Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Жұма, 16 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шуда жылына 150 мың тонна қант шығаратын зауыт құрылысы басталмақ

    Шуда жылына 150 мың тонна қант шығаратын зауыт құрылысы басталмақ

    Өңір тынысы 30.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапарымен барды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Сапарбаев барған алғашқы нысан 505 гектар аумақты алып жатқан «Тараз» химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағы болды. АЭА тікелей инвестицияларды тарту, 16 жоғары технологиялық химия өндірісін ашу мақсатында құрылған. Жоба құны – 37,2 миллиард теңге.

    Қазіргі уақытта мұнда бір ғана зауыт, яғни тек  1,7 миллиард теңгенің өнімін өндірген «ХИМ-плюс»  ЖШС жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек жалпы сомасы 631,9 миллиард теңге болатын тағы алты жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

    Бұл бойынша Бердібек Мәшбекұлы былай деді: «АЭА құрылғаннан бастап жеті жыл ішінде бір ғана өндіріс іске қосылған! Сіздер менің тарапымнан шешілуі керек мәселелердің тізімін алға тартып отырсыздар, алайда  өз міндеттеріңізді ойдағыдай атқарып отырған жоқсыздар. Алдымен қандай да бір нәтиже көрсетіңіздер, содан кейін ғана көмек сұрауға болады».

    АЭА аумағында құны 99 миллиард теңге болатын, жылына 150 мың тонна қант шығаратын қант зауытының құрылысы басталмақ. Бұл өз кезегінде еліміз бойынша қант сұранысының үштен бірін өтеуге қауқарлы. Алайда, инвесторларға жылына бір миллион тоннаға жуық қызылша қажет, сонда алынатын өнім көлемі  120 мың тоннадан асатын болады. Осы орайда K-Agro компаниясы Тасөткел магистральды каналына ілінген 5000 гектар суармалы жерді бөлуді сұрайды. Сонымен қатар, инвестор каналды сенімгерлікпен басқаруға алуға қатысты ұсынысын жеткізді.

    Облыс әкімі бұл ретте оның зардабын төменде орналасқан басқа шаруа қожалықтары тартпау керектігін ескеріп, ұсыныс бойынша  мұқият, жан-жақты талдау қажеттігін тілге тиек етті.  Оған қоса Тасөткел су қоймасының жағдайына қатысты да туындап отырған мәселелер жоқ емес. 620 миллион текше метрге шақталған қойма бүгінде тек  500 миллион текше метр су жинауға қауқарлы.

    – Бізге суды жинап, оны нағыз суаратын кезде пайдалануды үйрену керек. Бірақ қазір екі мыңға жуық текше метр ылғал бостан-босқа Мойынқұм құмдарына сіңіп жатыр. Сондықтан біз үш жаңа су қоймасының құрылысы мәселесін шешпекпіз, – деді облыс әкімі.

    Жалпы «Тасөткел»  қоймасынан  93 шаруашылық каналдарына су жеткізетін үш магистралдық каналына тіршілік нәрі жіберіледі. Өткен жылы шаруа қожалықтарының қажеттілігіне 108 миллион текше метр су берілген.

    «Ішкі шаруашылық каналдарының тозуы салдарынан ағын су 11 мың гектар жердегі шаруа қожалықтары мен елді мекендерге тиісті көлемде жетпей отыр. Ауыспалы егіс алқаптарының болмауынан суармалы жерлер уақыт өте құрғап, өнімділік төмендейді, нәтижесінде облысты өзінің көкөністерімен және өзге де өнімдерімен қамту мүмкіндігіне кері әсер етеді.

    Мұның бәрі де «Тасөткел» су қоймасының өзінің жобалық сыйымдылығына дейін арттыруға сеп болатын қайта жаңғыртудың екінші кезеңін бастауға түрткі болды. Бұл жағдайда Шу ауданындағы суармалы егістік көлемі қазіргі 27 500 гектардан 36 500 гектарға дейін ұлғайтылады. Әрине, ирригациялық желілерді қайта қалпына келтіру керек», — делінген Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

    Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы Шу ауданы

    Оқылып жатыр

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025

    Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

    01.03.2025

    Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

    25.02.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.