Джастин Бибер Голливуд жұлдызын жекпе-жекке шақырды

0

Әнші Джастин Бибер голливуд жұлдызы Том Крузды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы ол 10 маусымда Twitter желісіндегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Бибер Крузды октагонға шақырды. «Том, егер сен менің ұсынысымды қабыл алмаса – онда қорыққаныңды дәлелдейсің және бұдан ешуақытта құтыла алмайсың», – деп жазды әнші.

Әнші UFC президенті Дана Уайтқа осы жекпе-жекті ұйымдастыруды ұсынды. Алайда Бибердің жазбасына ирландиялық файтер Конор МакГрегор назар аударып, осы жекпе-жекті ұйымдастыруға қуана келісетінін жеткізді.

«Егер Том Круз нағыз ер болса, онда осы ұсынысты қабылдауы тиіс. McGregor Sports and Entertainment барлығын ұйымдастырады. Круз фильмде төбелескендей шынайы өмірде істей ала ма?», – деп жазды МакГрегор. Келесі жазбасында ол актер Марк Уолбергті жекпе-жекке шақырды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.