Close Menu
    Оқылып жатыр

    «Қазақстандық банк арқылы көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 трлн теңге аударылған» — Тоқаев

    28.01.2026

    Өнерге адалдық — өмірлік таңдау

    28.01.2026

    Депутат Тоқаевтың қайта сайлануына қатысты болжамдарға жауап берді

    28.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 29 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев қамауға алынбайтын болды

      28.01.2026

      Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

      27.01.2026

      Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

      27.01.2026

      Серік Сәпиев төбелестің артында «жасырын ықпал» барын айтты

      26.01.2026

      «4,5 млрд теңге залал»: ҰҚК медицина саласындағы ірі заңбұзушылықты әшкереледі

      26.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

      27.01.2026

      Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

      26.01.2026

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026

      Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

      24.01.2026

      Ғылым ордасы мен Ұлттық кітапхана ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

      22.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыс бойынша 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыс бойынша 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген

    Өңір тынысы 30.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Осыдан бір ай бұрын өткен аппараттық кеңесте аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев облыс орталығы мен аудандардың әкімдеріне «Жұмыспен қамтудың жол картасының» орындалуын бақылауды, азық-түлік бағасын қадағалауды және коронавирустың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырған болатын. Облыс әкімдігінде селектрлік режимде өткен басқосуда аталған тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.

    Тараз қаласы мен аудандарда тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтауын қадағалау жұмыстары әлі де әлсіз күйінде қалып отыр. Күн сайын коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны артуда. 29 маусымдағы жағдай бойынша Жамбыл облысында 693 оқиға тіркелген десек, олардың басым бөлігі Тараз қаласы, Байзақ, Жамбыл, Қордай аудандарынан анықталған. Облыс әкімі бұл орайда нысандардың жұмысын тұрақты түрде қадағалауға негізделген мобильді топтардың қызметіне көп нәрсе байланысты екендігін еске салды.

    Сондай-ақ, басқосудың күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, облыс аудандарында жаңа жұмыс орындарын құру ойдағыдай орындалып жатқандығы айтылды. Бүгінде Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бойынша жоспарланған барлық жобаларды іске асыру шаралары басталып үлгерген. Дегенмен Жамбыл, Жуалы, Меркі, Шу, Т.Рысқұлов аудандарында 10 жоба бойынша әлі жұмыстар басталмаған. Ал, Тараз қаласы бір ай бұрынғы көрсеткіштегідей әлі де көш соңында. Мұнда жоспарланған 389 жобаның 136-сы қолға алынбаған.

    Айта кету керек, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында облыс бойынша 19 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу көзделген.

    — «Жұмыспен қамтудың жол картасы» әлеуметтік нысандарды жөндеу және салу, инженерлік және көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және елді мекендерді абаттандыру бойынша 800-ден астам инфрақұрылымдық жобаларды қамтиды. Мемлекеттік бағдарлама инфрақұрылымды жақсартуға және халықты жұмыспен қамтуға мүмкіндік беруде. Бұл мүмкіндіктерді барынша пайдалану керек. Аудан және Тараз қаласының әкімдері тұрақты жұмыс орындарын құру және жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуын әрдайым бақылауда ұстауы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Жиында облыс әкімі жергілікті атқарушы органдардың азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөніндегі жұмыстарына көңілі толмайтындығын жеткізді. Барлық аудандарда және Таразда нан, жұмыртқа, пастерленген сүт, қарақұмық және картоп құны қымбаттаған десек, Жамбыл ауданында азық-түлік тауарларының 19 түрінің 10-ы бойынша бағалардың өсіміне жол берілген.

    — Жамбыл облысы аграрлы аймақ болып қала бермек. Ауыл шаруашылығының дамуы экономика үшін маңызды. Бізде өзімізді өз азық-түлігімізбен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жеткілікті. Тек аудандарда бұл жұмыс тиісті деңгейде ұйымдастырылмаған. Көршілес аймақтармен азық-түлік қауіпсіздігі саласында ынтымақтастық жолға қойылмаған, — деді облыс басшысы.

    Сондай-ақ, селекторлық кеңесте экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекованың ағымдағы жылдың қаңтар — маусым айларындағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері туралы және қаржы басқармасының басшысы Роза Исаеваның бюджеттік қаражаттың игерілу туралы баяндамалары тыңдалды.

    Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Жорабек Баубеков «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының іске асырылу барысы жайлы қысқаша тоқталып өтті.

    Кеңесті қорытындылай келе, Бердібек Сапарбаев жауапты ведомстволардың алдында экономиканың барлық салаларында өсімді қамтамасыз ету міндеті тұрғанын баса айтты.

    Жамбыл облысы жұмыспен қамту

    Оқылып жатыр

    Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

    27.01.2026

    Жамбыл облысындағы жол апаты: Шавкат Рахмоновтың әйелі 10 жылға дейін сотталуы мүмкін

    27.01.2026

    Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

    26.01.2026

    Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

    24.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    «Қазақстандық банк арқылы көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 трлн теңге аударылған» — Тоқаев

    28.01.2026

    Өнерге адалдық — өмірлік таңдау

    28.01.2026

    Депутат Тоқаевтың қайта сайлануына қатысты болжамдарға жауап берді

    28.01.2026

    «Ұрлаған ақшаны қайтартады, түрмеге жабады» – Әбенов жеке мектептер туралы

    28.01.2026

    ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев қамауға алынбайтын болды

    28.01.2026

    Сәпиев пен орынбасары арасындағы төбелес: желіде тексеру нәтижесі тарап кетті

    28.01.2026

    Әскердегі адам өлімінен кейін министр шұғыл шаралар қабылдады

    28.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.