300 мың теңгелік шағын грант алу үшін не істеу керек?

0

Волонтерлік қызметті дамыту азаматтық қоғамның қалыптасуына ықпал ететін үлкен күш. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді, әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге көмектеседі.

Қазақ халқының «Асарының» бүгінгі жалғасы, мұқтаж жандарға жәрдемдесу, қоғамды жақсартуға арналған сан жолдарды пайдала отырып, өз көзқарасын жеткізу жолы. Бүгінгі күні елімізде үлкен қалалар мен ауылдарды есептегенде 200-ден астам волонтерлік ұйымдар бар.

Бүгінгі күні волонтерлік бағыттары кеңіп, түрлі сала мамандарын біріктіретін бұл ұғым өмір сүру стиліне айналып үлгерді. Жас ұлан ұйымы өз бастауын алған кезден бастап, жастар мен жасөспірімдерге осы моральдік қағиданы ұстап, қоғам игілігіне қызмет көрсетуді дәріптеп келеді. Қызметтік жолында түрлі волонтерлік шаралар мен жобалар ұйымдастырып, тіпті мультфильм мен ертегі шығарып та үлгерді.

Биылғы жылы Жас ұлан ұйымы тағы да бір үлкен жобаны жүзеге асыруда. Ол ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен және «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ бірлескен «Birgemiz: Bilim» жалпыұлттық жобасы.

Жоба құндылығы еліміз бойынша білім саласының волонтерлеріне ортақ алаң құру, ортақ жұмыс ұйымдастыру, әр өңірге әсіресе ауылдық мекендерге волонтерлік көмек көрсету.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, 2000 волонтерді арнайы оқытудан өткізіп, біліктіліктерін арттыру және осы біліктіліктерімен халықтың түрлі топтары үшін цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық саласында оқыту іс-шараларын, шеберлік сыныптарын, семинар-тренингтер өткізу.

Заман ағымына сәйкес бұл бағыттар үлкен сұранысқа ие және жіті меңгеруді талап етеді. Жоба аясында кемінде 5000 адамға волонтерлік көмек көрсету жоспарлануда.

Волонтерлер үшін бұл өз біліктіліктерін арттырумен қатар, білім беру бағытындағы ойларын, жаңа бағыттарды талқылау мен жүзеге асыру бойынша үлкен платформа.

Жоғарыда аталған бағыттар бойынша маман болсаңыз, Сізді осы жоба алаңының мүшесі атануға шақырамыз.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.