Алматыда митинг кезінде күш қолдануға үндегендер ұсталды

0

Алматы полициясы митинг кезінде күш қолдануға шақырғандардарды ұстады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, ұсталғандардың ішінде 34 жастағы дәрігер бар, Алматы облысының тұрғыны екен. Ол танымал мессенджер арқылы қоғамды тәртіптсіздік жасап, полиция қызметкерлеріне қатысты күш қолдануға шақырады.

«Пышақ, темір алып шығайық та, ұстап әкетіп жатқан полицейлерді пышақтайық, басын жарайық», – дейді ер адам аудиода. Тағы бірі «бір-екі полицейдің басын кесіп тастау керек бауыздап», – дейді аудиодағы дауыс.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Кейін олардың өз қатесін түсініп, кешірім сұраған видеосы жарияланды.

«Қазақстандықтарға айтарым, мұндай интернеттегі айдап салушыларға ермеу керек: бізде бәрі бар, жұмыс, ақша, тамақ. Қазақстандықтардан ата-бабамыз қалдырып кеткен бостандық пен бірлікті бағаламағаным үшін кешірім сұраймын. Жастар қателесті. Біз әлемге елімізді бұлай жаман қылып көрсетуден аулақ болуымыз керек», – дейді ұсталғандардың бірі.

Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды, қазір соталды тергеу жүріп жатыр. Олардың әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 3-бөлігі бойынша қаралады – Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру. Бұл бап бойынша жаза үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға дейін барады.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.