Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең жоғары жалақылар мен ең сұранысқа ие мамандықтарды жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz
Enbek.kz электронды еңбек биржасының мәліметінше, қараша айында жұмыс берушілер ең жоғары еңбекақыны төмендегі лауазымдарға ұсынған:
бас құрылысшы – 640 мың теңгеден бастап;
өндірістік учаскенің бастығы – 595 мың теңгеден бастап;
авиациялық диспетчер – 568 мың теңгеден бастап.
«Ең жоғары жалақыны ұшқыштар алады — орта есеппен 1,9 миллион теңге. Сонымен қатар, коммерциялық ұйымдардағы IT-бөлім басшылары мен бас геологтар да шамамен 1,2 миллион теңге көлемінде еңбекақы ала алады», – деп мәлімдеді министрлік.
Қараша айындағы ең сұранысқа ие мамандықтар:
мейірбике / мейіргер – 1,9 мың бос жұмыс орны;
санитарлар – 1,8 мың;
тәрбиеші – 1,5 мың;
автокөлік жүргізушісі – 1,5 мың.
