.2026

    Жүсіпбек Қорғасбек роман жазып 15 млн жеңіп алды

    01.04.2026

    Қазақстанда өмір сүруге қанша ақша қажет?

    01.04.2026

    Қазақстанда алғаш рет студенттердің AI жобаларына арналған республикалық конкурс ұйымдастырылды

    01.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.