Тексерушілерді күтіп алып, шығарып салуды тоқтату керек – Нұрлан Еркебаев

0

Тексерушілерді күтіп алып, шығарып салуды тоқтату керек. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбсары Нұрлан Еркебаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews”.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттiк қызметшілерге қызметтiк iс-сапарларға баруға арналған шығыстары өтеледi. Оның ішінде, iс-сапарда болған уақытына тәулік ақысы, межелі жерге жету және кері қайту, жүріп-тұру, тұрғын үй-жай жалдау шығыстары мемлекет есебінен төленеді.

Бұл ретте, заңнамада бекітілмеген мемлекеттік қызметшілерге іс-сапар шығыстарын өтеу, оларға арнап дастархан жаю немесе көңіл көтеру шараларын ұйымдастыру сыбайлас жемқорлық тәуекелдері ретінде бағаланатындығын ескертілді.

“Іс-сапарда жүрген лауазымды тұлғалар өзінің мінез-құлқымен және сыртқы келбетімен азаматтар мен басқа мемлекеттік қызметшілер үшін үлгі болуға тиіс. Сыйлықтар алуға, жол жүру билеттерін, қонақ үйде тұруын төлеуге, дастархан басындағы отырыстарға қатысуға, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді ішуге жол берілмейді”, — деді ол.

Департамент тарапынан мемлекеттік органдардың басшыларына, әсіресе бақылау функциялар атқаратын қызметшілерге, ресми сайттар мен әлеуметтік желілерде тексеру мақсатымен іс-сапарға шыққан қызметкерлердің суретімен ақпараты жариялануы қажеттілігі туралы тиісті хат жолданды. Онда тексеруге барған мемлекеттік қызметшінің тарапынан әдеп нормалары сақталмаған жағдайда қай нөмерге хабарласуға болатындығын көрсету қажет.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.