Close Menu
    Оқылып жатыр

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 21 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Абай университеті Наурыз тойын тойлады

      20.03.2026

      Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

      20.03.2026

      Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

      19.03.2026

      Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

      19.03.2026

      Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

      19.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Үкіметтің ұсынысы: 10 тамыз — «Абай күні»…

    Үкіметтің ұсынысы: 10 тамыз — «Абай күні»…

    Ел іші 27.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Үкімет 10 тамызды «Абай күні» деп белгілеп, ресми мерекелер қатырына енгізбек. Бұл туралы ресми құжат «Ашық Үкімет» порталында жарияланды, — деп хабарлайды Abai.kz.

    Премьер-министр Асқар Маминнің арнайы қаулысы қоғамдық талқылауға ұсынылған. Қаулы мәтіні кеше, 26 маусым күні жарияланған. Қоғамдық талқылау 13 шілдеде аяқталады деп көрсетілген.

    «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына толықтыру енгізу туралы құжатта:

    «Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы  № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53,  343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін.

    Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

    «22-1. Абай күні – 10 тамыз»», — деп жазылған.

    Айта кетейік, биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы. Ұлы ақынның мерейтойын ұйымдастыру жөнінде арнайы мемлекеттік комиссия құрылған. Оған Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев жетекшілік етеді.

    Жоғарыдағы «Ашық Үкімет» порталында «Абай күнін» белгілеу туралы Үкімет басшысының қаулысымен қатар, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешевтің «салыстырмалы кестесі» де жарияланыпты. Онда:

    «Жоба «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е. Көшербаевтің 2020 жылғы  21 мамырдағы № 20-1074-1 тапсырмасын орындау үшін әзірленді», — деп жазылған.

    Президент пәрмен беріп, биыл Абай мерейтойы ел аумағында аталып өтілетінін жоғарыда айттық. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі республика көлемінде ұзын-ырғасы 500-ге жуық іс-шара ұйымдастырылатынын айтқан. Ол үшін бюджеттен қаржы қарастырылып, Қырымбек Көшбербаев басшылық ететін арнайы комиссия іс-шаралар жоспарын да бекіткен.

    Содан кейін өңірлерде бірлі-жарым мәдени іс-шаралар өткізіле бастады. Абайдың есімі көшелер мен мектептерге берілді.

    Бұл ұсыныстар ҚР Президентіне, ҚР Үкіметіне қатара айтылғанымен, қазірге дейін Ақорда мен астана жақтан ресми пікір айтылған жоқ. Десе де, кеше Үкімет басшысы қаулы шығарып, «Абай күнін» белгілеуді ұсыныпты. Қоғамдық талқыға салыпты. Ендеше бірге талқылайық…

    Абай Абай Құнанбаев

    Оқылып жатыр

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Мұнай қымбаттаса да жанармай бағасы өзгермейді — министр

    12.03.2026

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Абай университеті Наурыз тойын тойлады

    20.03.2026

    Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

    20.03.2026

    Абай облысында шахтада апат болып, бір адам қаза тапты

    19.03.2026

    Brent мұнайының бағасы барреліне 112 доллардан асты

    19.03.2026

    Халық табысының басым бөлігіне азық-түлік сатып алады

    19.03.2026

    Қырғызстан Тәшиевті тергеуді бастады

    19.03.2026

    Алматыда 800 млн теңгенің заңсыз шығыны өз уақытында тоқтады

    19.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.