Атырау маңынан Жангелдин ауылында жоғалған отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды,деп хабарлайды Tarazy.kz «Ulysmedia«-ға сілтеме жасап.
Дереккөздің мәліметінше, Атырау қаласының маңындағы Геолог шағын ауданындағы уақытша тұрғын үйдің ауласынан Наурыз бен Мирамгүлдің денелері табылған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оларды өлтіріп, уақытша үйдің ауласына жасырын түрде көміп кеткен. Бұрын бұл жерде күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев жұбайымен бірге тұрған.
Еске салайық, бұған дейін Жангелдин ауылындағы шаруашылық құрылысының ішінен осы отбасының ерлі-зайыптыларының мәйіттері табылған болатын. Алдын ала болжам бойынша, оларды да Сәрсемәлиев өлтірген.
Қылмысты жасыру үшін сарай ауласынан шамамен бір жарым метр тереңдікте шұңқыр қазылып, мәйіттер сонда көмілген. Кейін үстіне топырақ төгіліп, линолеум жабылып, диван қойылған.
Осылайша қазіргі уақытта жоғалған отбасының барлық мүшелерінің мәйіттері табылғаны хабарланып отыр.
Аталған дерек бойынша тергеу жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары қылмыстың басқа да мән-жайын анықтап жатыр.
Еске салайық, Атырау облысында қаза тапқан ерлі-зайыптының өлімі бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Қазақстанға жеткізілгенінжазған болатынбыз. Бұған дейін олар Индонезияда ұсталған болатын.
