Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алтын өссе, доллар құлай ма? Сарапшы жауап берді

    21.01.2026

    Мүше болу үшін 1 млрд доллар қажет ететін Бейбітшілік кеңесіне 10-нан аса ел қызығушылық танытты

    21.01.2026

    Шымкентте жол апатынан кейінгі төбелес адам өлімімен аяқталды

    21.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Мүше болу үшін 1 млрд доллар қажет ететін Бейбітшілік кеңесіне 10-нан аса ел қызығушылық танытты

      21.01.2026

      Шымкентте жол апатынан кейінгі төбелес адам өлімімен аяқталды

      21.01.2026

      Қазақстандағы жол тораптары: өңірлерді байланыстыратын стратегиялық бағыттар

      20.01.2026

      Павлодарда ҚТЖ басшылары 7 жылға сотталды

      20.01.2026

      Жамбыл облысында ер адам «Сергекке» оқ атқан

      20.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Шымкентте жол апатынан кейінгі төбелес адам өлімімен аяқталды

      21.01.2026

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    Ел іші 04.06.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Астана қаласында Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясы ынтымақтастық туралы уағдаластыққа қол қойды.

    Меморандумның басты мақсаты — қазақ халқының ұлттық интеллектуалды спорты болып табылатын тоғызқұмалақты жан-жақты дамыту, оның тарихи-мәдени құндылығын насихаттау, кадрлық әлеуетті күшейту және спорттық білім мен ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты кеңейту.

    Құжатқа Академия ректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қуангалиева Тұрсынзада Қуанғалиқызы және Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының президенті Байменов Әлихан Мухамедияұлы қол қойды.

    Келісім аясында тараптар келесі бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істейді:
    • тоғызқұмалақ спорты бойынша кадрлар даярлау және резерв қалыптастыру;
    • кәсіби білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
    • бірлескен ғылыми, әдістемелік және білім беру жобаларын іске асыру;
    • волонтерлік қозғалысты дамыту және спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу;
    • спорттық білім беру саласында инновацияларды енгізу.

    Серіктестік шеңберінде Академияда тоғызқұмалақпен байланысты мамандықтар бойынша жаңа білім беру бағдарламалары қолдау табады. Атап айтқанда, жаттықтырушылық қызмет, спорттық оңалту, үстел спорт түрлері бойынша педагог-жаттықтырушы (шахмат), спорттық менеджмент және бейімдік дене тәрбиесі бағыттары ерекше назарға алынған.

    Қол қою рәсіміне Академия басшылығы мен құрылымдық бөлімшелердің өкілдері қатысты:
    • Касенов Ханат Нұрбикұлы – Академиялық қызмет жөніндегі проректор, PhD, профессор
    • Азербаев Дәулет Нұрболатұлы – Спорттық білім беру және коучинг департаментінің директоры

    Бұл ынтымақтастық – тоғызқұмалақтың халықаралық деңгейдегі дамуына, ғылыми зерттеулердің тереңдеуіне және отандық спорт кадрларының кәсіби біліктілігінің артуына жол ашады.

    Алихан Байменов меморандум Тоғызқұмалақ тоғызқұмалақ федерациясы ұлттық спорт

    Оқылып жатыр

    Мүше болу үшін 1 млрд доллар қажет ететін Бейбітшілік кеңесіне 10-нан аса ел қызығушылық танытты

    21.01.2026

    Шымкентте жол апатынан кейінгі төбелес адам өлімімен аяқталды

    21.01.2026

    Қазақстандағы жол тораптары: өңірлерді байланыстыратын стратегиялық бағыттар

    20.01.2026

    Павлодарда ҚТЖ басшылары 7 жылға сотталды

    20.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алтын өссе, доллар құлай ма? Сарапшы жауап берді

    21.01.2026

    Мүше болу үшін 1 млрд доллар қажет ететін Бейбітшілік кеңесіне 10-нан аса ел қызығушылық танытты

    21.01.2026

    Шымкентте жол апатынан кейінгі төбелес адам өлімімен аяқталды

    21.01.2026

    Қазақстандағы жол тораптары: өңірлерді байланыстыратын стратегиялық бағыттар

    20.01.2026

    Павлодарда ҚТЖ басшылары 7 жылға сотталды

    20.01.2026

    Жамбыл облысында ер адам «Сергекке» оқ атқан

    20.01.2026

    Молдова ТМД-дан шығу рәсімін ресми түрде бастады

    20.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.