М. 2025 жылы желтоқсанда Сарыкемер — Түймекент — Ақшолақ тасжолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, «Сергек» камерасына қасақана зақым келтірген. Соның салдарынан «І.» ЖШС-ға материалдық шығын келген.
Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген залал ішінара өтелгенін айтқан. Десе де жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін мәлімдеген.
Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.
