Тоқаев әкімдерді қайта тағайындады

0

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс және қала әкімдерін қайта тағайндады, – деп хабарлайды Ақорда сайты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 4-тармағына сәйкес қаулы етті:

Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбек –  Алматы қаласының әкімі;

Ғабидолла Рахметоллаұлы Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі;

Ермек Боранбайұлы Маржықпаев –  Ақмола облысының әкімі;

Оңдасын Сейілұлы Оразалин  –  Ақтөбе облысының әкімі;

Амандық Ғаббасұлы Баталов  –  Алматы облысының әкімі;

Нұрлан Асқарұлы Ноғаев  –  Атырау облысының әкімі;

Асқар Исабекұлы Мырзахметов  –  Жамбыл облысының әкімі;

Ерлан Жақанұлы Қошанов  –  Қарағанды облысының әкімі;

Архимед Бегежанұлы Мұхамбетов  –  Қостанай облысының әкімі;

Қырымбек Елеуұлы Көшербаев  –  Қызылорда облысының әкімі;

Болат Жұмабекұлы Бақауов  –  Павлодар облысының әкімі;

Құмар Іргебайұлы Ақсақалов  –  Солтүстік Қазақстан облысының әкімі;

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев  –  Түркістан облысының әкімі;

Даниал Кенжетайұлы Ахметов  –  Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Айта кетейік, Алтай Көлгінов Нұр-Сұлтан қаласының әкімі болып тағайындалды. БҚО әкімі болып Ғали Есқалиев тағайындалды, ал Серікбай Трұмов Маңғыстау облысының әкімі қызметіне тағайындалды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.