Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда білім мекемелері бейнебақылаумен толықтай қамтамасыз етілген

    Таразда білім мекемелері бейнебақылаумен толықтай қамтамасыз етілген

    Өңір тынысы 13.08.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында көрсетілген нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер қол жеткізу бағытында қаланың білім беру саласында бірқатар жұмыстар жүргізілуде.

    Қалада 60 мектеп, 1 кешкі мектеп, 45 бөбекжай-бақша, 3 қосымша білім беру ұйымы және 2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, барлығы 111 мекеме жұмыс атқарып жатыр.
    Инклюзивті білім беруге жағдай жасалып, психологиялық-педагогикалық түзету, кеңес беруге арналған кабинеттер саны ашылуда. №32 орта мектеп жанынан «Болашақ» корпоративтік қоры тарапынан демеушілік жасалынып ашылған инклюзияны қолдау кабинеті аутистік белгісі бар балаларға көмек көрсетететін инклюзияны қолдау кабинеті, №20 орта мектеп жанынан «ДАРА» қайырымдылық қорының демеушілігімен №2 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті ашылып, жалпы 361 балаға көмек көрсетілуде.
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жалпы жобалық сыйымдылығы – 20956 орын. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткіші – 79,9 %, 3-6 жастағы балалардың барлығы (100%) мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылған. Мектепке дейінгі білім мекемелерінің желісін кеңейту мақсатында 2020 жылға 1665 орын ашу жоспарланып, ағымдағы жылдың 6 айында 214 пайдалануға берілді.
    Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық жағдайы жылдан-жылға жақсарып, сапалы білім беру мүмкіндігі кеңеюде.
    Ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен бөлінген қаражатқа 14 мектеп пен 13 бөбекжай-бақшада, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 6 мектепте (№5,8,10,23,25,39) жөндеу жұмыстары атқарылды.
    2 мектепте (№№17,20 ОМ) күрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Мектептердегі орын тапшылығын азайту мақсатында «Шалғай Қарасу» алқабынан — 600, №22 орта мектеп жанынан — 600, №4 орта мектеп ғимараты орнынан — 180 орынды, №2 орта мектеп ғимараты орнынан 300 орынды жаңа мектептер мен Ә.Бөкейханов атындағы №1 гимназия жанынан 300 орынды жапсарлас ғимараттың құрылыстары жүргізілуде.
    26 мектепте ішкі және сыртқы, 27 мектепте тек ішкі әжетхана бар. Әжетханалары сыртта орналасқан 7 мектептің бесеуінде (№№11,27,56 ОМ, №58 БМ) әжетханалар ғимарат ішіне орналастырылды, бір мектепте (№17 ОМ) күрделі жөндеу, бір мектепте жаңа құрылыс (№22 ОМ) арқылы қарастырылып отыр. №6 орта мектепке қосымша екі бөлмеге ішкі әжетхана орнатылды.

         Білім мекемелері бейнебақылаумен 100% қамтамасыз етілген. Ағымдағы жылы 23 мектепке қосымша бейнебақылау орнатуға қаражат қарастырылды.
    Мектептерде 116 модификациялы кабинет, 31 мектепте (51%) робототехника, 5 мектепте ІТ кабинеті,  6 мектепке «Қауіпсіз мектеп» жобасы бойынша қондырғылар орнатылған. Ағымдағы жылы 6 мектепке  2 физика, 2 биология, 2 химия кабинеттері жабдықталатын болады.   
    Балаларға арналған білім берудің барлық деңгейлерінде сапалы инклюзивті білім алуға жағдай жасалған. 60 мектептің 55-де инклюзивті оқытуға жағдай жасалған. Ағымдағы жылы 4 (№31,52,58,59) мектептің пандустарына ағымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 12 мектепте психикалық дамуы тежелген балаларға арналған түзету сыныптары бар. 4 мектепке (№№46,55,32,25) дефектолог маманының шаттық бірлігі беріліп, арнайы мамандардың қызметі көрсетіледі. 

    Жалпыға міндетті білім беру қоры есебінен аз қамтамасыз етілген отбасының 17888 баласына мектеп формалары, оқу құралдары, қыс маусымына арналған киімдер алынып берілуде.
    Мектептен тыс білім мекемелеріндегі қосымша қосымша біліммен қамту үлесі 30%-ды құрайды. Мектептен тыс спорт мектептеріндегі секцияларға 7277 оқушы қамтылған.
    «Жас қыран» қозғалысына қатысатын 1-4 сынып оқушыларының үлесі – 62%, «Жас Ұлан» қозғалысына қатысатын 5-10 сынып оқушыларының үлесі – 66% құрап отыр.
    Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі артып келеді. Білім сапасы 70,54 % өсіп, 70 оқушы «Алтын белгі», 41 оқушы «Үздік аттестат», 301 оқушы негізгі орта білім туралы үздік аттестат иегері болды.
    Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жұмыс жасайтын педагогтар саны – 2585, оның ішінде «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бар қызметкерлер саны – 758, үлесі -48,2 пайызды құрады.
    Орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалпы санындағы педагог-шебер, педагог-зерттеуші, педагог-сарапшы және педагог-модератор біліктілік деңгейі бар педагогтердің үлесі – 48,6%.
    Бағдарламаны іске асыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табатын болады.
    Уалихан Байдуанов,
    Тараз қаласы
    әкімдігінің білім бөлімінің
    басшысының міндетін атқарушы

    білім Тараз

    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

    03.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.