Арыстық балалар Жамбыл облысында демалады

0

Арыс балалары Жамбыл облысында демалады. Бұл жөнінде Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов айтты, – деп жазады baq.kz.

– Біз бүгінгі күні Жамбыл ауданындағы «Болашақ» жазғы сауықтыру лагеріне жүз баланы және Жуалы ауданындағы «Тау самалы» лагеріне он баланы қабылдадық. Тағы айта кетерлігі, Арыстағы оқиғадан кейін бірден Таразға келген тұрғындардың қатарында 12 бала бар. Олар да лагерьлерде демалады. Яғни, біздің облыста барлығы Арыстан келген 122 бала жазғы демалысын өткізеді», – деді Асқар Мырзахметов.

Жамбыл облысы Білім басқармасының мәліметінше, аймақтың сауықтыру лагерьлері Арыстағы төтенше жағдайдан зардап шеккен 200 баланы қабылдауға дайын. Бұған қоса, балалар қажетті заттармен қамтамасыз етіледі.

Еске салсақ, 24 маусым күні таңертең Шымкент қаласынан 97 км жердегі Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында өрт шықты. Өрттің соңы жарылысқа ұласты. Түркістан облысының әкімі төтенше жағдай жариялап, қаладан 45 мың адам эвакуацияланды.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.