Close Menu
    Оқылып жатыр

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026

    Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

    07/10/2026

    Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

    07/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 7 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

      07/10/2026

      Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

      07/10/2026

      Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

      07/10/2026

      ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

      06/10/2026

      Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

      06/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » UNESCO 2020 жылды Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арнады

    UNESCO 2020 жылды Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арнады

    Мәдениет 02/05/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі бөлімі, «ЮНЕСКО» 2020 жылды Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына арнайтын болды. Бұл хабарды Халықаралық түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі жеткізді.

    «UNESCO-дан сүйінші хабар: Келесі 2020 жыл түгел түркінің абызы Тоныкөк бабамыздың жазба ескерткішінің 1300 жылдығына арналады. Құтты болсын!»,-деп жазды Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook-парақшасында.

    Мәдени мұралар — ұлт игілігі

    Орхон-Енисей жазбасы — Орхон және Енисей өзен бойларында табылған көне түркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілісі – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар.

    Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғаны белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» сөзі «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым Вильгельм Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы Василий Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.

    Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер – елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады.

    «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін.

    Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ел қамын ойлаған ақылгөй, дана Тоныкөк Елтеріс қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Түрік қағанатына төрт жағынан жау төнгенде, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. «Тоныкөк» жырының авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген  болжам бар.

    Руна жазуындағы бұл жәдігерлер поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп танылды.

    Оқылып жатыр

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14/07/2026

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19/05/2026

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    18/05/2026

    Төрт мыңға жуық кітапхана, 10 000-нан аса қызметкер: Бүгін — Ұлттық кітап күні

    23/04/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Құрылтай депутаты көмек сұраған Ресейдегі қазақстандықтар туралы айтты

    07/10/2026

    Қазақстан құрамасы электриктер мен жиһаз жасаушыларды жеңе алмады

    07/10/2026

    Еліміз Ресейден жыл сайын 300 мың тонна авиаотын тасымалдайды

    07/10/2026

    ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

    06/10/2026

    Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

    06/10/2026

    Жол сапасындағы түйткіл: материалдардың 32%-ы талапқа сәйкес келмеген

    05/10/2026

    Азиада нәтижесі: Спорт сарапшысы шолу жасады

    05/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.