Сатып алушылар киімге таласып, төбелес шығарды

0

Қытайлық шопоголиктер жапондық Uniqlo брендінің жаңа коллекциясы үшін жаппай төбелес шығарды, – деп хабарлайды «Лента.ру».  Төбелестің видеосы RT порталының Twitter желісіндегі парақшасында жарияланды.

Роликте сатып алушылар дүкен есіктері толық ашылмастан баса көктеп кіріп жатқаны, бір-бірінің қолынан киімдерді жұлып әкетіп жатқаны және манекеннен киімді шешіп жатқаны түсірілген.

Желі пайдаланушылары Uniqlo лимиттелген коллекциясына қытайлық тұтынушылардың реакциясын таң қалдырды. «Зомби-апокалипсиске ұқсайды», – деді бір пікір қалдырушы. «Бұл барып тұрған надандық. Тіпті Үндістанның өзінде бұл жерге қарағанда жақсырақ», – деді тағы бір коментатор. Алайда пайдаланушылар арасында қытайлықтарды қорғаушылар да табылды. «Содан кейін олар бұл заттарды он есе қымбат сатады. Сондықтан олар есінен адасқандай кейіп танытады. Мен де осылай жасаймын», – деп жауап берді сатып алушыларды ақтаған пәкір қалдырушы.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.